Тіктөртбұрыштың периметрін табу үшін, оның ұзындығы мен енін қосып
Сабақтың тақырыбы
Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері (4-сынып математика).
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері туралы білім мен дағдыларды кеңейту.
- Аудан, периметр, көлем ұғымдарын еске түсіріп, есептеу білігін бекіту.
- Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық
- Геометриялық фигураларға қатысты логикалық есептер шығарту арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
- Ұлттық ойындар арқылы ұлттық дәстүрді оқушы бойына сіңіру.
- Наурыз мейрамы арқылы салт-дәстүрдің тәрбиелік мәнін түсіндіру.
Көрнекіліктер мен ресурстар
- Графопроектор арқылы көрсетілетін слайдтар.
- Үлестірме қима қағаздар.
- Жетондар.
- Тымақ, таяқ, кесте.
Сабақтың әдістері
- а Ақпараттық технологияны пайдалану (графопроектор).
- ә СТО технологиясы (Қазақстан–Сорос).
- б Халықтық педагогика элементтері.
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ.
Сабақтың құрылымы
-
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, танысу.
- Оқу құралдарын түгендеу.
-
2) Психологиялық дайындық
Ғылымның сырын ұғына,
Шығамыз биік шыңына.
Тапқырлық пен зеректік
Жеткізеді біздерді
Математика сырына.
-
3) Үй жұмысын тексеру
№3, 78-бет (ауызша тексеру).
Қызығушылықты ояту
Көктем және Наурыз туралы қысқаша әңгіме жүргізіледі. Ұлттық дәстүрдің бір бөлігі саналатын ұлттық ойындар еске түсіріліп, бүгінгі сабақта тапсырмалар сол ойындармен байланыстырылып орындалады. Ойын шарты бойынша оқушылар математикадан алған білімдерін көрсетеді.
Топқа бөлу (слайд арқылы)
Слайдтан геометриялық фигураларды атап, сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Сұрақ
Қай геометриялық фигураның периметрін анықтауға болмайды?
Сұрақ
Қарама-қарсы қабырғалары тең болатын геометриялық фигура қалай аталады?
Сұрақ
Радиусы мен диаметрі болатын геометриялық фигура қалай аталады?
№1 тапсырманы орындап, топқа бөлініп, сабақтың тақырыбын анықтаймыз.
Мағынаны тану: «Арқан тартыс»
Слайдтан ойынның суреті көрсетіледі және қысқаша түсінік беріледі. №2 тапсырмада сөйлемдерді аяқтаймыз.
- а) Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін, ...
- ә) Бөлменің көлемін табу үшін оның ауданын биіктігіне көбейтіп, ... анықтаймыз.
- б) Тіктөртбұрыштың периметрін табу үшін, оның ұзындығы мен енін қосып, ...
- в) Геометриялық фигураның периметрі дегеніміз — ... қосындысы.
Сайыс бөлімдері (ұлттық ойындар арқылы)
Әр ойын белгілі бір математикалық дағдыны бекітуге бағытталған: өлшем бірліктерін түрлендіру, кестемен жұмыс, формуланы қолдану, жазбаша және ауызша есептеу.
«Бәйге» (өлшем бірліктерін түрлендіру)
Слайд арқылы тапсырмалар беріледі. Бұл жарыста жылдам әрі дәл орындаған топ алға шығады.
I топ
- 8 м2 = ... дм2
- 5 дм2 = ... см2
- 40 м2 = ... дм2
- 105 дм2 = ... м2 ... дм2
- 9860 см2 = ... дм2 ... см2
II топ
- 2 м2 = ... см2
- 1768 см2 = ... дм2 ... см2
- 1000 дм2 = ... м2
III топ
- 850 см2 = ... дм2 ... см2
Үлестірме қағаздармен жұмыс жүргізіліп, жауаптар слайд арқылы тексеріледі.
«Көкпар» (кестемен жұмыс)
Қай топ тапсырманы тез әрі дұрыс орындаса, «көкпар» сол топқа бұйырады. №4 тапсырмада тіктөртбұрыштың ұзындығы, ені, периметрі мен ауданын кесте арқылы толықтырамыз.
I топ
| Көрсеткіш | 1-нұсқа | 2-нұсқа |
|---|---|---|
| Ұзындығы | 80 см | 25 см |
| Ені | 4 см | 5 см |
| Периметрі | 168 см | 60 см |
| Ауданы | 320 см2 | 125 см2 |
II топ
| Көрсеткіш | 1-нұсқа | 2-нұсқа |
|---|---|---|
| Ұзындығы | 17 см | 15 м |
| Ені | 10 см | 5 м |
| Периметрі | 54 см | 40 м |
| Ауданы | 170 см2 | 75 м2 |
III топ
| Көрсеткіш | 1-нұсқа | 2-нұсқа |
|---|---|---|
| Ұзындығы | 15 мм | 20 см |
| Ені | 12 мм | 3 см |
| Периметрі | 54 мм | 46 см |
| Ауданы | 180 мм2 | 60 см2 |
Жауаптар слайд арқылы тексеріліп, формулалармен түсіндіріледі.
Сергіту сәті
- «Тымақ ұру» ойыны.
- «Ақсүйек» ойыны (слайд арқылы қысқаша түсінік).
Дәптермен жұмыс: №5
а) Әр топтың ұлдары, ә) әр топтың қыздары орындайды. Есептер тақтада шығарылады.
а) Есептің шешуі
24 : 3 = 8 (см) — ені
(24 + 8) × 2 = 64 см — P
64 : 4 = 16 см
Жауабы: шаршының қабырғасы 16 см.
ә) Есептің шешуі
20 × 12 = 240 (см2) — S
12 : 3 = 4 (см)
240 : 4 = 60 (см)
Жауабы: екінші тіктөртбұрыштың ұзындығы 60 см.
«Лақша секіру» (қолданбалы есептер)
Слайд арқылы қысқаша түсінік беріледі: тапсырманы орындаған сайын «лақша секіріп», келесі кезеңге өтеміз.
№6 тапсырма
а)
8 : 4 = 2 (см)
4 × 2 + 2 × 2 = 12 (м) — осынша таспа қажет.
ә)
3 × 2 = 6 м2 = 600 дм2 — еденнің ауданы
5 × 5 = 25 дм2 — қыш тақтаның ауданы
600 : 25 = 24 (дана) — қыш тақта қажет.
б)
9 × 32 × 16 = 3648 — алаңның ауданы.
«Жылдырт-жылдырт» (көлемді табу)
№7 тапсырма: жазбаша және ауызша есептеу.
а) Жазбаша
- V = 12 × 3 × 18
- V = 2 × 4 × 5
- V = 9 × 13 × 1
ә) Ауызша
Мұғалімнің жетекшілігімен жылдам жауап беру.
Ой қорыту
Не білемін?
Алдыңғы білімді еске түсіру: периметр, аудан, көлем, өлшем бірліктері.
Не үйрендім?
Формулаларды қолдану, түрлендіру, кестемен жұмыс және топтық жарыста дәлдік пен жылдамдық.
Үйренгім келеді
Геометрияға қатысты күрделірек логикалық есептерді шешу жолдарын меңгеру.
Үй тапсырмасы
№8, 80–81-беттер.
Бағалау
Әр кезең бойынша жауаптың дұрыстығы, есептеудің нақтылығы, топтық жұмысқа қатысуы және уақытты тиімді пайдалануы ескеріледі.