Оқушыларды алгоритмге машықтандыру, екі амалмен бір амалмен шығарылатын есептерді пысықтай түсу
Математика (2-сынып)
Сабақтың тақырыбы: 26 + 42, 68 − 42 түріндегі өрнектерді жазбаша қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты
- 26 + 42, 68 − 42 түріндегі қосу мен азайтуды меңгерту.
- Оқушыларды алгоритм бойынша орындауға машықтандыру.
- Екі амалмен және бір амалмен шығарылатын есептерді пысықтау, салыстыру.
- Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Шапшаңдыққа, ептілікке баулу, білімге деген құштарлықты ояту.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Үлкенге амандасу —
Тәрбиенің ізеті.
Сәлеметсіздер ме, апайлар! Сәлеметсіздер ме, ағайлар!
Психологиялық дайындық
Бір, екі, үш —
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы дауыстап оқытылып, тексеріледі (слайд 1 бойынша).
Ширату
Математика — қызық пән,
Бәріміз оны білеміз.
Қызықты есеп шығарып,
Тез жауабын береміз.
Ауызша есептеу тапсырмалары (слайд 2)
III. Жаңа сабақ
Қосындыны табу (слайд 3)
Қосындының мәні ондықтар мен бірліктер бойынша табылады.
Шешуі
26 + 42 = 68
Айырманы табу (слайд 3)
Айырманың мәні де ондықтар мен бірліктер бойынша табылады.
Шешуі
68 − 42 = 26
Ереже (жазбаша қосу/азайту алгоритмі)
- Бірліктерді бірліктердің астына, ондықтарды ондықтардың астына дәл келтіріп жазамыз.
- Бірліктерді қосамыз (немесе азайтамыз), нәтижесін астына жазамыз.
- Ондықтарды қосамыз (немесе азайтамыз), нәтижесін астына жазамыз.
- Жауабын тексереміз.
IV. Оқулықпен жұмыс
4-слайд бойынша жұмыс. Тапсырманы орындамас бұрын жолда жүру ережелерін еске түсірейік.
Сұрақ-жауап
Сұрақ
Қоғамдық көлікке қай жерден отырамыз?
Жауап
Аялдамадан.
Дұрыс. Ендеше аялдамадан автобусқа отырайық та, келесі есепті шығарайық: № 3 — түсіндіре отырып орындау.