Бромның метанмен әрекеттесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы

«Көктөбе» ауылы №19 М. Мақатаев атындағы жалпы орта мектебі

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі, химия пәні мұғалімі: Битабарова Хадиша Исабековна

Сабақтың тақырыбы

Қанықпаған көмірсутектер. Алкендер (этиленді көмірсутектер).

Сабақтың түрі

Жаңа білім беру, жинақтау сабағы.

Сабақтың әдістері

Түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, баяндау, оқулықпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Көрнекіліктер

Тест сұрақтары, сараптама материалдары (сұрақ-жауап).

Пәнаралық байланыс

Биология, география, тарих, қазақ әдебиеті.

Жұмыс формалары

Жеке, топтық, сынып ұжымымен.

Сабақ типі

Жаңа сабақты меңгерту (жаңа материалды игерту).

Сабақтың мақсаты

Біліктілік (танымдық мақсат)

  • Қанықпаған көмірсутектер туралы түсінік қалыптастыру.
  • Алкендердің атауы, изомериясы (кеңістіктік изомерия), химиялық қасиеттері мен қолданылуын меңгерту.
  • Изомерия бойынша алғашқы теориялық білімді жүйелеу.
  • Қосылыстарды ИЮПАК халықаралық атау жүйесі бойынша атау дағдыларын дамыту.

Сабақ міндеттері (оқушы әрекеті)

  • Өз ойын еркін жеткізу және өзгенің пікірін тыңдау.
  • Ұжымда бірлесіп жұмыс істеу мәдениетін дамыту.

Ұстаз ұстанымы: сабақта барлық оқушының қамтылуын қамтамасыз ету.

Оқушы ұстанымы: ынта, жігер, шынайылық.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу.
  2. Сынып бөлмесінің тазалығына назар аудару.
  3. Кезекшінің мәлімдемесін тыңдау.
  4. Журнал бойынша оқушыларды түгелдеу.
  5. Оқу құралдарының дайындығын тексеру.
  6. Тәртіпке шақырып, оқушылардың көңіл күйін бақылау және назарын сабаққа толық шоғырландыру.
  7. Белсенді қатысу және бір-бірінің жауабын тыңдау қажеттігін ескерту.
  8. Жаңа сабаққа дайындық.
  9. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
  10. Сабақ жоспарымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Алдыңғы сабақтарда қарастырылған тақырып: қаныққан көмірсутектер (алкандар мен циклоалкандар). Оқушылардың түсіну деңгейі сұрақ-жауап әдісі арқылы анықталады.

Бағалау өлшемі

Жауаптың дәлдігі, химиялық теңдеулерді дұрыс құрастыру, ИЮПАК бойынша атау, логикалық дәлел және терминдерді орынды қолдану.

Тапсырмалар пакеті (өткен тақырыпты бекіту)

I тапсырма. Сұрақ-жауап

  1. Алкандарды халықаралық атау жүйесі (ИЮПАК) бойынша қалай атайды?
  2. Орынбасу реакциясының механизмі қандай?
  3. Алкандардың кеңістіктегі пішінінің ирек-ирек болуының себебі неде? (Ермексаздан пропан мен бутанның шар-өзек модельдерін құрастырыңдар.)
  4. Бромның метанмен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
  5. Гексанның және циклогексанның жану реакцияларының теңдеулерін құрастырыңдар.
  6. Салыстырмалы молекулалық массасы 100-ге тең алкан үшін:
    • екі гомологының,
    • екі изомерінің құрылымдық формулаларын жазыңдар.
  7. Циклобутанның жану, қосылу және хлормен әрекеттесу теңдеулерін құрастырыңдар.
  8. Циклопарафиндер алкандардан өзгеше қандай химиялық реакцияларға түседі? Мысал келтіріңдер.
  9. Этан молекуласындағы атомдар кеңістікте қалай орналасады?

II тапсырма. Өзіндік жұмыс

I деңгей

  1. Құрамында:
    • 7 көміртек атомы бар;
    • 10 сутек атомы бар
    алкандардың молекулалық формуласын құрастырыңдар.
  2. Құрамында:
    • 12 көміртек атомы бар;
    • 35 көміртек атомы бар;
    • 30 сутек атомы бар
    алкандардың молекулалық формуласын құрастырыңдар.
  3. Циклопропанның құрылымдық және электрондық формулаларын жазыңдар.
  4. Берілген формулалардың ішінен циклоалкандарға сай келетіндерін табыңдар: C2H4, C2H6, C3H6, C4H6, C5H10, C6H12, C6H14, C7H16, C8H16, C6H6

II деңгей

  1. Алкандардың гомологтық қатарында метаннан пентанға дейінгі көмірсутектердің жану реакцияларының теңдеулерін құрастырыңдар. Оларды толық жағуға жұмсалатын оттек көлемінің өзгеру заңдылығын анықтаңдар және көміртек саны мен оттек көлемі арасындағы тәуелділікті график түрінде көрсетіңдер.
  2. Құрылымдық формулалары берілген қосылыстарды ИЮПАК бойынша атаңдар және біріншілік, екіншілік, үшіншілік, төртіншілік көміртек атомдарын көрсетіңдер.
  3. Құрылымдық формулалары бойынша қосылыстарды атап, олардың ішінен изомерлерді табыңдар. Алдымен молекулалық формулаларын анықтаңдар.
  4. Құрамында:
    • 6 көміртек атомы;
    • 8 сутек атомы;
    • 10 көміртек атомы;
    • 36 сутек атомы
    болатын циклоалкандардың молекулалық формулаларын құрастырыңдар.

III деңгей

  1. Берілген атаулар бойынша құрылымдық формулаларын жазыңдар:
    • н-гексан
    • 2-метилбутан
    • 2,3-диметилпентан
    • 2,2-диметилбутан
  2. Төмендегі қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазыңдар:
    • метилциклобутан
    • 1,1-диметилциклопропан
    • 1,2-диметилциклобутан
    • 1-метил-2-этилциклопентан
  3. Атаулары бойынша құрылымдық формулаларын жазыңдар және біріншілік, екіншілік, үшіншілік, төртіншілік көміртек атомдарын көрсетіңдер:
    • 1-метил-4-пропилциклогексан
    • 1,1-диметилциклопентан
    • 1-метил-3-этилциклогексан
    • 1,2,3,3-тетраметилциклопентан
  4. Метан және бутан молекулаларында қанша σ-байланыс бар? Аталған алкандар молекулаларының сызбанұсқаларын сызып көрсетіңдер.

Назарға алынатын қағидалар

Қамту

Сабақ барысында барлық оқушының белсенді қатысуына жағдай жасалады.

Ынтымақтастық

Жеке, топтық және сыныптық жұмыс арқылы бірлескен әрекет күшейтіледі.

Дәлдік

Теңдеулерді құрастыру, атау беру және дәлелдеу кезінде ғылыми сауаттылыққа мән беріледі.