Басқа төсеп ұйықтауға арналған зат

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы

Қатынас

Бөлімі

Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы

Қ дыбысы және әрпі

Мақсаты

  1. Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, таза сөйлеуге үйрету.
  2. Сөз бен сөйлем құрату арқылы байланыстырып сөйлеуін және сөздік қорын дамыту.
  3. Қазақ халқының асыл қазынасын қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Тақырыпқа байланысты слайдтар
  • Әріптер
  • Текшелер

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Көрсету

Педагогқа ескерту

Сабақ барысында Қ дыбысының сөздің басында, ортасында, соңында кездесетінін нақты мысалдармен бекітіңіз; оқылым мен жазылымды бірізді үйлестіріңіз.

Сабақ барысы

Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Балалардың назарын шоғырландыру, жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Шаттық шеңбері

Алақанды ашайық, Көкке қолды созайық. Күннің нұрын алайық, Жүрегімізге салайық. Жиналған жылы шуақты Бәрімізге шашайық!

Жұмбақ

Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.

Жауабы: қар

Сұрақ: «Қар» сөзі қандай дыбыстан басталады?

Сұрақ: Қ дыбысы қандай дыбыс?

Қорытынды: Бүгін біз Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен танысамыз.

Ұйымдастыру-ізденушілік кезең

Жаңа дыбысты таныстыру, талдау, оқылым-жазылым дағдыларын бекіту.

Әріппен таныстыру

  • Қ дыбысының баспа түріндегі бас (үлкен) және кіші әріптерін көрсету.
  • Дыбыстың айтылу ерекшелігін түсіндіру және дұрыс артикуляцияға назар аударту.

Суретпен жұмыс

Сұрақ: Суреттен не көріп тұрсыңдар? (Сырмақ)

Сұрақ: Оны неден жасайды?

Сұрақ: Сырмақ қандай оюлармен әшекейленген?

Сырмақ және ондағы ою түрлері туралы толықтырып әңгімелеу; ұлттық құндылықты құрметтеуге бағыттау.

Дыбыстық талдау

«Ұшақ», «қобыз», «тышқан» сөздеріне дыбыстық талдау жасату және қ дыбысының орнын (басында, ортасында, соңында) ажыратқызу.

Балаларға қ дыбысы кездесетін сөздерді өздері ойлап айтуға тапсырма беру.

Сергіту сәті

«Көңілді күн» әуеніне сәйкес қимыл-қозғалыстар жасау.

Дәптермен жұмыс: оқу

  • Дәптердегі буындар мен сөздерді құрату.
  • Хормен және жекелей оқыту.

Дәптермен жұмыс: жазу

  • Үлгі бойынша Қ дыбысының бас және кіші әрпін бастырып жазу.
  • Жазу барысында әріптің көлбеулігі мен жоларалық сақталуына көңіл бөлу.

Сөзжұмбақ

  1. Заттар салу үшін ағаштан жасалған төртбұрышты жиһаз.
  2. Басқа төсеп ұйықтауға арналған зат.
  3. Ас ішетін құрал.

Дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

Мақсаты: балалардың ой шапшаңдығын дамыту, Қ дыбысы бар сөздерді жылдам табуға үйрету.

Ақпарат

Өңірі: Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Герасимовка ауылы

Мекемесі: Герасимовка орта мектебі

Лауазымы: мектепалды даярлық сынып мұғалімі

Автор: Муздапарова Райгүл Әдіковна

Материал

«Қ дыбысы және әрпі»

Жүктеу