Тапқыр достар сайысына қош келдіңіздер
«Тапқыр достар» интеллектуалдық ойыны (мектепалды даярлық топ)
«Тапқыр достар» — балалардың білімге қызығушылығын арттырып, ойлау қабілетін дамытатын, командамен жұмыс істеуге баулитын ойын-сайыс. Іс-шара барысында дүниетану дағдылары нығайып, халқымыздың тарихы, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпы насихатталады. Сонымен қатар, балаларды тез әрі дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.
Мақсаты
- Білімге қызығушылықты арттыру.
- Дүниетаным мен ойлау дағдыларын ұштау.
- Салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды таныту.
- Жылдам әрі дұрыс шешім қабылдауға баулу.
Құрылымы
- 2 топ, әр топта 6 баладан (барлығы 12 қатысушы).
- Ойын бірнеше кезеңнен тұрады.
- Әр кезең нәтижесі бойынша «сәттілік сақиналары» беріледі.
- Сақиналардан пирамида құралады: пирамидасы биік топ — жеңімпаз.
Ереже
- Сұрақты мұқият тыңдап, топпен ақылдасып жауап береді.
- Жауап дайын болғанда белгі береді.
- Жылдам әрі дұрыс жауап ұпай әкеледі.
Шаттық шеңбері
Балалар, көңіліміздің кілті — өзіміздің жүзімізде. Әрдайым күліп, жан-жағымызға қуаныш сыйлайық!
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ шытып не керек,
Көңілді болып жүрейік!
Кіріспе сөз
Жақсы болу — өзіңнен, жаман болу — өзіңнен. Өзіңді өзің аяла да, өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден: «Мен қандаймын?» деп ойла. Жамандық көрсең біреуден: «Мен қандаймын?» деп ойла.
Бүгінгі «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер! Ойынымыз ерекше, себебі біз команда болып жұмыс істейміз.
Кезеңдер мазмұны
Төменде ойын барысында орындалатын тапсырмалар мен кезеңдер берілген. Әр кезең балалардың білімін, ой ұшқырлығын және бірлескен әрекетін дамытуға бағытталған.
1-кезең: «Білгенге маржан»
Туыстық атауларға байланысты 6 сұрақ. Дұрыс жауапқа — «сәттілік сақинасы».
- Нағашы әже деген кім?
- Нағашы ата деген кім?
- Жиен деген кім?
- Бөле деген кім?
- Немере деп кімді атайды?
- Аға-қарындас деп кімдерді айтамыз?
2-кезең: «Сөз ойла, тез ойла»
«Ә» және «Т» дыбыстарынан басталатын сөздерді ойлап табу.
3-кезең: Құрастырмалы пішіндер
Бөлшектерден пішін құрастыру арқылы кеңістіктік ойлауды дамыту.
4-кезең: Қызықты тапсырмалар
1-тапсырма
- Ол орманда өседі.
- Ол жауыннан қорғайды.
- Ол ұшақтан секіреді.
2-тапсырма
Ең көп желінген тортты тап.
5-кезең: «Тапқыр достар» сөзінен сөз құрау
Берілген тіркестен мүмкіндігінше көп сөз құрастыру.
Мысалдар
Тап, қар, тақыр
Мысалдар
Дос, рас, отар
6-кезең: Салт-дәстүр
Сұрақтар
- Наурыз мейрамы туралы не білесіңдер?
- Бесік деген не?
Қысқаша мәлімет
- Наурыз — жыл басы. Шығыс халықтары Наурыз мерекесін ертеден тойлап келеді. Бұл — күн мен түн теңелетін, тәуліктегі күн мен түн ұзақтығы бірдей болатын күн. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.
- Бесік жабдықтары: бесік, көрпе, жастық, шүмек, түбек. Бесікке қатысты ырымдар бар: бесікті аттауға болмайды, ашық тастауға болмайды, сатуға болмайды.
7-кезең: «Сиқырлы суреттер»
Мнемокестелер арқылы оқыту: суретке қарап әңгімелеу, ойды жүйелеу, есте сақтауды күшейту.
8-кезең: «Нүктелер»
1-ден 10-ға дейін тура және кері санау, сандарды таңбалармен белгілеу және нүктелі карточкалармен сәйкестендіру.
9-кезең: Түрлі түсті резеңкелермен сурет салу
Шығармашылық тапсырма: түрлі түсті резеңкелер арқылы бейне құрастырып, қиялды дамыту.
Қорытынды
Барлық кезең аяқталған соң, ойынның жалпы есебі шығарылып, жеңімпаз топ анықталады. Жүргізуші командаларды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы сыйлық табыстайды.
Құрметті балалар!
Бүгін сендердің талапты екендеріңді, салт-дәстүріміздің жалғастырушысы бола алатындарыңды көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!
«Тапқыр достар» сайысы аяқталды.