Сәлем - әдептіліктің белгісі

Сәлемдесу — әдептің бастауы

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды: «Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер?» Балалар өз ойларын ортаға салып, амандасудың мәнін, түрлерін және қазақы әдептегі ерекшеліктерін түсіндіреді.

I топ — Алуа

«Сәлем — әдептіліктің белгісі. Сәлемдесу, сәлем беру сияқты түрлері бар. Әр адам тәуліктің үш мезгілінде: «Қайырлы таң», «Қайырлы күн», «Қайырлы кеш» деп амандасуы тиіс».

II топ — Самира

«Амандасу — адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі. Қазақ салтында амандасқан адам оң алақанын жүрегінің үстіне қойып басын изейді немесе қол беріп амандасады».

III топ — Диана

«Сәлемдесу түрлері: «Сәлеметсіз бе», «Аман-саусыз ба», «Есенсіз бе», сондай-ақ «Бала-шағаңыз аман ба», «Ассалаумағалейкум»».

Мақал-мәтелдегі мән

Тәрбиеші балаларды мақал-мәтел арқылы ойлантады: «Үлкен адамға сәлем беру — кіші адамның міндеті». Ал оған қарсы айтылатын аталы сөз: «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем берер».

Алияның пікірі

«Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа ғана емес, үлкен-кішіге де байланысты емес — бұл ізеттілік белгісі».

Арайлымның пікірі

«Халқымыз ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты әжені сыйлаған, алдынан кесіп өтпеген».

Аружанның пікірі

«Қарттарға қарапайым түрде амандасудың өзінде қанша мейірім мен қамқорлық бар».

Екі көрініс: амандасу үлгілері

Тәрбиеші: «Енді ата мен жігіттің, әже мен қыздың амандасу үлгілерін көріп, салыстырайық».

Көрініс 1: Ата мен жігіт

Жігіт

Ассалаумағалейкум, ата.

Ата

Уағалейкумассалам, балам.

Жігіт

Деніңіз сау, аман-есенсіз бе?

Ата

Құдайға шүкір, балам, жүріп жатырмын.

Жігіт

Бала-шағаңыз аман ба?

Ата

Тегіс аман-есен.

Көрініс 2: Әже мен қыз

Қыз

Армысыз, әже.

Әже

Бар бол, балам.

Қыз

Үй-іші, бала-шағаңыз аман ба?

Әже

Құдайға шүкір, аман-есен.

Талқылау

Тәрбиеші: «Екі көріністі салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңдар». Топ мүшелері жауап беріп, амандасу сөздеріндегі ізет, құрмет, мейірім ұғымдарын қорытындылайды.

Негізгі ой: сәлемдесу — құрметтің көрінісі, әдептің өлшемі.

адамгершілік кішіпейілділік салт-дәстүр әдеп
CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}