Қан тамырларындағы қан ұйығы

«Дарабоз» сынып лидері сайысы: 8-сынып тақырыптарын қайталау және білімді тексеру

Бұл сайыс 8-сынып оқушыларының өткен тақырыптарын жүйелі қайталап, білім деңгейін тексеруге, сыныптан тыс жұмыстың сапасын арттыруға және жаңа технологиялардың тиімді тәсілдерін үйлесімді, нәтижелі әрі шығармашылықпен қолдануға бағытталған.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Ал, халайық, халайық, білім сайысын бастайық! Сұрақ-жауабын тез білгенге “Дарабоз” атағы лайық!»

Сайыс бөлімдері

  1. 1 Терминдер әлемі — берілген терминдерге жылдам жауап беру.
  2. 2 Дәрумендер сыры — дәрумендердің физиологиялық әсерін анықтау.
  3. 3 Төртінші артық? — 4 нұсқаның ішінен артықты табу.
  4. 4 Жасырын сурет — бөлшектеп ашылған сурет бойынша ағза мүшесін анықтау.

1-бөлім: Терминдер әлемі

Берілген терминдерге мүмкіндігінше жылдам жауап беріледі.

  1. 1) Қан эритроциттерінің сыртқы ортаға гемоглобин бөліп, бұзылуы: Жауабы: гемолиз
  2. 2) Адам мен жануарлар қанының түссіз жасушалары: Жауабы: лейкоциттер
  3. 3) Эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер және басқа да қан элементтерінің тұнбаға түсуі: Жауабы: агглютинация
  4. 4) Бауырда түзілетін жасыл өт пигменті: Жауабы: биливердин
  5. 5) Орталық жүйке жүйесіндегі қозудың уақытша басым ошағы: Жауабы: доминанта
  6. 6) Организмдердің құрылымдық және функционалдық негізі: Жауабы: клетка
  7. 7) Көздің әртүрлі қашықтықтағы заттарды анық көруге бейімделу үдерісі: Жауабы: аккомодация
  8. 8) Кеңірдектің тармақталатын түтік тәрізді түзілімі: Жауабы: ауатамыр
  9. 9) Қимыл белсенділігінің төмендеу күйі: Жауабы: гиподинамия
  10. 10) Есту анализаторының иірімдеріндегі рецепторлық аппарат: Жауабы: Кортиев мүшесі
  11. 11) Бұлшықет талшықтарының нәруызы: Жауабы: миозин
  12. 12) Нейрондар немесе нейрондар мен басқа қозған құрылымдар арасындағы арнайы жанасу аймағы: Жауабы: синапс
  13. 13) Барлық тірі жасушаларда болатын нәруызды биологиялық катализатор: Жауабы: фермент
  14. 14) Фосфолипидтерден, нәруыздар мен гликопротеидтерден тұратын құрылым: Жауабы: сурфактант
  15. 15) Қан тамырларындағы қан ұйығы: Жауабы: тромб
  16. 16) Қандағы гемоглобин мен эритроциттер азайған кездегі организм күйі: Жауабы: анемия

2-бөлім: Дәрумендер сыры

Сипатталған дәрумендердің физиологиялық әсерін және организм үшін маңызын атаңыз.

1) Н дәрумені (биотин)

Асбұршақ, түсті қырыққабат, саңырауқұлақ, бидай, жұмыртқа сарысы, бауыр, бүйрек, жүректе кездеседі.

Тапсырма: Бұл дәруменнің ағзадағы әсерін түсіндіріңіз.

2) А дәрумені (ретинол)

Мал майлары, ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдерінде кездеседі.

Тапсырма: Ретинолдың негізгі қызметін атаңыз.

3) В дәрумені (тиамин)

Бұршақ, бидай, бауыр, бүйрек, жүрек құрамында болады.

Тапсырма: Тиаминнің маңызын сипаттаңыз.

4) Е дәрумені (токоферол)

Өсімдік майы, көкөністердің жасыл жапырақтары және жұмыртқада кездеседі.

Тапсырма: Токоферолдың организм үшін маңызын түсіндіріңіз.

5) Р дәрумені (никотин қышқылы)

Сиыр еті, бауыр, бүйрек, жүрек, майшабақта кездеседі.

Тапсырма: Никотин қышқылының әсерін атаңыз.

6) D дәрумені (кальцийферол)

Балық уылдырығы, теңіз балығы, сүтқоректілердің бауыры және құс етінде кездеседі.

Тапсырма: Кальцийферолдың негізгі қызметін сипаттаңыз.

3-бөлім: «Төртінші артық?»

Бұл бөлімде 8 тапсырма беріледі: әр тапсырмада 4 сурет болады. Оқушылар суреттердің нені білдіретінін айтып, артық нұсқаны алып тастайды.

  1. 1-тапсырма

    Дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы, жұлын, сүйек ұлпасы

  2. 2-тапсырма

    Жатыр, өт қабы, қынап, ұрық

  3. 3-тапсырма

    Гипофиз, қалқанша безі, дәм сезу бүрлері, бүйрек үсті безі

  4. 4-тапсырма

    Негізгі ми бөліктері, ми құрылысы, мишық, жұлын

  5. 5-тапсырма

    Көмей, жүрек, өкпе, ауатамыр

  6. 6-тапсырма

    Көмей, тіс, ішек, қарын

  7. 7-тапсырма

    Көздің бұлшықеттері, көздің жас бөлетін мүшелері, көздің көлденең кесіндісі, ішкі құлақ көрінісі

  8. 8-тапсырма

    Борпылдақ эпителий ұлпасы, сүйек ұлпасы, тығыз эпителий ұлпасы, безді эпителий ұлпасы

4-бөлім: Жасырын сурет

Оқушыларға 5 бөлікке бөлінген жасырын сурет ұсынылады. Тек 1 бөлігін ашуға мүмкіндік алған оқушы суреттегі нысанның адам ағзасының қай бөлігі екенін анықтайды.

1-сурет

Гипофиз

2-сурет

Мишық

3-сурет

Көмей

Қорытынды

Сайыс соңында жеңімпаз атанған оқушыға «Дарабоз» атағы беріліп, сыйлықтармен марапатталады.