Орындарыңа отыра қойыңдар
Тақырыбы: «Сиқырлы қар»
Бұл ұйымдастырылған оқу қызметі қыс мезгілі туралы түсінікті кеңейтуге, қардың қасиеттерін таныстыруға және балалардың тілдік, танымдық әрі шығармашылық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Білім беру салалары
- Таным
- Коммуникация
- Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі
- Сөйлеуді дамыту
- Сурет салу
- Мүсіндеу
Мақсаты
- Қыс мезгілі туралы түсінік беру, қардың қасиеттерімен таныстыру.
- Ақ ұлпа қар туралы білімін кеңейту.
- Тіл байлығын арттыру: есте сақтауын, сөздік қорын дамыту.
- Саусақ моторикасын жетілдіру.
- Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, ұқыпты әрі таза жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Көрнекіліктер мен материалдар
- Слайд және мазмұнды суреттер
- Үлестірмелі материалдар (балалардың санына қарай)
- Үлгі
- Жасанды қар
- Тақтайша
- Сулық қағаз
- Қылқалам
- Тіс пастасы
- Ойынға қажетті заттар
Билингвальды компонент
- Қыс
- зима
- Қар
- снег
- Аққала
- снеговик
Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Сәлемдесу және көңіл күй қалыптастыру
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане, бәріміз шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбер
Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп, тәрбиелеген апайларымызға сәлем!
Жарайсыңдар, балалар! Енді орындарыңа отырыңдар.
Бақылау және әңгімелесу
Бүгінгі ашық оқу қызметін бастамас бұрын экранға назар аударайық. Енді қыс мезгіліне қатысты көріністерді бірге бақылаймыз.
Сұрақ-жауап
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар? Атап көрейік.
- Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
- Айналаны және үйлердің шатырын не басып тұр?
- Қар қайдан жауады?
- Қардың түсі қандай?
- Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
Автор туралы мәлімет
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі — Аралбаева Рита Берікқызы.
Материал: «Сиқырлы қар».