Әнді әуенге қосылып айтып үйрену

Сабақтың тақырыбы

Ақ бұлақ

Сабақтың мақсаты

Музыканың кәусар бұлақтай мөлдір болатынын, адам оның нәрін алып, рухани қуаттанатынын түсіндіру. Ән дыбыстарының бұлақ суындай таза, шынайы орындалуына назар аударту.

Сабақтың әдістері

  • Дауыс ашу
  • Ән айту
  • Музыка тыңдау
  • Әңгімелеу
  • Сұрақ–жауап

Көрнекіліктер

Б. Тәжібаевтің портреті, слайдтар, сөзжұмбақ, табиғат көріністері бейнеленген суреттер.

Сабақтың міндеттері

Білімділік

Ән мазмұнына сай дыбысты таза, мәнерлі әрі шынайы орындауды меңгерту.

Дамытушылық

Ән мен сөз мағынасын байланыстыра айтып, ойды дәл жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

Өнерге қызығушылықты арттыру, туған жер табиғатын қадірлеуге және мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг: өлеңді екпіндетіп, мақалдап айту.

Өлең айтып, күй тыңдап, Өнермен өссін санамыз. Оқу оқып, сусындап, Білімнен бақыт табамыз.

II. Жаңа сабақ: «Ақ бұлақ»

Ой ашу: сөзжұмбақ

«Бұлақ» тақырыбын ашу үшін сөзжұмбақ шешіледі:

  1. 1 Суда тіршілік етеді — балық.
  2. 2 Құстың тұрағы — ұя.
  3. 3 Ешкінің төлі — лақ.
  4. 4 Таудың аты — Алатау.
  5. 5 Түс — қара.

Дыбыс арқылы таныстыру

Үнтаспадан судың сылдырын тыңдату.

Сұрақ: «Бұл ненің дыбысы? Қалай естіледі?»
Жауап: «Судың сылдырлап аққан дыбысы».

Бұлақ туралы қысқаша түсінік беріледі, табиғат көріністері көрсетіледі (слайд).

Әнге кіріспе

Осындай әсем көрініс жерлес ақын әрі сазгер Бәкір Тәжібаевтың «Ақ бұлақ» әнінде көрініс тапқан. Өлең жолдарындағы «ақ бұлақ» бейнесінің қайталанып келуі табиғат пен әуеннің үндестігін айқындайды.

III. Бәкір Тәжібаев туралы

Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев (15.05.1926, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ақбұлақ ауылы — 08.11.1994, Алматы) — ақын, драматург, әнші, сазгер.

Білімі мен қызметі

  • Алматы көркемсурет-театр училищесін бітірген (1950).
  • 1950–1958: Жамбыл, Шымкент облыстық драма театрларында актер.
  • 1958–1974: Қазақ опера және балет театрында бөлім меңгерушісі.
  • Алматы облысы халық шығармашылығы үйінің директоры.
  • Қазақ театр қоғамында кеңесші-әдіскер.
  • 1974 жылдан бастап шығармашылық жұмыста.

Шығармашылығы

  • Алғашқы шығармалары 1956 жылы жарияланған.
  • «Қара торғай» жинағы (1967) — новеллалар топтамасы.
  • Пьесалары: «Сал сері – Қыз қосан» (1956), «Ана жүрегі» (1960), «Қарагөз қарындасым» (1962, Ж. Жұмақановпен бірге), «Ақтау әні» (1970).
  • «Қамар сұлу» операсы (музыкасы — Е. Рахмадиев, 1963) либреттосының авторы.
  • 150-ден астам әннің авторы.
  • «Жас дәурен», «Ақбұлақ», «Әппағым-ау, әппағым», «Гүлсің-ау» сияқты әндері шетелдегі қазақтар арасында кең тараған.
  • Көптеген әндері автордың орындауында күйтабаққа жазылған.

IV. Ән үйрену: «Ақ бұлақ»

«Ақ бұлақ» (сөзі мен әні — Б. Тәжібаев) әнін үйрену кезеңдері:

  1. 1 Дауысқа жаттығу жасау.
  2. 2 Әннің музыкалық сипатына назар аудару.
  3. 3 Ән мазмұнын ашу, негізгі ойды анықтау.
  4. 4 Әуенге қосылып орындап үйрену.
  5. 5 Интонациялық ерекшеліктерін ескеріп, таза айту.

V. Музыка тыңдау

Иллюстрациялар

Шулы және музыкалық дыбыстарға арналған иллюстрацияларды тыңдау.

Шығармалар

  • Құрманғазы — «Алатау» күйі (табиғат көріністерін елестету).
  • Б. Тәжібаев — «Туған жер» әні (оқушылар орындайды).

Сергіту сәті: жұмбақ

Еш тесікте тұрмайды, Ол жоқта жер құрғайды. Туған жердің белбеуі, Шұбатылып қалыпты. Керемет-ау кернеуі, Тасты тесіп жарыпты. Сынаптай жылтырап, Биіктен сырғиды, Ән салып былдырлап, Іздейді ылдиды.

VI. Домбыра ойнау

«Еркем-ай» әнін ырғаққа салып, домбырамен орындап үйрену.

VII. Сабақты қорытындылау

Мақалдың мәні

«Сулы жер — нулы жер» мақалының мағынасын ашу: су бар жерде тіршілік бар, жер жайқалып өсіп-өнеді.

Талдау сұрақтары

  • Бұлақ суы қандай болады?
  • Бұлақтың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?
  • «Бұлақ суы» тақырыбы бойынша сызбаны толтыру.

VIII. Бағалау

Оқушылардың ән айтудағы тазалығы, мәтінді түсініп орындауы, белсенділігі және тыңдау мәдениеті бойынша бағалау жүргізіледі.

IX. Үй тапсырмасы

  • «Ақ бұлақ» әнінің сөзін жаттау.
  • «Ақ бұлақ» сөзіне сөзжұмбақ немесе ребус құрастыру.