Сөйлемнен зат есімді таба білу
Сабақтың тақырыбы
Зат есім. 304–307-жаттығулар.
Сабақтың мақсаттары
Жалпы мақсат
Оқушыларды зат есіммен таныстыру; сұрақ қоя білуге, сөйлем ішінен зат есімді табуға, сауатты жазуға және мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Білімділік
Зат есім туралы түсінік беру, сөйлемнен зат есімді таба білуге үйрету.
Дамытушылық
Ақыл-ойын, байқағыштық қабілетін дамыту; көркем жазуын (каллиграфиясын) жетілдіру; сөздік қорын және күнделікті сөйлеу тілін дамыту; шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік
Балаларды кішіпейілділікке, әдептілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқыту форматы мен ресурстар
- Оқыту түрі
- Жеке және топтық жұмыс.
- Оқыту әдістері
- Ауызша (ізденушілік), көрнекілік, зерттеушілік, сұрақ-жауап, ойын, «бес жолды өлең».
- Көрнекіліктер
- Тақта, кітап, дәптер, дидактикалық материалдар, топқа бөлуге арналған қима қағаздар, «ағаш үй» үлгісі, сөзжұмбақ, ереже.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
жылы атмосфера- Технологиялық дайындық.
- «Алақан жылуы»: бір-біріне жылы тілек айту.
- Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасы: 303-жаттығу
Тапсырма:
Заттардың атын жаз.
Шалғы — шөп шабады.
Бұрғы — ағаш теседі.
Шарық — пышақ қайрайды.
Кетпен — жер қазады.
Сүргі — ағаш тегістейді.
Қашау — ағаш қашайды.
Талқылау: Еңбек құралдары қандай сұраққа жауап беріп тұр? Не?
Осы құралдармен жұмыс істейтін адамдарды қалай атаймыз? Ұста.
Бекіту жұмысы
«Ұста» туралы әңгіме оқу (оқушы аты-жөнін белгілеу: Абай, Уәлихан).
Сөзжұмбақ сөздері:
II. Жаңа сабақ
3 топ 19 ақпанДәптерге күні мен тақырыбын жазу: «Зат есім».
Қайталау сұрағы
Сөз таптары дегеніміз не? (Бір оқушы ережесін айтады.)
Сөздер мағынасына қарай бөлінеді: зат есім, етістік, сын есім, сан есім.
Негізгі анықтама
Зат есім — заттың атын білдіретін сөз.
Адамға қатысты сөздерге кім? кімдер?, ал жануарлар мен заттарға не? нелер? деген сұрақ қойылады.
Оқулықпен жұмыс: 304-жаттығу
Тақтаға екі оқушы шығып, сөздерді жазып, тиісті сұрақ қояды. Әр топ өз тапсырмасын орындайды.
I топ: «Кімдер?»
- Ұсталар
- Тәрбиелеушілер
- Дәрігерлер
- Даяшылар
II топ: «Кім? / Не?»
Кім?
Зергер, жазушы, ұстаз
Не?
Ұшақ, қой, қарға, астау, белдіктер, оюлар
III топ: сөйлем құрау
Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрайды және сөйлемдегі зат есімдерді табады.
Қосымша жұмыс: Сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп, сөз құрамына талдау жасау.
Дәптермен жұмыс: 305-жаттығу
«Не?» сұрағына жауап береді:
тау, ара, бау, бал
«Кімдер?» сұрағына жауап береді:
балалар
Қима қағазбен ажырату
Кім?
бала, апа
Не?
доп, ұшақ
Сергіту сәті
«Айда біреу» ойыны. Әр балаға суретті тапсырма таратылады: суреттерді сызба арқылы көрсетіп, ауызша сөйлем құрайды. Сөйлем ішінен кім? және не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табады.
306-жаттығу
Алдымен мал аттарын, содан соң құс аттарын жаз.
Мал аттары
ешкі, қой, түйе, жылқы, сиыр
Құс аттары
тауық, қаз, үйрек, аққу, тырна
Жұрнақ жалғау арқылы мағына өзгерісі
Мал аттарына жұрнақ жалғап оқы: қойшы, түйеші, сиыршы, жылқышы. Енді бұл сөздер кім? сұрағына жауап береді.
Қорытынды: түбір сөзге жұрнақ жалғанғанда сөздің мағынасы өзгереді.
Үй тапсырмасы: 307-жаттығу
- Мақалды жаз.
- Зат есімдердің астын сыз.
- Туыстықты білдіретін сөздерді теріп жазып кел.
Сабақты қорыту
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атап, алғыс айту.
Қайталау сұрақтары
- Зат есім дегеніміз не?
- Қандай сұрақтарға жауап береді?
- Ережені қайталау.
Сабақ соңында қысқа тест сұрақтары арқылы түсінгенін тексеру.