Иыққа шақ иінағаш
Вьетнам мақал-мәтелдерінен
Төмендегі нақыл сөздер адам тәрбиесі, ашкөздік, байлықтың салмағы, сақтық пен мінез туралы ой салады. Қысқа болғанымен, әрқайсысы өмірдің бір қырын дәл басып, оқырманды өзіне қаратып, өз-өзіне сұрақ қойғызады.
Тәрбие мен мінез
-
Ана баулыған бала епті, әке баулыған бала есті.
-
Шамдандырсаң, ара да шағады.
-
Қарға қаралығын білсе, аққуға жоламас.
-
Еңкілдеп күлген — еңіреп жылайды.
Аштық, ашкөздік және тоқмейілдік
-
Қарны аштың құлағы бітеу.
-
Ашқарақ асүйден шықпайды.
-
Құрыған ағаштың құрты да аш-арық.
Байлық пен биліктің көлеңкесі
Ескерту
Бәленің басы — байлықта.
Бейнелі тұспал
Бай — саңырау, бек — соқыр.
Сын
Бай қарасын сатар, байғұс баласын сатар.
Тартыс
Қарақшы қары қалды, қазірет тартып алды.
Сақтық, жол және салдар
-
Түн кезе берсең, түбі шайтанға тап боларсың.
-
Иыққа шақ иінағаш.
-
Аспандағы шамның жарығы алысқа түседі.
Ар, сапа және мақтау
Маржанның сатсаң тазасын, мақтаудан несін сасасың?!
Таза еңбек пен шынайы сапа өз бағасын өзі дәлелдейді.