Сабақтың дамытушылығы. Сабақтың тәрбиелігі

Біріктірілген сыныптарға арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы

Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс

Тарих.

Көрнекіліктер

Қосымша оқулықтар, карта, суреттер және т.б.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: оқушыларға дүниежүзілік мұхит, оның бөліктері, адам өміріндегі маңызы және орналасу ерекшеліктері туралы түсіндіру; білімін кеңейту.
  • Дамытушылық: пәнге қызығушылығын арттыру, өзіндік көзқарасын қалыптастыру, ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігін дамыту.
  • Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, үлкенді сыйлауға, кішіні құрметтеуге, Отанын және туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың дайындығын тексеру, оқу мақсаттарын қысқаша таныстыру.

II. Өткенді қайталау (сұрақтар)

  1. 1. Гидросфера деп нені айтамыз?
  2. 2. Гидросферадағы барлық судың көлемі қанша?
  3. 3. Тұщы судың үлесі қанша?
  4. 4. Күн жүйесі планеталарында су қандай күйлерде кездеседі?
  5. 5. 4 млрд жыл бұрын Жер бетінде қанша су болды?
  6. 6. Дүниежүзілік су айналымы деп нені атаймыз?

III. Жаңа сабақ

1) Дүниежүзілік мұхит

Картаға қарасақ, Жер шарының басым бөлігін су алып жатқанын көреміз. Бұл тұтас су кеңістігі Дүниежүзілік мұхит деп аталады.

Ауданы

361 млн км²

Жер бетінің шамамен 3/4 бөлігі.

Негізгі ерекшелік

Жеке мұхиттар өзара жалғасқан. Бір нүктеден екінші нүктеге құрлыққа шықпай-ақ жетуге болады.

Мұхиттар мен теңіздер қоршаған ірі құрлықтар материктер (континенттер) деп аталады. Дүниежүзінде 6 материк бар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия, Антарктида.

Арал

Жан-жағын су қоршаған құрлық бөлігі. Мысал: Гренландия, Мадагаскар, Исландия.

Түбек

Құрлықтың су кеңістігіне сұғына еніп тұрған бөлігі. Мысал: Апеннин, Лабрадор.

Құрылымы

Дүниежүзілік мұхит 4 мұхиттан тұрады.

Тынық мұхит

  • Ең үлкен және ең терең мұхит: 180 млн км².
  • 1520–1521 жж. Ф. Магеллан алғаш жүзіп өткен; дауыл болмағандықтан «Тынық» атауы берілген.
  • Ең терең нүктесі: Мариан шұңғымасы — 11022 м.

Атлант мұхиты

  • Тынық мұхиттан шамамен екі есе кіші: 92 млн км².
  • Солтүстік полярлық аймақтан оңтүстік полярлық аймаққа дейін созылады.
  • Батыс пен шығысты жалғайтын маңызды кеме жолдары өтеді; кеме қатынасы кең игерілген.

Үнді мұхиты

  • Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін қамтиды: 75 млн км².
  • Ең жылы мұхит.
  • Суының тазалығы және көгілдірлігімен ерекшеленеді (оңтүстік бөлігіне құятын өзен аз).

Солтүстік Мұзды мұхит

  • Ең шағын мұхит: 14 млн км².
  • Көп бөлігі жыл бойы мұзбен жабық.
  • Басқа мұхиттарға қарағанда тайыз: материк шетіндегі тереңдік көбіне 200 м-ден аспайды; аралдары көп.

2) Мұхит бөліктері

Мұхит бөліктеріне теңіздер, шығанақтар және бұғаздар жатады.

Теңіз

Мұхит суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жағынан біршама оқшауланған бөлігі. Көбіне жағалауда орналасады, бірақ ашық мұхитта да кездеседі (мысалы, Саргасс теңізі).

Түрлері

  • Ішкі теңіздер: материкке сұғына енеді (мысалы, Жерорта теңізі, Кара теңізі).
  • Шеткі теңіздер: материк маңында (мысалы, Баренц, Лаптевтер, Жапон, Охота, Шығыс Қытай теңіздері).

Шығанақ

Мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі.

  • Атлант мұхитында: Гудзон, Мексика шығанақтары.
  • Үнді мұхитында: Парсы шығанағы.

Бұғаз

Екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қысып шектеп тұрған енсіз су айдыны. Мұхит бөліктері бір-бірімен бұғаздар арқылы жалғасады.

Дерек

  • Ең кең (шамамен 950 км) және ең терең (5248 м): Дрейк бұғазы.
  • Ең ұзын (шамамен 1670 км): Мозамбик бұғазы.