Балалрдың тілге деген қызығушылығын арттыру

Атырау облысы • Макат ауданы • п. Макат

«Нұрбөбек» бөбекжай-балабақшасының тіл маманы: Аубекер Гүляим Амандаулетқызы

Білім саласы

Қатынас

Кіші сала

Ағылшын тілі

Тақырыбы

Happy birthday. Numbers 6 and 7.

Мақсаты

«Happy birthday» тақырыбы бойынша жаңа лексикамен және 6, 7 сандарымен таныстыру.

Міндеттері

  • six, seven, candle, cake, balloon, present, hat сөздерін меңгерту.
  • 6 және 7 сандарын үйрету.
  • Өз жасын айта білу: I’m 6.
  • How many…? сұрағын қолдану және жауап беруді үйрету.
  • Туған күн тақырыбында таңдау жасау және сөйлеу дағдыларын дамыту.
  • Тілге қызығушылық пен достарға мейірімділікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Балалардың тілге қызығушылығы артады.
  • Тыңдау және сөйлеу дағдылары дамиды.
  • Достық, мейірімділік құндылықтары нығаяды.

Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар

  • Түрлі түсті қарындаштар
  • 7-ге дейінгі сандар және ойыншықтар бейнеленген карточкалар
  • CD-плеер, аудиодиск

Белсенді лексика

six seven cake balloon hat present happy birthday

Билингвальді компонент

six

алты • шесть

seven

жеті • семь

cake

тәтті нан • торт

candle

балауыз шам • свеча

balloon

шар • шары

hat

қалпақ • шапка

present

сыйлық • подарок

Happy birthday!

Туған күніңмен! • С днем рождения!

Оқу іс-әрекетінің барысы

1) Мотивациялық-қозғаушы кезең

Педагог балалармен амандасады: Hello, children.

Бүгін біз Foxy-дің туған күніне барамыз. Оны туған күнімен құттықтауға асығайық: Happy birthday!

2) Іздену-ұйымдастырушы кезең

Сұрақ-жауап: жасын айту

Педагог балалардан жасын сұрайды: How old are you? Бұл сұрақ негізгі белсенді құрылым ретінде қарастырылмайды, бірақ балалар оның мәнін түсініп, жауап беруді үйренуі үшін оқу іс-әрекетінде қолданылады.

1-жаттығу: 6 және 7 сандары

Өз жастарыңды айту үшін алдымен сандарды жаттап алайық: six (алты), seven (жеті).

Педагог флипчарт арқылы дайындалған сандарды тыңдатады (сандар «сөйлейді»).

Жауап үлгісі:

I’m 6. / I’m 7.

Педагог әр балаға How old are you? сұрағын қояды.

2-тапсырма: туған күнге қажетті заттар

Педагог «Туған күнде қандай заттар керек?» деген сұрақ арқылы балаларды ойлануға жетелейді. Флипчарттағы батырмаларды басу арқылы жаңа сөздермен таныстырады, суретте не бейнеленгенін сұрайды.

cake

тәтті нан • торт

candle

балауыз шам • свеча

balloon

шар • шары

hat

қалпақ • шапка

present

сыйлық • подарок

Happy birthday!

Туған күніңмен! • С днем рождения!

Сұрақтар

  • How many candles?
  • How many balloons?
  • How many presents?
  • How many children?

3-тапсырма: жасты шам саны арқылы анықтау

Педагог балалардан туған күн иесінің нешеге толғанын балауыз шамдардың саны бойынша анықтауды сұрайды (дайындалған флипчарт бағдарламасы арқылы).

Сергіту сәті

Педагог балаларға бейнеролик арқылы сергіту сәтін көрсетеді.

4-тапсырма: дидактикалық ойын — “What is it?”

Жүргізілу барысы: жасырынған суреттер арқылы жаңа сөздердің атауын табу.

5-тапсырма: ән — “Happy Birthday to You”

Педагог балаларды ағылшын тілді елдерде туған күнде айтылатын әнмен таныстырады (Track 10).

Happy birthday to you.

Happy birthday to you.

Happy birthday, dear Foxy!

Happy birthday to you!

3) Рефлексивті-коррекциялаушы кезең

Педагог оқу іс-әрекетін қорытындылап, сабақта үйренген жаңа сөздерді еске түсіруді ұсынады.

Белсенді қатысқан балаларға үлестірмелі бағалар беріліп, мадақтау сөздері айтылады.

Үй тапсырмасы

“Happy birthday to you” әнін жаттап келу.

Ескерту

Қажет болған жағдайда оқу материалының толық нұсқасын жүктеуге болады.