Ешқашан біреуді сынама
Ананың қызына айтар 50 кеңесі
Бұл кеңестер — қыз баланың өз қадірін біліп, жүрегін таза ұстап, өмірде нық қадам басуына арналған ана тілегі. Ойды реттеп, сөзді салмақтап, өзіңді жоғалтпай өмір сүруді еске салады.
Махаббат, сенім және сөз мәдениеті
- 01.Сен кейде маған ренжіп қаласың, бірақ мен сені бәрібір жақсы көремін.
- 02.Кейбір сөздер көпір сала алады, ал кейбірі сол көпірді құлатуы мүмкін. Сондықтан әр сөзіңді ой елегінен өткізіп айт.
- 03.Сенің шаңырағың — сен тұратын орта емес, сені жақсы көретін орта.
- 04.Бірінші болып кешірім сұрау әлсіздік емес.
- 09.Ешқашан біреуді сынама. Бірақ өзгенің сынына дайын бол: өмір қиындықтан тұрады. Сынба, кеудеңді тік ұста, қызым.
- 10.Санаңды да, өзіңді де, айналаңды да таза ұста.
- 29.Қандай жағдай болмасын, мен сені әрдайым қолдайтынымды біл.
- 45.Маған кез келген уақытта, не болса да айта аласың. Мен әрдайым жаныңнан табыламын.
- 50.Тағы да есіңе сақта: қандай жағдай болса да, мен сені жақсы көремін.
Шекара, қадір және қарым-қатынас
- 05.Ешқашан жігіттің соңынан жүгірме. Ең дұрысы — олар сені өздері іздеп тапсын. Егер нағыз азаматты жолықтырсаң, оның жүрегінен орын алуға тырыс. Арақашықтық та қарым-қатынасқа кедергі болмауы керек.
- 06.«Жоқ» деген сөзді айтуға үйрен, әрі оны қолданудан қорықпа.
- 14.Біреуді қаншалықты жақсы көрсең де, өзіңді жоғалтпауға тырыс.
- 21.Өз рөліңде бақытты болуды біл және жалғыздықтан қорықпа.
- 22.Сезіміңді сыртқа шығарудан қорықпа.
- 24.Қайғыңды да, қуанышыңды да бөлісетін, әрдайым қолдайтын адамды таңда.
- 25.Есіңде болсын: сен ешкімнің меншігі емессің. Сен — қызсың, өз бағалыңды біл. Ал ол бағаның қаншалықты қымбат екенін әркімге айтып жүрме.
- 26.Ұрысуға болады, бірақ 9-ереже есіңде болсын.
- 33.Сүйкімді, тартымды қыз қызғаныштан да, өсектен де қашып құтыла алмайды. Сондықтан ешкімге де, ештеңеге де тым мән берме. Өзің болып қал.
- 38.Өзіңді жақсы көретін адамдармен байланысыңды ешқашан үзбе.
- 46.Қыздар жігіттердің көз жасы мен шағымын бірден «шешіп беруге» асықпағаны дұрыс. Көп жағдайда жігіттер өз проблемасын өздері шешеді.
Өзін-өзі дамыту, мақсат және төзім
- 11.Алдыңа мақсат қой, сол мақсатқа жету үшін күресе біл.
- 12.Әрбір кішкентай қиындыққа бола еңсеңді түсіре берме. Қиындықтың келуі — ақырзаман емес.
- 13.Ешқашан өзгені өзіңмен салыстырма: олар ешқашан сен секілді бола алмайды.
- 15.Сөйлe. Өз дауысыңды тап және оны қолдан.
- 16.Ең алдымен өзіңді сүй. Сонда ғана сен өзгені сүйе аласың. Сол кезде қыз болып туғанның қандай керемет екенін түсінесің.
- 17.Өмірбаян жазатын күн туады. Сол кезде қағазды бақытты сәттермен толтыруға тырыс.
- 18.Өмірде санасы төмен адамдарды да кездестіресің. Олардан іргеңді аулақ ұста.
- 23.Білім — алып күш. Өзіңді дамыт.
- 27.Өз-өзің үшін тұрып бере ал. Өмірде ең сенімді серігің — өзің.
- 28.Сәтсіздіктен қорықпа. Қателік — санаң мен мүмкіндігіңді жетілдіретін жаңа баспалдақ болуы мүмкін.
- 32.Ішкі сезіміңе, ішкі даусыңа сен.
- 34.Сенің қандай екеніңді сөзің емес, ісің көрсетеді.
- 39.Өмір жолында әрдайым басыңды тік ұста. Өзіңе сенімділік — көркем қасиет.
- 47.Сенің қабілетің өзің ойлағаннан да зор.
- 49.Өмір — бүгінгі күн. Қазіргі сәтте өмір сүр: кешегіні де, ертеңді де толық басқара алмайсың. Сондықтан әр күніңді бақытпен өткізуге тырыс.
Ізгілік, қарапайымдық және ішкі байлық
- 07.Біреуге жиі жақсылық жаса.
- 08.Есіңнен шығарма: дүние сені бақытты етпейді.
- 19.Қошемет сөздерді дұрыс қабылдай біл. Маған сен: сен — ғажап қызсың.
- 20.Әрқашан адал бол.
- 30.Ешбір келісім күтпей көмектесе біл. Бұл сені бақытты етеді: әлемге не сыйласаң, өзің де соны аласың.
- 31.Құрметті бол: ризалық мінезді ашады.
- 36.Айналаңдағы әр нәрседен әдемілікті көре білу — жақсы қасиет.
- 37.Еркекті байлығы үшін емес, кемеңгерлігі үшін бағала. Әйелді сұлулығы үшін емес, адалдығы үшін бағала.
- 40.Қажет кезде жылап ал. Сол көз жастан жаңа күш тап.
- 41.Күлкі — жанның дауаcы.
- 42.Өзгенің әуенін құрметте, бірақ өз әуеніңе биле.
- 44.Сенде бәрі жеткілікті.
- 48.Сен өте сұлуcың, және ешқашан ешкімге басқаша сезіндіруге жол берме. Өзгенің пікірі — тек реңкі бөлек әуен.
Тәуелсіздік және өзіңе тірек болу
- 43.Әрқашан өзіңді қамтамасыз ете алатын жағдайда бол.
Дерек
Аударған: «Қыздарға бәрі керек» тобы.
Қысқа түйін
Өзіңді құрметте, сөзіңді салмақта, білімге ұмтыл, шекараңды қорға, жақсылықты көбейт. Қай кезде де ішкі даусыңды тыңдап, бүгінгі күннің қадірін біл.