Күлпаш әңгімесінің мазмұнын айт

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

С. Торайғыров — «Кедей» (поэмасынан үзінді).

Әдісі

Топпен жұмыс.

Қолданылатын тәсілдер мен құралдар

  • СТО
  • Венн диаграммасы
  • Топтастыру
  • Ой қозғау
  • Эссе жазу
  • Оқыту үшін бағалау
  • Оқуды бағалау
  • АКТ
  • Диалогтік әдіс

Мақсаты мен күтілетін нәтиже

Білімділік

Өлеңді мәнерлеп оқу арқылы мазмұнын ашу, негізгі ойды анықтау.

Дамытушылық

Өлеңдегі оқиғаны өз түсінігімен жеткізе білуге дағдылану; тіл байлығын арттыру, сөздік қорды молайту.

Тәрбиелік

Еңбексүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Психологиялық ахуал

Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.

Қызығушылықты ояту

Топқа бөлу: 1, 2, 3 сандарын айту арқылы үш топқа бөлу.

Үй тапсырмасы: Б. Майлиннің «Күлпаш» әңгімесі.

  • 1-топ: Б. Майлиннің өмірі мен шығармашылығы.
  • 2-топ: «Күлпаш» әңгімесінің мазмұны.
  • 3-топ: Халық басына түскен ашаршылық туралы әңгімелеу.

Өткен сабақты қорытындылау

Оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін тест сұрақтары беріледі.

1) «Күлпаш» мәтінінде айтылған кезең?

  • А) Қазіргі кезең
  • Ә) Ашаршылық
  • Б) Жоңғар шапқыншылығы

2) Ашаршылық қашан болған?

  • А) 1940 ж.
  • Ә) 1936–1937 жж.
  • Б) 1930–1932 жж.

3) Төмендегі жолдардың авторы кім?

«Жырлағаным – кедейдің жыры,
Сырлағаным – кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір,
Мен дағы сол кедейдің бірі.»

  • А) Б. Майлин
  • Ә) Қабанбай батыр
  • Б) Б. Соқпақбаев

Ой қозғау

Соңғы тапсырмада қай сөз қайта-қайта қолданылды?

Кедей

Бүгін біз С. Торайғыровтың «Кедей» шығармасымен танысамыз.

Мағынаны тану

Автор туралы

С. Торайғыров — ақын, ағартушы, шыншыл қаламгер, ел қамын ойлаған тұлға.

Топтастыру

  • Жазушы
  • Ақын
  • Ағартушы
  • Шыншыл
  • Ел қамқоршысы

С. Торайғыровтың шығармалары

Өлеңдері

«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы», «Бір адамға», «Жарлау», «Бұлар кім?»

Поэмалары

«Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс», «Қайғы»

Прозасы

«Қамар сұлу», «Кім жазықты?», «Ауырмай есімнен жаңылғаным»

Бүгін біз ақынның «Кедей» поэмасынан үзінді оқимыз.

Сергіту сәті

«Көңілді күн» бейнеүзіндісі арқылы оқушылар сергіп алады.

Оқулықпен жұмыс

1) Үлгі оқу

Мұғалім «Кедей» өлеңін мәнерлеп оқып береді.

2) Тізбектей оқу

Оқушылар өлеңді кезекпен оқиды.

3) Топтық тапсырмалар

Шумақтар бойынша тірек сөздерді анықтап, мазмұнын ашу.

I топ

1-шумақты оқып, тірек сөздерді жазады. Сол сөздер арқылы өлең мазмұнын ашады.

Тірек сөздер

күзгі түн, ызғар, қырау, бұлт, қараңғы, ел ұйқыда, т.б.

II топ

2-шумақты оқып, тірек сөздерді жазады. Сол сөздер арқылы өлең мазмұнын ашады.

Тірек сөздер

ұзақ түн, иттен басқа, жаурау, талай жасқа, т.б.

III топ

Мәтінде қандай жыл мезгілдері суреттелген? Тақырыппен сәйкестік бар ма?

Қорытынды үлгісі

  • Қыс — қатал; кедейдің өмірі ауыр.
  • Күз — ызғарлы; тақырыппен сәйкестік бар: «кедей» ұғымы.

Ой толғау

I топ

«Қазір кедей адам жоқ.»

II топ

«Қазіргі кезде кедей адамдар бар.»

III топ

«Аштық пен кедейлік туралы менің ойым.»

Эссе

Тақырып: «Аштық пен кедейлік болмас үшін не істеуге болады?»

Ой тұжырым

Венн диаграммасы арқылы екі мәтіннің ортақ қасиеттерін анықтау:

Б. Майлин — «Күлпаш»

Ұқсастығы

  • Халық тұрмысының ауырлығы
  • Жоқшылық, әлеуметтік теңсіздік
  • Адамгершілік құндылықтары

С. Торайғыров — «Кедей»

Рефлексия

Мен бүгін не үйрендім? Кедейлікке жол бермеу үшін білім алып, сабақты жауапкершілікпен оқып, адал еңбек ету керектігін түсіндім.

Үй тапсырмасы

«Кедей» өлеңін жаттау.

Бағалау

Формативті бағалау

Сабақ барысындағы жауаптар, топтық жұмыс және белсенділік бойынша.

Суммативті бағалау

Тапсырмалардың орындалуы мен қорытынды нәтижеге қарай.

Автор туралы мәлімет

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, П. Теряев атындағы №17 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Бекказы Гүлмира Есенханқызы.