Жарық түнде жайлауда Әбділда Тәжібаев кім

Сабақтың тақырыбы

Әбділда Тәжібаев — «Жарық түнде жайлауда».

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы терең мағлұмат беру.
  • Өлеңді түсініп оқу, мазмұнын ашу.
  • Жайлау туралы білімін кеңейту.

Тәрбиелілік

  • Зеректікке баулу.
  • Салт-дәстүрді таныта отырып, салауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

  • Ойлау қабілеті мен ой-өрісін кеңейту.
  • Тілін дамыту.
  • Шығармашылық және танымдық белсенділігін арттыру.

Сабақ түрі

Аралас сабақ (музыка, бейнелеу өнері элементтері).

Сабақ әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Суретті-түсіндірмелі әдіс
  • Ой қозғау
  • Шығармашылық әдіс

Көрнекіліктер

Суреттер Слайдтар Тірек-сызба Ә. Тәжібаевтың суреті Сөзжұмбақ Кесте

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Оқу құралдарын түгендеу.

II. Үй тапсырмасы

1) «Білімге құштарлық». Ә. Кекілбай — «Тасбақаның шөбі».

Сұрақ-жауап

  1. Ә. Кекілбай кім?
  2. Жазушы «кісі мінсе — кібіртік, бос жіберсең — суаяқ құла» деп нені меңзейді?
  3. Қарабала келе жатып нені көрді?
  4. Оның есіне халықтың қандай ырымы түсті?
  5. Тасбақаның аузына шөп тістеп алғанын көрдің бе?
  6. «Шыбын жаны көзіне көріну» дегенді қалай түсінесің?

2) «Ойлы бала озар»: мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қою.

3) «Жүзден жүйрік»: сәйкестендіру жұмысы (ырымдар және олардың мәні).

Ырым Мағынасы
Ұртын не тілін тістеп алса Ойшыл болады.
Адамның оң және сол көзі тартса Оң көзі тартса — қуанады, сол көзі тартса — ренжиді.
Сәби етпетінен жатса Сол адамның үйіне ашыққан адам келеді.
Баланы сыпырғышпен ұрса Сол бала жаманшылыққа ұшырайды.

III. Жаңа сабақ

Тақырып: Әбділда Тәжібаев — «Жарық түнде жайлауда».

Негізгі сұрақ

Әбділда Тәжібаев кім?

Жұмыс кезеңдері

  1. Өлеңді мәнерлеп, жатқа оқу.
  2. Өлең мазмұнын түсіндіру.
  3. Өлеңді іштей және тізбектей оқыту.
  4. Сөздік жұмысы.

4. «Сыр сандық»: сөздік жұмысы

Жайлау
Жазда жайлайтын, биік таудағы немесе шүйгін шөпті жазықтағы мал жайылымы.
Алтыбақан
Қазақтың ұлттық ойыны, әткеншек.
Серік
Сапарға бірге шығатын не бірге жұмыс істейтін, тағдыры ортақ адам.
Мекені
Қонысы, тұратын жері.
Қотаны
Мал түнейтін орын, қора.
Жотаны
Биік жер, төбе.
Жазық
Кедір-бұдырсыз, тегіс жер.
Тербетіп
Тербеліп тұратын, қозғалмалы күйге келтіру.
Жаңғыртады
Дауыс пен үннің күмбірлеп, қайта естілуі.
Дірілдетеді
Қозғалысқа келтіреді, қимылдатады.
Әлпештеген
Мәпелеп өсірген, қамқорлық жасаған.
Толғау
Жырау мен ақынның белгілі оқиғаға не адамға арнап төгілтіп айтқан жыры.
Думан
Ойын-сауық, қызыққа толы думанды жиын.
Күйсеп
Малдың жеген жемін қайта шайнап, бойына сіңіруі.
Жусап
Малдың бір мезгіл тыныстап, күйіс қайтарып, тынығуы.

IV. Сабақты бекіту

5. «Сен білесің бе?» стратегиясы

«Бүтінді бөлшектеу, бөлшекті бүтіндеу» тәсілі арқылы негізгі ұғымдарды жүйелеу:

  • Табиғат

    Жарық түн, жазық дала, ай астындағы кеңдік.

  • Демалыс

    Алтыбақан тебу, ән мен өлең тыңдау, толқынды жыр толғау.

  • Құбылыстар

    Жаңғырық, таудың дірілдеуі.

  • Жайлаудағы тіршілік

    Жусап жатқан жүйрік, күйсеп жатқан қой.

Сергіту сәті

Қысқа сергіту жаттығулары арқылы зейінді жаңғырту, сабақтың келесі бөлігіне белсенді кірісу.

6. «Тапқыр болсаң — талас жоқ»: сөзжұмбақ

ж а й л а у
  1. ... түнде, жазық дала, жайлауда — жалықпаймыз атқанша.
  2. ... сайрауға.
  3. ..., ... астында.
  4. ... тербеліп.
  5. Үйренгенбіз толқынды жыр ... ға.

Ескерту: тапсырма өлең жолдарын еске түсіріп, бос орындарды толықтыруға бағытталған.

7. «Үйренгенім көп менің»: шығармашылық жұмыс

«Музарт» тобының «Үшқоңыр» әнін тыңдап, жайлау тақырыбын шығармашылықпен ашу:

1-топ

Жайлау көрінісі бойынша сурет салу.

2-топ

Жайлау тақырыбына шағын шығарма жазу.

3-топ

Жайлау тақырыбына өлең шығару.

V. Үйге тапсырма

«Жарық түнде жайлауда» өлеңін жатқа айту.

VI. Бағалау

Оқушылардың жұмысына кері байланыс беру және жетістіктерін атап өту.