Шұбалшаңның қозғалуы

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер

Бұл сабақтың негізгі мақсаты — көпжасушалы жануарлардың орын ауыстырып қозғалу тәсілдерінің алуан түрлілігін таныту, тірек-қимыл жүйесінің құрылысын түсіндіру және оның жануар тіршілігіндегі маңызын ашу. Оқушы қозғалыстың тіршілікті сақтаудың басты шарттарының бірі екенін ұғынуы тиіс.

Білімділік

Жануарлардың алуан түрлілігі, таралуы және орын ауыстыру түрлері туралы оқушының өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, қаңқа (тірек) және бұлшықет (қимыл-қозғалыс) мүшелерінің рөлін нақтылау.

Дамытушылық

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, талдау жасау дағдыларын дамыту және шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелілік

Топпен жұмыс істеуге, өз ойын еркін айтуға, табиғатта және күнделікті өмірде көргенін дәлелмен жеткізуге тәрбиелеу.

Сабақ форматы мен ресурстар

Сабақтың түрі

  • Сайыс сабақ
  • Аралас сабақ

Құрал-жабдықтар

  • Видеокөрсетілімдер
  • Слайдтар
  • Сызбанұсқалар
  • Қағаздан жасалған үлгілер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың ырғағын қалыптастыратын қысқа, бірақ маңызды қадамдар.

  • 1 Сәлемдесу.
  • 2 Оқушыларды түгендеу.
  • 3 Құралдарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру: «Ой қозғау»

Тақырыпқа кіріспе ретінде омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесін талқылау.

Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы туралы әңгімелеу және сұрақтарға жауап беру:

  1. 1) Жүрегі 2 бөлімді.

    Қанайналым жүйесі бір шеңберлі. Организм оттегіне бай таза артериялық қанмен қалай қамтамасыз етіледі?

  2. 2) Жүрегі 3 бөлімді.

    Неліктен организм веналық және артериялық қан араласқан қанмен (шамамен тең мөлшерде) қамтамасыз етіледі?

  3. 3) Жүрегі 3 бөлімді.

    Қанайналым жүйесі екі шеңберлі. Неліктен организм артериялық қаны көбірек араласқан қанмен қамтамасыз етіледі?

  4. 4) Жүрегі 4 бөлімді.

    Неліктен организм таза артериялық қанмен толық қамтамасыз етіледі?

III. Жаңа сабақты меңгерту: «Миға шабуыл»

Қозғалыс — тіршілікке бейімделудің өзегі. Мысал келтіріп, себеп-салдарын талдаймыз.

Жануарлар әлемінде бір орыннан екінші орынға қозғалып, дамыл таппай жүретін түрлер көп. Мысал келтіріп, олардың не үшін қозғалатынын айтыңдар. Одан кейін жануарлардың әртүрлі мүшелердің көмегімен қалай қозғалатынын талдаймыз.

  • 1) Гидраның қозғалысы

    Видеокөрсетілім арқылы бақылау.

  • 2) Шұбалшаңның қозғалысы

    Видеокөрсетілім арқылы бақылау.

  • 3) Ұлулардың қозғалысы

    Видеокөрсетілім арқылы бақылау.

  • 4) Шаяндар мен өрмекшілердің қозғалысы

    Видеокөрсетілім арқылы бақылау.

  • 5) Бунақденелілердің қозғалысы

    Суреттер арқылы талдау.

IV. Қызығушылықты арттыру: тапсырмалар

Топтық жұмыс, сәйкестендіру, салыстыру және ойынды элементтер.

Топтық тапсырма

1-топ

Гидраның қозғалысын суреттеп, мазмұндау.

2-топ

Шұбалшаңның қозғалысын суреттеп, мазмұндау.

«Сандар сыры» және сәйкестендіру

Берілген нысандар мен сипаттамаларды сәйкестендіріңіз:

  • 1. Гидра
  • 2. Шұбалшаң
  • 3. Ұлу
  • 4. Шаян
  • 5. Өрмекші
  • 6. Инелік
  • A. Топырақтың құнарлығын арттырады
  • Б. Адымдап, тоңқаңдап қозғалады
  • В. 2 жұп қанаты бар
  • Г. Өрмек бездерімен өрмек тоқиды
  • Д. Құйрық жүзбеқанаттары бар
  • Е. Өте баяу қозғалады

Венн диаграммасы (салыстыру)

1-топ

Гидра мен шұбалшаңның ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.

2-топ

Шаян мен өрмекшінің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.

Семантикалық карта

Ұғымдарды жүйелеу және байланысын табу үшін семантикалық карта толтырылады.

«Адасқан әріптер»

Берілген сөздердің әріптері орын ауыстырылған. Дұрысын табыңыз:

  1. 1) Нақденләелербу —
  2. 2) Аянш —
  3. 3) Лершікемрө —
  4. 4) Дргаи —
  5. 5) Үзжмі улұ —
  6. 6) Ңашбшұал —
  7. 7) Кілени —
  8. 8) Рсқаұмқы —

V. Сабақты бекіту және рефлексия

Оқушы өз оқу нәтижесін қысқа тұжырыммен бағалайды.

Нені білдім?

Бүгінгі сабақта меңгерген негізгі ұғымдар мен қорытындылар.

Нені білгім келеді?

Келесі сабақта тереңдетуді қажет ететін сұрақтар.

Қосатыным

Өз ұсынысы, толықтыруы немесе қызықты байқауы.

VI. Бағалау және үй тапсырмасы

Сабақ соңындағы қорытынды бөлім.

Бағалау

Топтық жұмыс, жауап беру белсенділігі және тапсырмалар нәтижесі бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма

§42 оқу, мазмұндау.