Құрметті оқушылар, қонақтар

Сыныптан тыс жұмыс: «Жұлдызды сәт»

Ұйымдастыру туралы

Мекеме
№ 197 қазақ орта мектебі
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі Сахиева Роза Файзуллақызы
Тақырып
«Жұлдызды сәт»
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, слайд-шоу

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың білімін сарапқа салу және сынау арқылы өзара бәсекелестікке жетелеу.
  • Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  • Қиыннан мүдірмей, тез шешім табуға үйрету.

Кіріспе сөз

Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды болашаққа білімді ұрпақ бастап барады» деген сөзін бағдар ете отырып, «Әрбір бала — бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» қағидасын ұстанамыз. Әрбір жұлдыз өмірден лайықты орнын таба білуі тиіс. Ендеше, көкте жұлдыздай жарқырауларыңа сәттілік тілейміз!

Құрметті оқушылар мен қонақтар! Бүгінгі «Жұлдызды сәт» интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! Сайыстың мақсаты — екі жыл бойы алған білімнің нәтижесін көрсету, білімнің адам өміріндегі маңызы мен пайдасын ұғындыру.

Өлең жолдары

Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, Тәрбие, тәлім табар мән. Бұл бәйге — білім бәйгесі, Кім жүйрік ойға, сол алда.

Қатысушылар мен қазылар

Сайысқа қатысушылар

  • Әбілқасым Қуаныш

Әділқазылар алқасы

Оқушылардың білім деңгейін бағалап, әділ шешім шығаратын қазылар алқасы таныстырылады.

Сайыс бағдарламасы

  1. 1 Математика — «Бұл ғылымның данасы»
  2. 2 Қазақ тілі — «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
  3. 3 Дүниетану — «Табиғатты танып, біл»

I айналым: Математика

Бұл бөлімде оқушылардың амалдар туралы түсінігі, логикалық ойлауы және есеп шығару жылдамдығы тексеріледі.

Азайғышты қалай табамыз?

Айырманың мәніне азайтқышты қосамыз.

Рахымда 7 асық бар, Уәлиде 3 асық кем. Асықтары тең болуы үшін Рахым Уәлиге қанша асық беруі керек?

Жауабы: 2

Азайтқышты қалай табамыз?

Азайғыштан айырманың мәнін азайтамыз.

Сыныпта 21 оқушы бар. Оларды екеуден отырғызу үшін қанша парта керек?

Жауабы: 11 парта

Қосудың компоненттерін ата.

Қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні.

Ауылдан қалаға дейін бір бала 2 сағат жүрді. Ал 5 бала қанша уақыт жүреді?

Жауабы: 2 сағат

Азайтудың компоненттерін ата.

Азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні.

Үш қыз жаңа жылдық шыршаның ойыншықтарын жасады. Үшеуі 3 сағат жұмыс істесе, әр қыз қанша уақыт жұмыс істеген?

Жауабы: 3 сағат

Қосудың ауыстырымдылық қасиетін айт.

Қосылғыштардың орындары ауысқанымен, қосындының мәні өзгермейді.

5 пен 15 арасында қанша сан бар? Жазып көрсет.

Жауабы: 9 сан

Белгісіз қосылғышты қалай табамыз?

Қосындының мәнінен белгілі қосылғышты азайтамыз.

Бір үйде екі мама, екі қызы, әжесі және немересі тұрады. Бұл үйде қанша адам тұрады?

Жауабы: 3 адам (әже, ана, қыз)

Үшбұрыш дегеніміз не?

Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені белгілеп, оларды кесінділермен қосқанда алынатын фигура.

Жазылмай қалған сандарды тап: 16, …, 18, 19, …, 21, 22

Жауабы: 17, 20

Шаршы дегеніміз не?

Барлық қабырғалары тең төртбұрыш.

Артық өлшем бірлігін алып таста: 2 м, 3 см, 4 мм, 5 кг, 8 дм, 6 км

Жауабы: 5 кг

Кесінді дегеніміз не?

Басы мен соңы бар түзу сызықтың бөлігі.

