Барыстың күшігі

Сабақтың тақырыбы

Жануарлар қалай өсіп-өнеді?

Сабақтың мақсаты

  • Жануарлардың көктемгі тіршілігімен таныстыру.
  • Табиғатпен байланыс орната білу дағдыларын дамыту.
  • Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Топтық жұмыс

Көрнекіліктер

  • Жабайы жануарлар бейнеленген суреттер
  • Интерактивті тақта
  • Тест тапсырмалары

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Түгендеу.
  • Зейінді жаңа сабаққа аудару.

II. Психологиялық дайындық

Әрбір адам — туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ — үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім — тіршілік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім — шындық, бірлік, адалдық.

Сұрақ

Балалар, бүгінгі дүниетану сабағымыз қалай өтсін деп ойлайсыңдар?

Жауап

Көңілді өтсін! Сәттілік тілейміз!

Жыл қайыру кестесін еске түсіру

Жануарлар жыл басына таласқан ертегі бойынша жыл басы — тышқан. Қалған жануарлар өз орындарын алады:

Тышқан Сиыр Барыс Қоян Ұлу Жылқы Жылан Қой Мешін Тауық Ит Доңыз

Сұрақ

Қандай жылды шығарып салып, қай жылды қарсы алдық?

Жауап

Барыс жылын шығарып салып, қоян жылын қарсы алдық.

Көрнекілік арқылы ой қозғау

Суреттегі бойтұмар — Азиаданың бойтұмары. Ол — барыстың күшігі.

Көрініс: Ирби мен Қоян

Қоян: «Әй, сен кімсің?»
Ирби: «Мен — барыстың күшігі, аланмын. Атым — Ирби. Мен 2011 жылғы Азиаданың бойтұмарымын.»
Қоян: «Ал сен кімсің?»
Қоян: «Мен — биылғы жылдың иесі қоянмын. Қорқақ болсам да, өте епті әрі жүйрікпін.»

Көріністің жалғасы

Қоян: «Ирби, сен тауда өмір сүрмейсің бе? Жерде не істеп жүрсің?»
Ирби: «Мен биік таудың басында өмір сүріп, қарда асыр салып ойнауды, жартастан-жартасқа секіруді қатты ұнатамын. Бірақ онда ойнайтын ешкім жоқ. Сондықтан жерден достар іздеп келдім.»
Қоян: «Дос таптың ба?»
Ирби: «Иә. Астана мен Алматыда Азия ойындары өтетінін естіп, Астанаға келдім. Әртүрлі елдерден келген батыл, мықты, төзімді спортшылармен дос болып, олардың жеңіске жетуіне тілеулес болдым.»

Ақпараттық блок: Қысқы Азия ойындары

  • Елімізде Қысқы Азия ойындары өтіп жатыр.
  • Ойындар 7-рет ұйымдастырылуда.
  • Жарыстар 11 қысқы спорт түрінен өтеді.
  • 69 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
  • Азияның 26 елінен спортшылар қатысады.

III. Өткенді қайталау: «Жануарлар әлемі» тарауы

Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?

Құстар Сүтқоректілер Қосмекенділер Балықтар Бунақденелілер Бауырымен жорғалаушылар

Сүтқоректілер неше топқа бөлінеді?

Екі топқа: үй жануарлары және жабайы жануарлар.

Құстар неше топқа бөлінеді?

Үй құстары және жабайы құстар.

Үй тапсырмасын еске түсіру (топтық жұмыс)

  1. Көктемде құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
  2. Қызғылт қоқиқаздар туралы не білесіңдер?
  3. Көкек туралы әңгімеле.

Жалпылама сұрақтар

  • Құстар қалай өсіп-өнеді?
  • Құстар ұясына неге жоламау керек?
  • Құстарға қандай көмек көрсете аласыңдар?

Өзекті жағдаят

Егер жер бетінде құстар жойылып кетсе, не болар еді?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

IV. Қызығушылықты ояту: жұмбақтар

Жұмбақтың шешуін қай топ дұрыс тапса, сол топ сол жануардың атымен аталады.

Жұмбақ 1

Қорыққанда желаяқ, отырғанда томардай-ақ.

Жауабы: Қоян

Жұмбақ 2

Жапырақ жоқ бұтасында, қос емен өсіп тұр бір басында.

Жауабы: Бұғы

Жұмбақ 3

Жаз бойы орман кезеді, жеміс-жидек қорегі. Апан — оның іні, қысқы ермегі — ұйқы.

Жауабы: Аю

Топ атаулары

1-топ

Аюлар

2-топ

Бұғылар

3-топ

Қояндар

Сұрақ

Бұл жануарлар қандай жануарларға жатады?

Жауап

Жабайы жануарлар.

Сабақтың тақырыбы

Жабайы жануарлардың өсіп-өнуі.

V. Сергіту сәті

Кі-кі — бұлғаңдайды түлкі,
Ян-ян — секіреді қоян,
Ю-ю — қорбаңдайды аю,
Ыр-ыр — ырылдайды қасқыр.

Жаңа материалмен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы мәтін оқылады және талқыланады.

Ойын: «Жануарлардың жиналысы»

Шарты: оқушылар бір-бірін көретіндей дөңгелене отырады. Әр оқушы өзін бір жануардың орнына қойып, сол жануардың атынан сөйлейді.

Мысал: «Біз, бақалар, көктемде ұйқыдан оянып, уылдырық шашамыз.»

Топтық жұмыс

Әр топ өз атауына сәйкес жануар туралы әңгімелейді.

  • «Аюлар» тобы: аюлар туралы.
  • «Бұғылар» тобы: бұғылар туралы.
  • «Қояндар» тобы: қояндар туралы.

Пікірталас: жануарлардың табиғатқа пайдасы

  • Қасқырды «орман санитары» деп атайды, өйткені ол өлекселерді жеп, табиғатты тазартады.
  • Жануарлар өсімдіктердің таралуына және өсіп-өнуіне көмектеседі.
  • Кейбір жануарлар зиянды жәндіктерді жояды.

Жануар төлдерінің атаулары

Аққудың баласы

көгілдір

Еліктің баласы

еңілік

Жолбарыстың баласы

шөнжік

Аюдың баласы

қонжық

Бұғының баласы

бұғышақ

Түлкінің баласы

түлкішек (мыршай)

Қоянның баласы

көжек

Барыстың баласы

алан

Киіктің баласы

құралай

Бақылау күнделігі

Сызық арқылы әр жануарды өз төлімен сәйкестендіру тапсырмасы орындалады.

Жануарлар мен табиғат байланысы

Тіршілік тізбегі арқылы байланыстарды анықтау (мысалдар):

  • Өсімдік → дала/орман тышқандары → жыландар
  • Өсімдік → жәндіктер → аю
  • Өсімдік → жәндіктер → кірпілер
  • Өсімдік → бұлан → қасқырлар

Сабақты қорытындылау

Сұрақтарға жауап беру

  1. Аңдар қалай өсіп-өнеді?
  2. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар қалай өсіп-өнеді?
  3. Жыртқыштар мен басқа жануарлардың көбеюінде қандай айырмашылық бар?

Ойын: «Менің сүйіктім»

Тақтаға бір жағына жануарлардың аттары, екінші жағына төлдерінің атаулары жазылады. Оқушылар оларды сызба арқылы дұрыс сәйкестендіреді.

Бағалау

Топтардың жинаған ұпай саны бойынша бағалау жүргізіліп, мадақтау айтылады.