Менің әуес ісім
Сабақ туралы жалпы ақпарат
Қостанай облысы, Арқалық қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Коныршина Ерсін Серікқызы.
- Пән
- Қазақ тілі
- Сынып
- 7-сынып
- Сабақ тақырыбы
- Менің әуес ісім — спортпен шұғылдану
Жалпы мақсат
Жаңа тақырып бойынша түсінік қалыптастыру.
Негізгі идея
Салауатты өмір салтын ұстану.
Оқу нәтижелері
- Өз ойын еркін жеткізу.
- Сауатты жазуға дағдылану.
Құралдар мен әдістер
Сабақта қолданылатын материалдар
- Үлестірмелі материалдар
- Оқулық
Оқыту әдістері
- Жаңа тәсілдер
- Топтық жұмыс
- Диалогтік оқыту
Дереккөздер мен тапсырмалар
Дереккөздер
Оқулықтар, презентациялар.
Тапсырмалар
Жазба жұмыстары.
Сабақ барысы
I. Психологиялық ахуал және ұйымдастыру
Сабақ басталар алдында жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылады. Бағалау түрі түсіндіріледі:
Қызыл
Өте жақсы
Жасыл
Жақсы
Сары
Қанағат
Өткен тақырыпты еске түсіру үшін топтық тапсырмалар беріледі:
- 1. Құрмалас сөйлемнің түрлері: салалас, сабақтас, аралас.
- 2. «Ұлдың баласы» — немере.
- 3. Шылаудың түрлері: жалғаулық, демеулік, септеулік.
- 4. «Ағаның әйелі» — жеңге.
- 5. Термин сөздер — ғылым, техника, өндіріс салаларындағы арнаулы ұғымдарды білдіретін сөздер.
- 6. Отбасындағы анадан кейінгі сыйлы адам — әпке.
- 7. Өздік етістің жұрнағы: -ын, -ін, -н.
- 8. «Затты босқа шашу» — ысырап.
II. Жаңа тақырып: мәтінмен жұмыс
Жаңа сөздер
Жаңа сөздермен таныстыру арқылы жаңа тақырып меңгертіледі.
2-тапсырма
Мәтіндегі шұғылдану, денсаулық сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыздар.
1-тапсырма
Берілген сөйлемдерді толықтырыңыздар:
- Менің әуес ісім — ________________ шұғылдану.
- Спорттың ________________ көп.
- Мен аптасына екі рет футболға ________________.
- Біз баскетболдан ________________ орын алдық.
- Спорттың қай-қайсысы да денсаулыққа ________________.
6-тапсырма
Берілген сөйлемдерді мағынасына қарай құрастырыңыздар. Тапсырма: сөйлемдерді дұрыс ретпен орналастырып, толық мағыналы мәтін құраңыздар.