Әлі талай жыр болып жазыларсың

Сабақтың тақырыбы

Әлі талай жыр болып жазыларсың…

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

М. Мақатаев шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын ояту.

2) Дамытушылық

Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, көркем тілмен еркін сөйлеуге дағдыландыру.

3) Тәрбиелік

  • Сыпайылық пен ұстамдылыққа тәрбиелеу; қарсылықты дау көтермей, әдеппен жеткізу мәдениетін қалыптастыру.
  • Жақсы мен жаманды ажырата білуге баулу; кейіпкерлер бойындағы игі қасиеттерді үлгі ету.

Сабақтың ұйымдастырылуы

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Электронды оқулық
  • Кеспе қағаздар

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі

  • Сұрақ-жауап
  • Пікірталас
  • Топтық тапсырмалар

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    Сабаққа назар аударту

    Оқушыларды түгендеу, сыныптың назарын сабаққа аудару.

  2. II. Үй тапсырмасын сұрау

    Өлеңнен үзінді оқу

    Үйге берілген М. Мақатаев өлеңдерінен үзінділерді оқыту.

  3. III. Жаңа сабақ

    Талдау және ой қозғау

    • Мұқағали бейнелерін еске алу.
    • Мұқағали қаламынан жыр төгіледі: поэзиясындағы негізгі идеялар мен көркемдік өрнек.
  4. IV. Сабақты бекіту

    Рефлексия

    «Не үйрендім, не білдім?» сұрақтары арқылы қорытынды пікір айту.

  5. V. Сабақты қорытындылау

    Негізгі ойды түйіндеу

  6. VI. Оқушыларды бағалау

    Кері байланыс

  7. VII. Үйге тапсырма

    Жалғастыру жұмысы

Мұқағали Мақатаев туралы қысқаша

Мұқағали Мақатаев — ақын, аудармашы, прозашы. Оның өлеңдері, жауһар жырлары — мәңгілік мұра.

Поэзиясының қуаты

Уақыт өткен сайын оның жырлары өзіне шексіз дос-сыpлас тауып, Хантәңірідей асқақтап, жыр сүйер қауымның жүрегінен берік орын таба береді.

Сезім мен психология

Ақын адам жан дүниесіне терең бойлап, ішкі сезім иірімдерін, психологиялық күйді нәзік таныта біледі. Сондықтан ол — сезімтал, психолог ақын.

Моральдық-этикалық өлшем

Мұқағали өлеңдерінде адамның моральдық-этикалық қасиеттері әр қырынан сөз болады. Ол жағымпаздықты, мақтаншақтықты, орынсыз өжеттікті сынға алып, әжуалайды.

Ой тастау және ескерту

Ақын жан-дүниесі жүдеу, өзіне де, өзгеге де опа бермейтін қылықтардан сақтандырып, оқырманын болашақта осындай мінезден аулақ болуға шақырады.