Дыбыстық жаттығу

Тренинг: «Жақсы көңіл-күй — жан азығы»

Мақсаты

Мұғалімдердің эмоционалдық жағдайын көтеру, кәсіби күйіп-жанудың алдын алу, өз-өзіне құрметпен қарауды нығайту және топтық жұмыс дағдыларын одан әрі дамыту.

Эпиграф

«Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатқан жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз».

Бернард Шоу

Көрнекілік құралдар

  • Музыка аппараты
  • Баяу әуендер жинағы (диск)
  • «Сіз стресті бағындыра аласыз ба?» тесті

Жоспар

  1. 1 Танысу. Бір-біріне комплимент айту.
  2. 2 Дыбыстық жаттығу.
  3. 3 Тест: «Сіз стресті бағындыра аласыз ба?»
  4. 4 «Картаны аяқтау» тапсырмасы.
  5. 5 Сергіту сәті: «Гүлдер әуені».
  6. 6 Жаттығу: «Сыйлық».
  7. 7 Жүргізілген жұмысты қорытындылау.

Жүру барысы

Кіріспе сөз

Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психоэмоционалдық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттерді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға және бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға бағытталған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

Жұмысымызды бастамас бұрын, бәріміз шаттық шеңберіне жиналып, бүгінгі күнге байланысты бір-бірімізге жылы тілек білдірейік.

Дүниеде мұғалімдіктен қадірлі мамандық аз. Бұл — жауапкершілігі жоғары, күрделі міндет. Оқушылардың интеллектуалдық деңгейі күннен күнге артып келе жатқандықтан, мектептегі жұмыс та жыл сайын күрделене түсуде.

Ұстаз мамандығы басқа көптеген кәсіптерге қарағанда стресс жағдайларына жиі ұшырайды. Әсіресе көктем мен күз мезгілінде шаршау күшейіп, эмоциялық ахуал төмендейді. Сондықтан бүгін біз көтеріңкі көңіл-күйді сақтауға көмектесетін бірнеше қысқа жаттығуды бірге жасап үйренеміз.

2) Дыбыстық жаттығу

Мақсаты

Дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен денені босаңсыту, тынығуға мүмкіндік беру.

Ереже

  • Өзіңізді бірқалыпты әрі жайлы сезініңіз.
  • Тік тұрып, арқаңызды тік ұстаңыз.
  • Алдымен мұрынмен терең дем алыңыз.
  • Дем шығарғанда дыбысты анық, қатты әрі қуатты етіп айтыңыз.

Дыбыстардың әсері

А

Бүкіл дененің сауығуына көмектеседі.

Е

Қалқанша бездің жұмысына әсер етеді.

И

Миға, көзге және құлаққа ықпал етеді.

О

Жүрек пен өкпенің жұмысына әсер етеді.

У

Асқазан маңындағы ағзаларға ықпал етеді.

Х

Дененің тазаруына көмектеседі.

ХА

Көңіл-күйді көтеруге ықпал етеді.

Жаттығуды жаттап алып, мүмкіндігінше күнделікті орындап жүріңіздер. Денсаулық — өз қолымызда, ал эмоциялық күйзелістің алдын алу — тұрақты әдеттен басталады.

3) Тест: «Сіз стресті бағындыра аласыз ба?»

Енді өзіңіз стресс деңгейін қаншалықты басқара алатыныңызды анықтап көрейік.

Нұсқау

Төменде берілген сұрақтарға «иә», «жоқ» немесе «кейде» деп жауап беріңіз.