Балалармен қимыл - әрекеттерді білдіретін сөздермен таныстыру
Технологиялық карта № 11
Топ
Ортаңғы топ
Білім беру саласы
Қатынас
Бөлім
Қазақ тілі
Тақырып
Менің сүйікті ойыншықтарым
Мақсаты
- Ойыншық атауларымен және қимыл-әрекетті білдіретін сөздермен таныстыру (кел, отыр, тұр, бар, ал, әкел, апар) , сондай-ақ қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарға көңіл бөлу.
- Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
Сөздік қоры
Сабақтың барысы
1) Мотивациялық-қозғаушы кезең
Сәлемдесу
Мұғалім: «Сәлеметсіздер ме, балалар!»
Мұғалім: «Отырыңдар.»
Қимыл-әрекет сөздері (айту — көрсету)
-
кел
подойди
-
отыр
садись
-
тұр
встань
-
бар
иди
-
ал
возьми
-
әкел
принеси
-
апар
отнеси
2) Іздену-ұйымдастырушы кезең
«Ғажайып дорба» ойыны
Мұғалім балаларға қуыршақ Сәуленің қонаққа келгенін хабарлайды. Сәуле балалармен танысады.
Сәуле: «Менің атым — Сәуле.»
Сәуле: «Сенің атың кім?»
Сәуле «Ғажайып дорбаны» алып келеді. Мұғалім дорбадан ойыншықтарды шығарып, атауын айтады.
Доп
мяч
Қуыршақ
кукла
Қоян
заяц
Қонжық
медвежонок
Мысық
кошка
Сергіту сәті
Біз жүрдік, жүрдік, жүрдік.
Бақшаға жақын келдік.
Армысың, балабақша,
Біз саған оқуға келдік.
«Ойыншықты көрсет» ойыны
Мұғалім ойыншықтың атын айтады, ал бала сәйкес ойыншықты көрсетеді.
Қимыл-әрекетті орындау
Балалар ойыншықтармен берілген қимыл-әрекет сөздерін орындайды.
- Мұғалім: «Ариша, қоянды ал.»
- Мұғалім: «Дима, допты апар.»
- Т.б.
«Ойыншықтар дүкені» ойыны
Балалар «Менің сүйікті ойыншықтарым» тақырыбы бойынша ойыншықтарды таңдап, атын атап, қысқа жауап береді.
Қорытынды
Сабақ соңында балалар ойыншықтардың атауларын қайталайды және қимыл-әрекетті білдіретін сөздерді қолдана отырып, қарапайым тапсырмаларды орындайды.