Жұмбақ сурет сайысы
Сайыстың тақырыбы, мақсаты және ұйымдастыруы
Тақырыбы
«Информатика және өмір»
Мақсаты
Сыныптан тыс жұмыстың бір түрі ретінде танымдық-ойын кешін өткізу арқылы оқушылардың білімін тереңдету, қызығушылығын арттыру және командалық әрекетті дамыту.
Көрнекілігі мен әдісі
- Көрнекілігі: плакаттар, компьютер, парақшалар, сөзжұмбақ.
- Әдісі: сайыс-сабақ.
Кештің барысы
-
I
Таныстыру рәсімі
Командалар танысады, эмблемаларын таныстырады.
-
II
«Кім шапшаң?»
Жедел сұрақ-жауап арқылы білімді сынау.
-
III
«Жұмбақ сурет»
Сурет арқылы компьютер құрылғыларын танып, қызметін түсіндіру.
-
IV
Құрастыру сайысы
Берілген тапсырма бойынша құрастыру дағдысын көрсету.
-
V
Тәжірибелік жұмыс
Практикалық тапсырмалар арқылы шеберлікті бағалау.
-
VI
Сөзжұмбақ шешу
Терминдер мен ұғымдарды бекітуге арналған кезең.
-
VII
«Мен айтар едім» (ойшылдар сайысы)
Ой қорыту, пікір айту, дәлелдеу мәдениетін дамыту.
-
VIII
Өнер көрсету
Сайыскерлердің өнерін тамашалау бөлімі.
-
IX
Қорытынды
Қазылар алқасының бағалауы, жеңімпаздарды марапаттау.
Жүргізушілер сөзі
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен шулап жатыр жалғасып.
Бір-бірімен тулап жатыр арбасып,
Ол толқындар арпалысып алға шық.
Өмір деген мәңгі гүлдер жататын,
Құшақтарлықтың толғағы мен көктемі, —
деп Айбергенов жырлағандай, өмірдің өзі — сайыс.
Бүгін информатика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынасуға келіп отыр. Ортаға жарысушы топтардың тапқырларын шақырамыз.
Мінекей, залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың жаңасы,
Дегенмен бала-данасы.
Информатика тойында
Жарысымызды бастаймыз.
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! 7-сынып оқушыларының қатысуымен өтетін «Информатика және өмір» атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Командалардың сәлемдесуі
- «Монитор» тобының сәлемдесуі.
- «Принтер» тобының сәлемдесуі.
- Қазылар алқасынан сәлемдесу және эмблема таныстыру сайысына баға беру сұралады.
II кезең: «Кім шапшаң?»
Күнделікті іс-әрекетіміз білімге, оқуға, үйренуге бағытталған. Алайда біліммен қатар шапшаңдық та аса қажет. Келесі кезең — «Кім шапшаң?».
Шарт
Қоржындағы кубикте сауал берілген. Екі команда кезекпен сұраққа дұрыс жауап айтуы керек.
Сауалнамалар
-
1) Компьютердің негізгі бөліктеріне жатпайтын құрылғы:
- а) пернетақта
- ә) тышқан
- б) жүйелік блок
-
2) Компьютер неше негізгі бөліктен тұрады?
- а) бір
- ә) екі
- б) үш
-
3) Ақпараттың өлшем бірлігі:
- а) м, см
- ә) мин, сек
- б) бит, байт
-
4) Кейіннен «дербес компьютер» деп аталған компьютерлерді шығарған фирма:
- а) Microsoft
- ә) IBM
- б) Pentium
-
5) ЭЕМ алғаш пайда болған жыл:
- а) 1847
- ә) 1930
- б) 1946
-
6) Арнайы пернелерге жатпайтын перне:
- а) Enter
- ә) IBM
- б) Alt
-
7) «Ақпарат» сөзі қандай мағына береді?
- а) баяндау, түсіндіру
- ә) көрсету, түсінік
- б) беру, баяндау
-
8) XVII ғасырда сандарды қосатын механикалық құрылғыны ойлап тапқан:
- а) С. А. Лебедев
- ә) Б. Паскаль
- б) Атанасов
-
9) 1981 жылы IBM компаниясы не ойлап тапты?
- а) компьютер
- ә) механикалық құрылғы
- б) дербес компьютер
Қазылар алқасынан «Кім шапшаң?» сайысына баға беруіңізді сұраймыз.
Әуенді үзіліс
Ән: Асанның орындауында «Ауылым».
III кезең: «Жұмбақ сурет»
Келесі сайыс — «Жұмбақ сурет». Тақтадағы жұмбақ суреттің артында компьютер құрылғыларының бейнелері беріледі.
Тапсырма
Нөмірленген қағаз бойынша құрылғының атауын және оның атқаратын қызметін айту қажет.