Балалар мен сендерге сандар туралы ертегі айтып берейін
Білім беру саласы және оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы
Математика негіздері
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Ашық сабақ
Тақырыбы
1–5 сандарының құрамы
Мақсаты
Балаларды есептеуге дайындау: өзінен кіші екі саннан тұратын сандардың құрамымен таныстыру. 5-ке дейін есептік және реттік санауды бекіту. 2–5 сандарымен және цифрларымен таныстыру. Заттар тобын қосу немесе алу арқылы «Қанша болды?», «Қанша қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету және екі тәсілмен теңсіздікті анықтай білу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері
Білімділік
- 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету.
- Заттарды санап, санды ретімен және қорытынды санын атауға дағдыландыру.
- «Барлығы неше?» сұрағына жауап беруге үйрету.
Дамытушылық
- 5 көлемінде реттік санауды меңгерту және реттік санды атай білуін дамыту.
- «Қайсы?», «Нешінші?» сұрақтарына жауап беру дағдысын қалыптастыру.
- Танымдық ойындар арқылы ойлау қабілетін жетілдіру, есептеу дағдыларын бекіту.
Тәрбиелік
- Білімге қызығушылығын арттыру арқылы еңбекке баулу.
- Еңбексүйгіштікке, зейінге, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ құрылымы мен ресурстар
Сөздік жұмыс
Көрнекіліктер
- Дьенеш схемалары
- Суреттер
- Үлестірмелі карточкалар
- Таңбалар мен цифрлар
- «Цифрлар үйшігі»
Әдіс-тәсілдер
- Шаттық шеңбер
- Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру
- Дамытушы ойындар
- Санамақ, сергіту жаттығулары
- Тақпақ айту
Сабақ барысы
1) Шаттық шеңбер
Балалар шеңберге тұрып, бір-бірімізді татулыққа, достыққа, мейірімділікке шақыра отырып, келген қонақтармен амандасамыз.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу — үлкенге
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанеки, бәріміз
«Сәлем!» дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме?
Ережелер
- Бір-бірімізге бөгет жасамаймыз.
Сұрақ-жауап арқылы кіріспе
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қандай ай?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Балалар, бір аптада неше күн сабаққа келеміз? Неше күн демаламыз?
- Сендер қаншаға дейін санай аласыңдар?
2) Ертегі арқылы қайталау және жаңа тақырыпқа шығу
Тәрбиеші балаларға сандар туралы ертегі айтып, өткен сабақтарды еске түсіреді және 1–5 сандарының ұғымын бекітуге бағыттайды.
Логикалық сұрақ
Табақта 3 алма, қолымда 2 алма бар. Біреуін әжеме, біреуін атама бердім. Екі алманы әке-шешеме берсем, неше алма қалады?
2 саны туралы
- 2 саны — 1 санының көршісі, 1-ден кейін тұрады.
- 2 — жұп сан, екі бірліктен тұрады.
- 1 + 1 = 2
Екі саны туралы қандай тақпақ білесіңдер?
3 және 4 сандарының құрамы
- 3 саны — 2 санының көршісі, яғни 2-ден кейін тұрады.
- Ойыншықтарға назар аударып, 3 санының құрамын ажырату.
- Плакатқа қарап заттарды санап, сәйкес санмен көрсету арқылы 4 санының құрамын ажырату.
3) Сюрприздік сәт: «Сан патшалығының хаты»
Хат тасушы хат әкеледі. «Сан патшалығы» бізден көмек сұрайды. Балалар тапсырмаларды орындап, сандар әлеміне көмектеседі.
1-тапсырма: «Көршісін тап»
Ойын шарты бойынша балалар берілген санның алдыңғы және келесі көршісін табады.
2-тапсырма: «Қатар санды тап»
Балалар сандар қатарын толықтырып, жетіспейтін санды анықтайды.
3-тапсырма: Салыстыру
Суреттегі заттарды салыстыру: қай жерде артық, қай жерде кем, қай жерде тең екенін анықтау.
Жауап беру үлгілері: «Қанша болды?», «Қанша қалды?», «Барлығы неше?».