Құжаттарды дайындау және ресімдеудің жалпы ережелеріБілімділік

Сабақтың тақырыбы

Құжаттарды дайындау және ресімдеудің жалпы ережелері.

Білімділік

Оқушыларды құжаттарды дайындау және ресімдеудің жалпы ережелерімен таныстыру, құжаттың маңызы туралы теориялық білімін нақтылау.

Дамытушылық

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ізденімпаздығы мен белсенділік қабілетін, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік

Ойларын еркін айтуға, еңбекке, сұлулықты бағалауға, таңдаған мамандығын құрметтеуге, жолдастарына көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Көрнекілігі
Мультимедиалық подиум, үлестірмелі қағаздар, үлгілер
Үй тапсырмасы
17–20-беттер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  1. Оқушылармен амандасу.
  2. Оқушыларды түгендеу.
  3. Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.

II. Өткен тақырыпты пысықтау

Тексеру сұрақтары

  1. Құжаттың орындалғаны және оның іске жіберілгені туралы белгі қандай деректерден тұруы тиіс?
  2. Қызмет дәрежелері тең бірнеше адам құжатқа қол қоятын кезде олардың қолдары қалай орналастырылады?
  3. Құжат жобасына ескертпелер мен толықтырулар қайда баяндалады?
  4. Барлық жүйедегі құжаттардың міндетті реквизиттеріне не жатады?

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Құжаттарды дайындау мен ресімдеуде белгілі бір деректемелер (реквизиттер) қолданылады. Мемлекеттік 6.38–90 стандарты ұйымдық-өкімдік құжаттар реквизиттерінің құрамын белгілейді.

Ұйымдық-өкімдік құжаттардың реквизиттері (6.38–90)

Төмендегі тізім стандартта көрсетілген реттілікпен берілген.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы.
  2. Ұйымның эмблемасы.
  3. Наградалардың бейнелері (Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары).
  4. Ұйымның коды.
  5. Құжаттың коды.
  6. Министрліктің немесе ведомствоның атауы.
  7. Ұйымның атауы.
  8. Құрылымдық бөлімшенің атауы.
  9. Байланыс кәсіпорнының индексі, пошталық және телеграфтық мекенжайы, телетайп/телефакс нөмірі, телефон нөмірі, банктегі есеп айырысу шотының нөмірі.
  10. Құжат түрінің атауы.
  11. Күні (мерзімі).
  12. Индекс.
  13. Келіп түскен құжаттың индексі мен күніне сілтемелер.
  14. Жасалған немесе басып шығарылған жері.
  15. Құжатты оқуға шек қою белгісі.
  16. Адресат.
  17. Бекіту жөніндегі белгі.
  18. Бұрыштама.
  19. Мәтіннің тақырыбы.
  20. Бақылау туралы белгі.
  21. Мәтін.
  22. Қосымшалары бар екені туралы белгі.
  23. Қолы.
  24. Келісілгені туралы белгі.
  25. Рұқсат беру белгілері.
  26. Мөр.
  27. Көшірмені куәландыру туралы белгі.
  28. Орындаушының тегі және телефон нөмірі.
  29. Құжаттың орындалғаны және оның іске жіберілгені туралы белгі.
  30. Деректердің машинкалық жазуға түсірілгені туралы белгі.
  31. Келіп түскені туралы белгі.

Стандарттарда әрбір реквизиттің құжатта қатаң түрде белгілі бір орында орналасуы көзделеді және ол реквизиттер жоғарыда көрсетілген нөмірлердің ретіне сай болуы тиіс.

Ұйымдық-өкімдік құжаттарды әзірлеу мен ресімдеу барысында міндетті реквизиттердің құрамы қажет болған жағдайда басқа реквизиттермен толықтырылады.

IV. Жаңа сабақты бекіту

  1. Мемлекеттік 6.38–90 стандарты ұйымдық-өкімдік құжаттар реквизиттерінің құрамына нелер кіреді?
  2. Құжатты ресімдеуге қандай деректемелер (реквизиттер) қойылады?

V. Оқушыларды бағалау

Оқушылардың жауаптары мен сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау жүргізіледі.