Марат атқа міне сап, Тура шапқан қасқырға
Ескен Елубаевтың өлеңі
Біз қашаннан тек жүр ек:
Қайсысымыз батырмыз,
Қайсысымыз ер жүрек?
Деп дауласып жатырмыз.
Мұндайда кім тартынбақ,
Айтылатын жер бүгін.
Айтып жатыр әркім – ақбастан өткен ерлігін.
Мараттың бір жасаған
Ерлігі бар анада.
Каникулға босаған
Жаз шығатын шамада.
Атасына болысып,
Жүретін - ді қой бағып.
Итіменен алысып,
Қалған екен алданып.
Қойға қасқыр шауыпты,
Шыға келіп бүйірден.
Жыртқыш қой ол қауіпті
Бір қапталдан шүйілген.
Марат атқа міне сап,
Тура шапқан қасқырға.
Тұра қашқан біле қап,
Ол албасты басқыр да.
Бірге ілесіп қалмаған
Ит те қуған айт десе.
Әттең, жете алмаған
Әйтпесе ғой, әйтпесе!
1Қора қойды қасқырға
Алдырмауы батырлық
Жыртқышты бір састырған,
Ерлікке бұл татырлық .
Кезектегі ендігі
Бойы биік ерекше,
Батырханның ерлігі
Бұдан гөрі ерекше.
Атасы мен анасы
Барарында қонаққа
Үйде жалғыз қалады,
Дайындалып сабаққа.
Түннің орта кезінде
Олар үйге қайтады
Ал оның өзінде
Қорықпастан жатады.
Үйде жалғыз қалғаны,
Атына сай батырлық,
Жүрек жұтқан болғаны
Ерлікке бұл татырлық .
Ал Асхат ше, қасапшы
Әкесіне болысқан,
Қолғабыс та жасапты,
Қаншама қой сойысқан.
Тіреуге асып, байлап ап,
Еппен ірей бастапты.
Мүшелеп боп, жаймалап,
Тұзда сеуіп тастапты.
Қорықпай қой сойғаны,-
Дедік, - нағыз батырлық .
Жүректілік ол – дағы,
Ерлікке бұл татырлық
Кім, кім ерлік жасады? -
Деп отырмыз әлі біз.
Тыңдағанда Асанды
Ер ғой , - дедік бәріміз.
Жаз бойы үй салғалы
Бес мың кірпіш құйыпты.
Тез кепсін деп бері - бәрі,
Сатылап ол үйіпті.
Жаз жұмыспен алысқан,
Ісін адам сүйерлік.
Үй ішіне болысқан,
Бұл да ерлік, шын ерлік .
Ал бақыттан балалар
Үлкен ерлік күткенбе?
Ол төбеттен қабаған
Қаймықпапты тіптен де.
Оны көрсе ит деген
Шықпайды екен інінен
Қорқады екен тит деген
Сүрепеті, түрінен
Ал Жақанның айтқаны,
Ерлік емес, есерлік
Ешкімге де ол жақпады,
Қылығы оғаш десерлік.
Көршісінің бақшасын
Күніменен бағыпты.
Қарайып күн батқасын
Жемістерін қағыпты.
Тыңдаушылар саспадық,
Жүректі деп қарамай.
Батыл айтып тастадық,
Батырлыққа санамай...
Жүрексініп аса тым
Есен айтты ақырын:
Операция жасаттым,
Ісі ме ол батырдың?
Соқырішек болғанда,
Дәрігерге ол барыпты.
Ішін жарып сойған да,
Ішегін кесіп алыпты.
Бұл ерлік пе, емес пе,
Білмей қалдық бәріміз
Алған сайын соны еске,
Дал боп жүрміз әлі біз...
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан
Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері
Мұхтар әуезов "Көксерек"
Қамшы жасау технологиясы
Қазақ аңшылығы жайындағы мақалалар жинағы
Қасқыр бейнесінің поэтикасы
VI-XII Көшпенділер мәдениеті
Тазымен із кесу, аң қағу
Ғарышкер және Қазақстан
Ақан серінің шығармаларына тоқталу
Батыр-жырау Қожаберген туралы
Ақан Сері туралы
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ҚОРҚЫТ туралы
МАХМҰД ҚАШҚАРИ туралы
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН туралы
Қожа Ахмет Яссауи туралы
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
ШАҚШАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК туралы
Пайда, оның экономикалық мазмұны, түрлері және анықтау әдістері «Қостанай минералдары»
ӨТЕҒҰЛҰЛЫ ӨТЕГЕН туралы
Мемлекеттің пайда болуы туралы