Жүйелеу және жинақтау
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
Шешендік сөздер
Сабақтың типі
Білім мен іс-әрекет тәсілдерін жинақтау және жүйелеу.
Сабақтың түрі
БжС технологиясы. Ауызша сабақ — 3 карта.
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың алған білімдері мен іс-әрекеттерін жалпылау.
- Оқу материалының мазмұнын талдау.
- Әңгімедегі ең маңызды ойды бөліп алу, жинақтау және жүйелеу.
- Топтық жұмысты ұйымдастыру және коммуникациялық дағдыларды дамыту.
Сабақ барысы
Әр кезеңде уақыт алғашқы топтың тапсырманы аяқтауына қарай белгіленеді.
1-кезең. Ұйымдастыру
Топтық жұмысқа кіріспеСыныпты үштіктен алты топқа бөлу.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.
Рөлдер
- ДОС — демеуші
- Орындаушы
- Сыншы
2-кезең. Оқу материалының мазмұнын талдау
Тірек сөздермен жұмысТірек сөздер бойынша 21 кілтті сөзді табу.
Мысалдар
1
мақал — ағын — сәлем
2
сырлы — асқар — жұмбақ
3
авторлы — жақсы — жаман
4
көркем — ғалым — тұлпар
5
уақиғалар — алаш — дауласу
6
хан — ағайынды — куә
7
билер — толғау — билік
3-кезең. Ең маңыздыны бөліп алу
Сұрақтар арқылы ойлануЖетелеуші сұрақ үлгілері
-
1) Ауыз әдебиетінің жалғасы неге шешендік сөздер деп есептеледі?
-
2) Шешендік өнер қалай дамыды?
-
3) Неліктен шешендік сөздер халыққа үлгілі ойлар мен тұжырымдар ретінде кең тарады?
-
4) Төле би не себепті Қазыбек биді «ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым» деп бағалады?
-
5) Екі әйел не себепті Қаз дауысты Қазыбек биге келіп жүгінді?
-
6) Ел неге «жетім» болады?
4-кезең. Жүйелеу және жинақтау
Қорытынды пікірӘр кезеңнің қорытындысы бойынша сыншылар пікір білдіреді, негізгі ойлар жинақталып, ортақ тұжырым жасалады.
5-кезең. Пәнішілік және пәнаралық байланыс
Идеялар жарысыТөле бидің жұмбағын сіздер қалай шешер едіңіздер?
Осы тапсырманың балама нұсқасын ұсыныңыз.
Ереже
Әрбір үштікке 3 рет жауап беруге мүмкіндік беріледі.
6-кезең. Рефлексия
Нәтижені бағалауЕң қызықты және ерекше жауаптар ерекше атап өтіледі. Оқушылар қысқаша пікір алмасып, сабақтан алған әсері мен түсінігін қорытындылайды.