Тасты жерде егін болмас, Текті бала тегін болмас

«Мақал – сөздің мәйегі» сайысы

7 «А» сыныбы мен 6 «Б» сыныбы арасында өткізілетін танымдық сайыс. Бұл шара оқушылардың мақал-мәтел қорын байытып, тіл мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Қатысушылар

7 «А» және 6 «Б» сыныптары

Формат

Топтық сайыс, бірнеше айналым

Негізгі мазмұн

Мақал-мәтел, жұмбақ, талдау

Мақсаты

  • Оқушыларды қазақ тілінің қадір-қасиетін танып, көркемдігін сезінуге; сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
  • Мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін дамыту.
  • Тіл тазалығын сақтауға, мәдениетті сөйлеуге және мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Сайыс кезеңдері

1-айналым: «Кім көп біледі?»

Уақыты: 1 минут

Қатысушы топтар мақал-мәтел айтудан жарысады. 1 минут ішінде қанша мақал айтса, сонша ұпай беріледі.

2-айналым: «Мақал – сөздің мәйегі»

Тақтада мақал-мәтелдің басы беріледі. Қатысушы топтар жалғасын дұрыс табуы керек.

  1. 1. Жақсы кісі байқап сөйлер, …

  2. 2. Ер еліне, …

  3. 3. Балапан ұяда не көрсе, …

  4. 4. Өнер – ағып жатқан бұлақ, …

  5. 5. Жақсының аты өлмейді, …

  6. 6. Көз жетпеген жерге, …

  7. 7. Отыз тістен шыққан сөз, …

  8. 8. Дұшпаны көптер сақтана жүреді, …

  9. 9. Жалған достан …

  10. 10. Өнерлінің қолы алтын, …

  11. 11. Еңбек етсең ерінбей, …

  12. 12. Отан үшін күрес – …

3-айналым: «Кім тапқыр?»

Шарты

Мұғалім жұмбақ жасырады. Оқушылар жауабын табады, содан кейін сол жауапқа сәйкес келетін мақал-мәтел айтады.

Жұмбақ 1

Жылт-жылт етеді, Жылғадан өтеді.

Жұмбақ 2

Өзімнен өзгенің бәрін көремін.

Жұмбақ 3

Сылдырдан қорқады, шошынып жортады.

Жұмбақ 4

Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды.

4-айналым: «Даналық ойдан дән ізде»

Шарты

Топтар ұяшықтағы нөмірді таңдайды. Таңдалған мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп, қысқаша талдау жасайды.

1-ұяшық

«Апама жездем сай.»

20 ұпай

2-ұяшық

«Тасты жерде егін болмас, текті бала тегін болмас.»

30 ұпай