Географиялық карталардан өзендердің белгіленуін қарастыру

Күнделікті сабақ жоспары (Жаратылыстану, 5-сынып)

Бұл жоспар 6–10-сабақтарға арналған. Негізгі бөлім төменде толық берілген: 6-сабақ — «Өзендер».

6-сабақ

Өзендер

7-сабақ

Ауаның ластануы, атмосфераны қорғау

8-сабақ

Бақылау жұмысы

9-сабақ

Жарық бөліп шығару құбылысы

10-сабақ

Айналамыздағы дыбыстық құбылыстар

Тақырыбы: Өзендер

Мақсаты (білімділік)

  • Өзендер туралы түсінік қалыптастыру.
  • Өзендердің теңіздерден айырмашылығын түсіндіру.
  • Қазақстанның ірі өзендерін таныстыру.

Мақсаты (дамытушылық)

  • Атласпен жұмыс арқылы ойлау қабілетін дамыту.
  • Картамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Мақсаты (тәрбиелік)

  • Суды қорғауға және үнемдеуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

  1. 1 Үй жұмысын тексеру.
  2. 2 Жаңа материалды меңгерту.
  3. 3 Бекіту.
  4. 4 Үй тапсырмасын беру.

Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексеру

1) Теңіз дегеніміз не? Орналасуына қарай теңіздерді қалай ажыратамыз?

2) Көл дегенді қалай түсінесің?

3) Адам өмірі үшін көлдер мен теңіздердің қандай маңызы бар?

4) Мұхит пен теңіз суларының ластануы неге байланысты?

5) Еуразияның жағалауын қандай теңіздердің сулары шайып жатыр?

Жаңа сабақ

Географиялық картаға мұқият қарасаңдар, материктердің үстінде жіп сияқты жан-жаққа созылған көкшіл сызықтарды көресіңдер. Бұл — жай ғана белгі емес, өзендер.

Негізгі ұғымдар

Өзен
Табиғи жолмен пайда болған арна арқылы ағатын су.
Бастау
Өзеннің басталатын жері.
Өзен алабы
Өзеннің бастауынан құяр жеріне дейінгі аралық.
Өзен аңғары
Өзен алабында ұдайы ағып жатқан судың әсерінен төмен түскен жер бедері.
Өзен саласы
Үлкен өзенге екі қапталынан келіп құятын кішігірім өзендер.

Қызықты деректер

  • Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен — Ніл (6671 км).

  • Ең суы мол өзен — Амазонка.

  • Қазақстандағы ең ұзын өзен — Ертіс.

Сабақта қарастырылатын тармақтар

  1. Географиялық карталардан өзендердің белгіленуін қарастыру.
  2. «Өзен» ұғымын анықтау.
  3. Бастау ұғымы.
  4. Өзен аңғары.
  5. Өзен жайылмасы.
  6. Өзен саласы.

Бекіту

Алдымен тақырыпты оқып шығып, атласпен жұмыс жасаңыздар. Картадан төмендегі өзендерді тауып, кескін картаға белгілеңіздер:

Ніл Амазонка Ертіс Есіл Тобыл Жайық Сырдария Іле Шу

Сұрақтарға жауап беріңіздер

  1. 1 Өзен дегеніміз не?
  2. 2 Судың ағыны қалай пайда болады?
  3. 3 Өзеннің құрамдас бөліктерін атаңыз.
  4. 4 Өзің тұратын ауыл немесе қала арқылы ағатын өзенге мысал келтір.

Үй тапсырмасы

Оқу

§ 23 оқу.

Жауап беру

1–3-сұрақтарға жауап беру.

Ескерту: Толық нұсқасын қарау.