Жетекші сұрақтар

Сабақ туралы мәлімет

Пәні: Қазақ тілі (5-сынып). Бөлім: «Адамның сырт келбеті және мінез». Сабақ тақырыбы: «Менің атым Қожа».

Оқу мақсаттары

  • Т/А1: Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.
  • О6: Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.

Бағалау критерийлері

  • Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.
  • Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты таба алады.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

  • Ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.
  • Мәтін мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Болжау кезінде тірек сөздерді қолданады.
  • Жетекші сұрақтар арқылы автор ойын толық аша алады.
  • Мәтін мазмұнын түсініп, нақты ақпаратты табады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

  • Өз болжамына дәлел келтіріп, түсіндіреді.
  • Мәтінді толық түсінеді, нақты ақпаратты өмірмен байланыстырып, өз пікірін білдіреді.

Тілдік мақсат

Оқушылар өз пікірін білдіру кезінде мәтіндегі нақты ақпаратты өмірмен байланыстыра алады.

Пайдалы тіркестер

«Қожаның қиял-арманы».

Құндылықтар

Достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, ән.

Сөздік қор мен терминдер

Армиядан келу
Әскери міндетін өтеп келу.
Орден
Жоғары марапат.
Нөпір
Көп, қалың топ.
Майдан
Соғыс алаңы.
Ұстара
Шаш, сақал, мұрт алатын арнайы өткір құрал.
Тікенек
Кейбір өсімдіктердің жапырақ шетіндегі майда тікен.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

  1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сыныптың назарын сабаққа аудару.
  2. Музыкалық кіріспе: «Туған ел» әнін тыңдай отырып, оқушылар берілген суреттерді құрастырады. Сурет қиындылары арқылы топтарға бөлінеді.
  3. Ой шақыру: суреттерге қарап, сабақтың тақырыбын болжау.

    Жетекші сұрақтар

    • Берілген суреттер бізге таныс па?
    • Тыңдалған ән қандай әуен?
    • Бұл әуен қай кинофильмде қолданылған?
    • Суреттер мен әуеннің бүгінгі сабаққа қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?

Сабақтың ортасы

Оқушылар сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және күтілетін нәтижелермен танысады.

Оқылымалды тапсырмасы

Төмендегі сұрақтар төңірегінде жауап беріңіздер:

  • Қожаға қандай мінездеме беруге болады?
  • Қожа қандай бала?
  • Қожа нені армандады?
  • Қожаның қиялы қаншалықты ұшқыр?

Оқылым кезіндегі тапсырма

«Ойлан. Жұптас. Талқыла» әдісі қолданылады. Сынып үш топқа бөлініп, әр топқа мәтін ұсынылады.

1-топ

«4 Неге?» әдісі

Тапсырма

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, нәтижесін менталды картаға түсіріңіздер.

Талқылауға арналған негізгі сұрақтар

  • Үзіндіден Қожаның қандай өзіндік әлемі байқалады?
  • Қожа қандай себеппен атақты, танымал тұлғаға айналғысы келді?
  • Ол батыр болуды армандағанда алдына қандай мақсат қойды?
  • Қожа болашақта өз мінезі мен әрекетін қаншалықты өзгерте алды?

Ақпарат және дереккөз

Мектеп

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі.

Мұғалім

Рамазанова Ш. Б.

Оқу материалы: «Менің атым Қожа» (үзінді).