Мәтінге кесте кірістіру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы

№3 мектеп-интернатының информатика пәні мұғалімі: Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы

Сынып: 8 Сабақ түрі: аралас Сабақ типі: білім, іскерлік, дағды қалыптастыру

Сабақтың тақырыбы

WORD-тың графикалық мүмкіндіктері

Бұл сабақта оқушылар Microsoft Word ортасында графиканы кірістіру және өңдеу тәсілдерін тәжірибе арқылы меңгереді.

Білімділік

Word-тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету, мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету.

Дамытушылық

Есте сақтау мен зейінді дамыту, пәнге қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

  • Сурет
  • Ағылшын тілі
  • Орыс тілі
  • Қазақ тілі

Әдістер мен формалар

Оқыту әдістері

сөздік көрнекі практикалық

Оқыту формалары

жеке топтық ұжымдық

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Компьютер, слайд
  • 8-сыныпқа арналған электронды оқулық
  • SIN бағдарламасы, анимация
  • Оқулық, электронды және деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

2 минут

  • Ұжымдық әрекет
  • Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау
  • Қауіпсіздік техникасы ережелерін (ҚТЕ) сақтау
  • Жұмыс дәптерінің толтырылуын тексеру

II. Үй тапсырмасын тексеру

10 минут

Үй тапсырмасы деңгейлеп тексеріледі: 1-деңгей — сұрақ-жауап, 2-деңгей — компьютерде орындалатын практикалық жұмыс. Бағалау: 1-деңгей — 1 балл, 2-деңгей — 2 балл.

1-деңгей (сұрақтар)

  1. Белгіше қандай қызмет атқарады?
  2. Ұяшық деген не?
  3. Кестені даярлау үшін қандай әрекеттер орындалады?
  4. Мәтінді көшірмелеу қалай орындалады?
  5. Tab пернесінің қызметі қандай?
  6. Мәтінді қиып алу қалай орындалады?
  7. Кесте деген не?
  8. Белгіше қандай қызмет атқарады?
  9. Мәтіннің орнын ауыстыру жолдары қандай?
  10. Тіктөртбұрышты кесте деген не?
  11. Ұяшықтарды біріктіру үшін қандай команда қолданылады?
  12. Кестені жою қалай орындалады?
  13. Мәтінге кесте кірістіру тәсілі қандай?
  14. Кестеге шекара қою қалай жасалады?
  15. Сызықтық кесте деген не?
  16. Белгіше қандай қызмет атқарады?
  17. Ұяшықтар туралы не білесің?
  18. Кестедегі жолдарды жою қалай орындалады?

2-деңгей (практикалық жұмыс)

Оқушылар практикалық тапсырманы компьютерде орындап, нәтижесін көрсетеді.

III. Жаңа тақырыпқа кіріспе

3 минут

Тақырыпты ашу үшін шағын тілдік-логикалық байланыс жасалады:

  • Мәтіндік процессор — WORD
  • Септік жалғауы — -тың
  • Ағылшынша grapho — графика
  • Сын есім тудыратын жұрнақ — -лық
  • «Возможности» — мүмкіндіктер

Осы тіркестерді біріктіру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады:

WORD-тың графикалық мүмкіндіктері

Негізгі назар: графиканы құжатқа кірістіру және графикалық нысандарды баптау.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

14 минут

Word-та графикамен жұмыс істеудің негізгі бағыттары:

1) Графикалық редактордан кірістіру

Суретті редакторда жасап, оны құжатқа алмасу буфері арқылы енгізу.

2) «Сурет салу» панелі арқылы бейне жасау

Автофигуралар мен пішіндер арқылы графикалық нысан құрастыру.

3) Дайын суреттер кітапханасынан кірістіру

Кірістірілген коллекциядан суреттерді таңдап, құжатқа орналастыру.

4) Фигуралық мәтін (WordArt) кірістіру

Дизайны бар мәтінді (стиль, пішін) құжатта қолдану.

1) Графикалық редактордан сурет кірістіру (қадамдар)

  1. Графикалық редакторда сурет салу.
  2. Суретті белгілеп, алмасу буферіне көшіру.
  3. Мәтіндік құжатты ашып, меңзерді сурет кірістірілетін жерге орналастыру.
  4. Алмасу буферіндегі суретті құжатқа кірістіру.

2) «Сурет салу» панелі арқылы графикалық бейне жасау

  1. Аспаптар панелінен Автофигуралар командасын таңдап, қажетті пішінді белгілеу.
  2. Нысанды ерекшелеу арқылы сызықтың түсін және түрін өз қалауыңша өзгерту.
  3. Құю (заливка) командасымен бояу.
  4. Нысанды еркін жылжыту үшін Обтекание мәзірінен «вокруг рамки» және т.б. параметрлерді таңдап, ОК басу.

3) Дайын суреттер кітапханасынан сурет кірістіру

  1. Курсорды сурет қойылатын жерге орналастыру.
  2. Қою – Сурет – Картина (Вставка – Рисунок – Картина) командасын таңдау.
  3. Ашылған терезеден қолжетімді суреттер тізімін қарау (Word нұсқасына байланысты өзгеруі мүмкін).
  4. Суреті бар файлды таңдап, ОК батырмасын басу.
  5. Таңдалған сурет құжатқа орналастырылады.

4) Фигуралық мәтін (WordArt) кірістіру

  1. Курсорды мәтін енгізілетін орынға қою.
  2. Вставка – Рисунок – Объект WordArt командасын орындау.
  3. Коллекция WordArt терезесінен стильді таңдап, ОК басу.
  4. Изменение текста WordArt терезесінде «Текст надписи» өрісіне мәтінді енгізіп, ОК басу.
  5. Тышқан көмегімен WordArt нысанын құжатта қажетті жерге орналастыру.

Ескерту: негізгі командаларды жұмыс дәптеріне түсіру ұсынылады.

V. Сабақты бекіту

7 минут

Кім білімпаз? (I деңгей)

  1. 8-сыныпқа арналған электронды оқулықтағы «Графикалық мүмкіндіктер» тақырыбынан 1–2 тапсырманы орындау.
  2. Оқулықтың 90–91-беттеріндегі сұрақтарға жауап беру.

Бекіту кезеңінде оқушының түсінуі мына көрсеткіштер арқылы бағаланады: дұрыс команда таңдау, қадамдарды ретімен орындау, нәтижені ұқыпты рәсімдеу.

VI. Қорытындылау

5 минут

Кім тапқыр? (II деңгей)

  1. Дайын суреттер кітапханасынан сурет кірістіру.
  2. Фигуралық мәтін (WordArt) кірістіру.

Кім жылдам? (III деңгей)

  1. Графикалық редактордан сурет кірістіру.
  2. «Сурет салу» панелін қолданып, графикалық бейне жасау.

Қорытынды сұрақ: Word-та графиканы кірістірудің қай тәсілі қандай жағдайда тиімді?

VII. Бағалау

2 минут

Оқушылардың жұмысы деңгейлік тапсырмалардағы нәтижесіне, орындау дәлдігіне және уақытты тиімді пайдалануына қарай бағаланады.

VIII. Үй тапсырмасы

  1. §7–8. «Суреттермен жұмыс істеу» тақырыбы: оқулықтың 90–91-беттері (теория бойынша сұралады).
  2. Үйде А4 парағына қалаған суретті салып келу және оны компьютерге енгізуге дайын болу (практикалық орындау).
  3. Ең жақсы шыққан суретті баспаға дайындап шығару.