Топ басшылар жарысы
Сабақ жоспары
Есеп шығару
Бұл сабақ — өткен тақырыптарды жүйелеуге, формулаларды дұрыс қолдануға және есеп шығару дағдысын нығайтуға арналған қайталау сабағы. Оқушылар сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, тест және топтық жұмыс арқылы өз білімін көрсетеді.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымы туралы түсінікті қалыптастыру; масса, көлем, тығыздық, салмақ ұғымдарын бекіту. Өткен тақырыптар бойынша алған білімді жүйелеп, жинақтау және меңгеру деңгейін бағалау.
Дамытушылық
Оқушының деңгейіне сай есептер шығарту арқылы логикалық ойлауын дамыту. Өз бетімен еңбектенуге үйрету, ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік
Алғырлыққа, дәлдікке, зеректілікке, шапшаңдыққа баулу және пәнге деген қызығушылықты арттыру.
Сабақтың түрі
Қайталау сабағы. Есеп шығару.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Деңгейлік тапсырмалар
- Топтық жұмыс
Көрнекіліктер
Плакаттар, тірек сызба, бағалау кестесі, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс
Математика, сызу.
Сабақтың барысы
- 1 Ұйымдастыру.
- 2 Өткен тақырыптарды пысықтау.
- 3 Формулалардың сәйкестігін табу.
- 4 Деңгейлік тапсырмалар орындау.
- 5 Тест арқылы білімді тексеру.
- 6 Топ басшыларының жарысы.
Топқа бөлу
Сынып екі топқа бөлінеді: «Сұйық» және «Газ». Әр топтан топ басшысы анықталады.
Тапсырма: кестені толтыру
Берілген кестедегі шамалар мен өлшем бірліктерін (немесе анықтамаларды) толықтырыңдар.
Тапсырма: формулалардың сәйкестігін тап
Төмендегі формулаларды тиісті физикалық шамалармен сәйкестендіріңдер.
V = pgh
F = s / t
p = mg
v = m / p
F = ρgV
Ескерту: белгілеулер (p, ρ, v) бірізді қолданылуы тиіс. Мұнда ρ — тығыздық.
Деңгейлік тапсырмалар
№1
Сұйықтың тереңдігі 0,15 м. Эфир сұйығының ыдыс түбіне түсіретін қысымын анықтаңдар.
№2
Ыдыстың ауданы 0,6 м². Оған 30 Н күш әсер етеді. Түсіретін қысымды есептеңдер.
№3
Пластинкадағы судың тереңдігі 10 см. Су пластинкаға астыңғы жағынан қандай қысым түсіреді?
№4
Бір шаңғының тірек ауданы 0,1 м², шаңғышының массасы 50 кг. Қар бетіне түсіретін қысымды есептеңдер.
Біліміңді тексер: тест
1) Жылдамдықтың өлшем бірлігін көрсет:
- A) км, см, м
- B) км/сағ, м/с, см/мин
- В) т, ц, кг
- C) сағат, минут, секунд
2) Күн жүйесіндегі тоғыз планетаны Күннен қашықтауына қарай ретімен көрсет:
- A) Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Нептун, Плутон, Меркурий, Шолпан, Уран
- B) Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон
- В) Уран, Нептун, Плутон, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Меркурий, Сатурн
- C) Меркурий, Сатурн, Шолпан, Марс, Юпитер, Уран, Нептун, Плутон, Жер
3) Қайсысы зат болып табылады?
- A) Жарық
- B) Ауа
- В) Трактор
- C) Булану
4) Физикалық шаманы көрсет:
- A) Уақыт
- B) Тікұшақ
- В) Темір
- C) Үстел
5) Қайсысы физикалық дене?
- A) Қағаз
- B) Дәптер
- В) Жылдамдық
- C) Қайнау
6) Жүрілген жолдың өлшем бірлігі:
- A) км/сағ, м/с, мм/с
- B) тәулік, ғасыр, сағат
- В) градус
- C) м, км, см
Топ басшыларының жарысы
Топ басшылары ортаға шақырылады. Берілген сөздердің соңғы әріптері арқылы француз оқымыстысының фамилиясын құрастырыңдар:
Жауабы: Паскаль
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Топ басшылары бағалау парағы арқылы өз тобындағы әр оқушының жауаптарын бағалайды.
Үйге тапсырма
Өткен тақырыптар бойынша формулаларды қайталау және ұқсас есептерді орындауға дайындалу.