ТорғайБақша арасындағы жолмен аңнан келемін
Табиғаттағы аналық жүрек
Бақша арасындағы жолмен келе жаттым. Итім алдымда жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей-ақ, төрт тағандап бұға бастады. Мен ілгері, жол бойына көз салдым.
Жол жиегіндегі әлсіз балапан
Торғайдың сары жағалы, ақ үлпек балапанын көрдім. Сірә, ұясынан құлап түссе керек. Жел жол жағалауындағы қайыңдардың басын теңселтіп тұр еді. Балапан жаңа ғана өсіп келе жатқан сүйрік қанатын дәрменсіз жайып, қимылсыз отыр.
Сол сәтте ұсақ тіршіліктің нәзіктігі анық сезілді: бір уыс қанат, бір түйір үміт.
Қорғанысқа ұмтылған ана торғай
Ит балапанға ептеп жақындай бергенде, кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп, иттің дәл алдына келіп қонды. Байғұс зәресі ұшып, түрі бұзылып кеткендей, жүнін үрпитіп, пырылдап жүр. Иттің ақсиған тістері мен арандай ашылған аузына қарай бір-екі рет ұмтылып тап берді.
Ол жан ұшырып, балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды. Титтей денесімен балапанын бүркемек болды. Қорыққаннан діріл қақса да, даусы шыр-шыр етеді. Өз балапаны үшін өзін құрбан етуге дайын екені әр қимылынан аңғарылды.
Негізгі түйін
Қорқыныш бар жерде де жауапкершілік одан да күшті болуы мүмкін.
Көріністің әсері
Кішкентай жүректің ерлігі үлкен қауіптен тайсалмайды.
Оның көзіне ит қандай дәу болып көрінді десеңші. Бірақ балапаны отқа түскенде, бас сауғалап бұтақта отырып қала алмады. Оны өз ықтиярынан да, өз еркінен де басым бір күш жерге ұшырып түсірді.
Мен итімді тез өзіме шақырдым. Кішкене ғана торғайдың аналық жүрегінің қуаты мені қатты таңғалдырды. Содан соң мен жөніме кеттім.
(И. Тургенев)