Автор орындығы Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Қайталау • №15 өзіндік жұмыс
Сабақтың мақсаты
- Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау.
- Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін және сөздік қорын дамыту.
- Әдептілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
- Көрнекі құралдар
- Сабаққа қажетті көрнекіліктер (карточка, тақта тапсырмалары).
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, бақылау, байқау, топтық жұмыс.
- Пәнаралық байланыс
- Қоршаған орта, әдебиет, дүниетану элементтері.
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту
Жылы атмосфераА) Шаттық шеңбері. Оқушылар бір-біріне жылы лебіз айтып, сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастырады.
II. Үй тапсырмасын сұрау
ПысықтауҮйге берілген тапсырмалар тексеріліп, қысқаша талданады. Одан кейін сөзжұмбақ арқылы өткен тақырыптар еске түсіріледі.
Сөзжұмбақ шешейік
Берілген анықтамаларға сәйкес сөздерді табыңыз.
| № | Сұрақ | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | Әсем ғимараттары бар орталық | Қала |
| 2 | Тәтті жеміс | Алма |
| 3 | Қан тоқтататын дәрі | Йод |
| 4 | Үй құсы | Тауық |
| 5 | Қасиетті жан | Ана |
| 6 | Ешкі төлі | Лақ |
| 7 | Біздің қала | Атырау |
| 8 | Алақан | Уыс |
Шешуі: «Қайталау»
III. Өткен материалдар бойынша білімді тексеру
Автор орындығыӨтілген тақырыптар сұрақтар арқылы қайталанып, оқушының өз ойын анық әрі нақты жеткізуіне көңіл бөлінеді.
№1
Қазақ тілінде неше әріп және неше дыбыс бар?
№2
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
№3
Заттың атын білдіретін сөздерге қатысты ережені айт.
№4
Заттың қимылын білдіретін сөздерге қатысты ережені айт.
IV. Мақсат қою кезеңі
БайланыстырОқушылар сөздерді сұрақтармен сәйкестендіріп, сөйлем құрастырады:
Кім?
Бала
Не?
Алма
Не істеді?
Оқыды
Қандай?
Қалың
Қанша?
Елу
Нелер?
Құстар
Нақыл сөз
«Көзбен көр, сөзбен өр»
Табиғат аясына саяхат
Көктем суретіКөктем келді. Күн ашылды.
Ауыл адамдары жайлауға көшті. Мал өріске шықты.
Көктем мезгілі көңілді.
V. Бекіту кезеңі
№15 өзіндік жұмыс1) Бес сөзден тұратын сөйлемді белгіле
- A Айгүл ауылға барды.
- Ә Әжем маған қолғап тоқып берді.
- Б Атамның көзілдірігін алып бердім.
2) Қай сөз буынға дұрыс бөлінген?
- A) бұл-т
- Ә) көл-ең-ке
- Б) кө-лең-ке
3) Тасымалданбайтын сөзді тап
- A) шағала
- Ә) асық
- Б) белдік
VI. Ой толғаныс
Топтық жұмыс1-топ: Бес жол өлең
- 1.Көктем
- 2.Ашық, жылы
- 3.Жылынды, ашылды, жадырады
- 4.Көктем айналаға сән береді.
- 5.Мезгіл
2-топ: Төрт жол тақпақ
Көктем келді жадырап,
Гүлге толы атырап.
Айналаға нұр шашып,
Ашылды күн жарқырап.
3-топ: «Көктем көрінісі» әңгіме
Көктем келді. Күн жылынды. Жер көгерді.
Көктемгі қызу еңбек басталды.
Дыбыстық талдау
Жаттығу1-топ
Тапсырма: (беріледі)
2-топ
Тапсырма: (беріледі)
3-топ
- «Көктемде» — (талдау)
- «Көлде» — (талдау)
- «Жайлау» — (талдау)
Түйіндеме
Білетінім
Өзім жақсы меңгерген білім мен дағдылар.
Үйренгенім
Бүгінгі сабақта толықтырған жаңа түсініктер.
Білгім келеді
Келесі сабақта тереңдеткім келетін сұрақтар.
VII. Үй тапсырмасы және бағалау
Қорытынды- Үй тапсырмасы: мұғалім ұсынған қайталау тапсырмаларын орындау.
- Бағалау: сабаққа қатысуы, жауаптың толықтығы және тапсырманы орындау сапасы ескеріледі.
- Сабақ соңы: қысқаша кері байланыс, қоштасу.