Биология - тірі ағзаларды зерттейтін көп салалы ғылым
Күнделікті жоспар: Биология (6-сынып)
Сабақ
№2
Тақырып
§2. Биология ғылымдары
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды биология пәнімен және оны оқытудың маңызымен таныстыру; тірі ағзалар туралы бұрыннан бар білімдерін жүйелеу және сол білімге сүйене отырып жаңа ұғымдарды енгізу.
Білімділік
- Тірі ағзалар, олардың алуан түрлілігі мен таралуы туралы білімді жүйелеу.
- Тірі ағзаларға ортақ белгілерді және олардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын нақтылау.
- Зат алмасу мен жасуша туралы бастапқы жаңа түсініктерді енгізу.
- Биология ғылымдары және оның негізгі салалары туралы алғашқы мәлімет беру.
Тәрбиелік
Түрлі тәрбиелік ықпалдар арқылы оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге ықпал ету, табиғатқа жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру.
Дамытушылық
Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, пәнге және тақырыпқа қызығушылықты арттыру.
Құрал-жабдықтар
Электронды оқулық, биолог ғалымдардың портреттері.
Сабақтың типі
Аралас.
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың қатысуын тексеру, назарын сабаққа шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Тірі ағзаларға не жатады?
- Оларды неліктен тірі ағзалар деп атайды?
- Тірі ағзалардың тіршілік үшін маңызы қандай?
III. Жаңа материалды түсіндіру
Жоспар
- Биология – тірі ағзаларды зерттейтін көп салалы ғылым
- Қазақстандық және шетелдік биолог ғалымдар
- Өсімдіктер мен жануарларды қорғау
Проблемалық сұрақтар
- Биология ғылымының қалыптасуына не себеп болды?
- Биологияның қандай салаларын білесіңдер?
Негізгі мазмұн
Биология ғылымының қалыптасуы
Адамдар ертеден-ақ тіршілік әрекетінің табиғатпен және тірі ағзалармен тығыз байланысты екенін түсінген. Олар айналасындағы өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлілігін, құрылысы мен тіршілігін білуге ұмтылды.
Пайдалы түрлерді сақтап, көбейтуге, ал зиянды түрлердің санын азайтуға тырысу арқылы тірі ағзалар туралы білім біртіндеп жинақталды. Осы жинақталған тәжірибе мен бақылаулардың нәтижесінде биология ғылымы қалыптасты.
Биология (грекше: bios – тіршілік, logos – ғылым) — тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым.
Негізгі ой
Әр адам өз туған жеріндегі тірі ағзалардың ерекшеліктерін білуі керек. Бұл білім табиғатты қорғау жұмысына белсенді қатысуға мүмкіндік береді және туған өлкенің табиғатына нақты пайда әкеледі.
Қазақстандық биолог ғалымдар және еңбектер
Өсімдіктерді зерттеу
- 1920–1930 жылдары өсімдіктану оқулығын Ж. Күдерин жазды.
- Н. И. Павлов (биология ғылымдарының докторы, академик) Қазақстан өсімдіктерін зерттеп, өсімдіктің 130 жаңа түрін ашты.
- Қазақстан Республикасының өсімдіктер туралы Қызыл кітабын В. П. Голоскоков және М. С. Байтенов жазды.
- Биология ғылымына елеулі үлес қосқан ғалымдар: А. Ы. Жандеркин, Б. М. Мусин, К. Мыңбаев, Қ. Дүйсембин және т.б.
Жануарлар әлемін зерттеу
- Х. Досмұхамедов жануарлар туралы оқулық жазды.
- Еліміздің жануарлар әлемін зерттеген ғалымдар: А. Бекенов, В. А. Грачев, М. И. Исмагилов, А. Ф. Ковшарь, А. А. Слудский, К. Ысқақова және т.б.
- Қазақстандағы жануарлардың таралуы, биологиясы және арнайы қорғауды қажет ететін түрлер туралы еңбектер жазылды.
Өсімдіктер мен жануарларды қорғау
Сиреп кеткен және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерді тіркеп, сипаттау жұмыстары Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының жарыққа шығуына негіз болды.
Жүктеу
Толық нұсқасын жүктеу