Математикалық амалдарды қолданып, бірдей 5 цифрдан 10 санын шығар.

Мысал: 2 + 2 + 2 + 2 + 2 = 10

Бұрыш дегеніміз не?

Бір нүктеден шыққан екі сәуледен құралған фигура.

Бір пакетке 2 кг зат сияды. 4 кг картоп және массасы 1 кг қауын алынды. Барлығы неше пакет керек?

Жауабы: 3 пакет

II айналым: Қазақ тілі

1-тапсырма: Сан есімге байланысты мақал-мәтелдер

  1. 1 _______________________________
  2. 2 _______________________________
  3. 3 _______________________________

2-тапсырма: Лексикалық ойын

Көп нүктенің орнына сан есімді қойып, мақал-мәтелді толықтыр:

  • Білімді … жығады, білекті … жығады.

    Жауабы: бірді, мыңды

  • … ауыз сөздің тобықтай түйіні.

    Жауабы: тоқсан

3-тапсырма: Сөйлем құра

Орны ауысқан сөздерден дұрыс сөйлем құрап жаз:

Берілгені

Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға

Дұрысы

Айжан мен Мәрия фермаға бара жатты.

Берілгені

Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек алдынан

Дұрысы

Олардың алдынан бір үйрек ұша жөнелді.

Берілгені

Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді

Дұрысы

Олар үйрек ұшқан жерге келді.

Берілгені

Ұяда, жатыр, жеті, жұмыртқа

Дұрысы

Ұяда жеті жұмыртқа жатыр.

Берілгені

Олар, алмады, жұмыртқаны

Дұрысы

Олар жұмыртқаны алмады.

4-тапсырма: Мюнстенберг әдістемесі

Берілген әріптер тізбегінен жасырылған сөздерді тап:

Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдпжыл

ағаш шырша дарын Отан оқу нәтиже жел жыл

5-тапсырма: Сөйлемді кеңейт

  • Қар жауды.
  • Далада қар жауды.
  • Далада аппақ қар жауды.

6-тапсырма: Әріптерді толықтыр

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, мағыналы сөздер құра:

…лім
…на
бі…
…лік
са…
…ға
…тік
…па

7-тапсырма: Әріптерден сөз құра

Берілген әріптер: Б, Ұ, Ж, М, Б, А, Қ

жұмбақ жұм бақ бұқ жұқ ақ бақа жұма бұқа

8-тапсырма: «Әдептілік» сөзінен сөз құра

әдеп тіл тілек тіле тілік епті ілік

III айналым: Дүниетану

Бұл бөлімде табиғат құбылыстары мен жануарлар әлемі туралы қызықты деректер бойынша сұрақтар қойылады.

Ең бойы ұзын сүтқоректі?

Жауабы: керік (биіктігі екі қабатты үйдей).

Ең жүйрік сүтқоректі?

Жауабы: қабылан (сағатына 110 км-ге дейін).

Ең сүті қою сүтқоректі?

Жауабы: итбалық.

Қылқан жапырақтылардың ішіндегі ең биік ағаш?

Жауабы: Солтүстік Америкадағы секвойя.

Қандай сүтқоректілер жұмыртқа салады?

Жауабы: үйректұмсық, түрпі.

Ең кіші құс?

Жауабы: колибри (ұзындығы шамамен 5 см).

Ең ұзақ жасайтын бауырымен жорғалаушы?

Жауабы: тасбақа (100 жылдан астам өмір сүреді).

Әлемдегі ең ірі жылан қалай аталады?

Жауабы: анаконда (ұзындығы 11 м-ге дейін).

Қорытынды және марапаттау

Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Нәтижелер жарияланып, жеңімпаздар марапатталады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Білдім деме, балам, Білмейтінің көп шығар. Бәрін білген адам, Дүниеде жоқ шығар. Көп білуге ұмтылған, Көз жұмғанша оқиды. Көз жұмғанша оқыған, Көп нәрсені тоқиды.

Өтебай Тұрманжанов жырлағандай, оқып-білім алудан ешқашан жалықпайық!