Суреттер сыры

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың ұлттық ойындары

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Оқушыларға қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет беру.
  • Тақырып бойынша білімдерін жүйелеу, пысықтау және тиянақтау.
  • Грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.
  • Пәнге қызығушылығын арттыру.

2) Дамытушылық

  • Ойлау, есте сақтау және көру қабілеттерін дамыту.
  • Ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру.
  • Мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру.
  • Ой-өрісін кеңейту.

3) Тәрбиелік

  • Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
  • Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі:
Аралас сабақ
Сабақтың типі:
Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі:
Интерактивті оқыту, сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Суреттер
  • Грамматикалық ойындар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Психологиялық дайындық: ой тастау арқылы назарды бір ортаға шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

  • 4-тапсырма.
  • «Мен қонаққа барғанда…» (эссе).

III. Жаңа сабаққа дайындық

Ой-қозғау: интерактивті тақтадан қазақтың ұлттық ойындарына қатысты суреттер көрсетіледі. Оқушылар қандай ойын түрлерін танығанын айтып шығады.

Жаңа сабақ: Қазақтың ұлттық ойындары

Ойындардың жіктелуі

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректік, ептілік және икемділікті қажет ететін, сондай-ақ соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Негізгі ойын түрлерінің өзі жүзден асады.

Өлең мен эстетикалық әсер

Бұл ойындардың көбінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ықыласын оятады, көңілін көтереді, дүниетанымын кеңейтеді, еңбекке баулиды және шынықтырады.

Тарихы мен шығу тегі

Ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындардың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. I мыңжылдықта-ақ қалыптаса бастаған.

Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық сияқты ойындар Азия елдеріндегі тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кең тараған.

Ұлттық ойындардың негізгі шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылығымен тығыз байланысты. Ойындардың көпшілігі мал шаруашылығына, аңшылыққа және жаугершілік кезеңдердегі тәжірибеге негізделген.

Сөздікпен жұмыс

Қызық

интересное

Жігіт

парень

Қуады

догоняют

Жету керек

должен догнать

Сүйеді

целует

Соғады

будет бить

Тапсырмалар

1-тапсырма: «Қыз қуу»

Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі ең қызық ойындардың бірі — қыз қуу. Қыз бен жігіт атқа мініп, бірін-бірі қуады. Қалған адамдар тамашалап тұрады.

Олар белгілі бір қашықтыққа шабады. Жігіт қызға жетуі керек. Егер жігіт қызға жетсе, қызды сүйеді. Ал жігіт қызға жете алмаса, қыз жігітті қамшымен ұрады.

2-тапсырма: Грамматикалық талдау

  • Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, септік жалғауларын ажыратыңдар.
  • Үшінші сөйлемді көшіріп жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.

3-тапсырма: Бос орындарды толықтыру

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар:

Ақсүй...к ас...қ алтыба...ан тоғызқ...малақ көкп...р жасы...ынбақ қ...з қуу тең...е алу

Сергіту сәті

«Сақина тастау» ойыны

Айтылған буынға келесі буынды жалғау керек. Мысалы: «Май», «Біл».

«Суреттер сыры»

Суретке қарап, ойын түрлерін ажыратып, аттарын атап шығады.

Қорытынды

  • Сабақты қорытындылау.
  • Оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы

  • 4-тапсырма: сөйлем талдау.
  • Қазақтың ұлттық ойындары туралы жазып келу.