Жастар киімі
Сабақ туралы мәлімет
Оқу орны
Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ (орыс сыныптары).
Мұғалім
Зарубаева Лилия Елеуханқызы — қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Сынып
7-сынып.
Сабақ тақырыбы
Жастар киімі. Қалау райы.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Оқушылардың киім, әсіресе жастар киімі туралы білімін тереңдету.
- Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру.
- Қалау райы туралы түсінік беру.
Дамытушылық
- Ойлау, есте сақтау, есту және көру қабілеттерін дамыту.
- Сөздік қорын молайту.
- Ауызекі сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
- Өмір салтына сай үйлесімді киіне білуге баулу.
Ұйымдастыру және формат
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ.
- Әдістер
- Сұрақ-жауап, диалог, түсіндіру, талдау, деңгейлік тапсырмалар.
- Көрнекілік
- Суреттер.
- Пәнаралық байланыс
- Орыс тілі.
Сабақ барысы
- I. Ұйымдастыру кезеңі.
- II. Жаңа сабақ: тақырып, мақсат, жоспармен таныстыру.
- III. Бекіту және тапсырмалар: деңгейлік жұмыс, диалог, мәтінмен жұмыс.
- IV. Қорытындылау.
- V. Үй тапсырмасы және бағалау.
Есіңде сақта: Қалау райы
Қалау райы айтушының белгілі бір қимыл-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, тілегін, ынтасын білдіреді.
Жасалу жолдары
- Етістік түбірге -ғы/-гі/-қы/-кі жұрнақтары жалғанып, үстіне тәуелдік жалғауы қосылады да кел көмекші етістігімен тіркеседі.
- Сондай-ақ етістік түбірге -са/-се тұлғасы жалғанып, игі еді сияқты аналитикалық форманттармен жасалуы мүмкін.
- -(ғай/-гей), -са тұлғалары екен сөзімен тіркесіп те қолданылады.
Мысалдар
1) Менің барғым келеді.
2) Сенің барғың келеді.
3) Сіздің барғыңыз келеді.
4) Оның барғысы келеді.
Мәтін: «Жастардың киімі»
Соңғы жылдары жастарға арналған киімге ерекше назар аударылып жүр. Жас жігіттер мен қыздардың өмір салтына үйлесімді киім үлгілерін ұсынуға талпыныс бар. Қазіргі кезде жастар киімі ашық түсті, сәнді болады.
Жас қыздарға қызыл, сары, жасыл, қызғылт және көгілдір сияқты айқын да нәзік, ашық әрі таза түстер жарасады. Сондай-ақ ауадай жеңіл материалдан тігілген киімдер де көркем көрінеді.
Жастар тез өсетіндіктен, киімді көбіне арзан матадан тігеді. Ең бастысы — киімнің ыңғайлы және ықшам болуы.
Деңгейлік тапсырмалар (мәтін бойынша)
III деңгей
-
Сұрақтарға жауап беріңдер:
- Қазіргі кезде жастардың киімі қандай болуы керек?
- Бұл неге байланысты?
- Мәтіндегі етістіктерді теріп жазып, рай түрлеріне қойып жазыңдар.
II деңгей
-
Мәтінді оқып, мазмұнына сәйкес келмейтін сөйлемдерді алып тастаңдар:
- 1) Жастарға арналған киімге ерекше назар аударылады.
- 2) Денені айқындап тұратын және қымбат маталар жастарға арналған.
- 3) Киімдер ыңғайлы және орынды қолданылатын болуы керек.
- Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, тұйық етістік формасына қойыңдар.
I деңгей
- «Жастардың киімі қандай болуы керек?» деген сұраққа өз пікірлеріңді білдіріңдер.
- Тұйық етістіктің жасалу жолдары мен емлесі туралы мәлімет беріңдер.
-
Өздік жұмыс: төмендегі сөйлемдерді аударыңдар.
- 1) Я хочу погулять на свежем воздухе. — _______________________
- 2) Вы хотите со мной идти гулять? — _______________________
- 3) Я не хочу гулять, устал, хочу полежать. — _______________________
- 4) Мы хотим немного отдохнуть. — _______________________
- 5) Вы хотите слушать музыку? — _______________________
Қысқарту және толықтыру тапсырмасы
Сөйлемдердің мазмұнын сақтай отырып, қысқартып жазыңдар. Қажет болса, толықтыруға болады.
- 1) Ең алдымен, күнделікті киім жайын ойластырған жөн.
- 2) Сымбатты қыздарға спорттық кеудеше мен пуловер немесе күртеше, сондай-ақ шалбар кию жарасады.
- 3) Қыз баланың екі белдемшесі болғаны дұрыс: бірі — қалың матадан күнделікті киюге, екіншісі — жұқа матадан сәнге киюге арналған.
- 4) Түсі мен өрнегі әртүрлі, арзан әрі оңай жуылатын матадан тігілген кеудеше, жүннен тоқылған свитерлер немесе күртешелер киім түрлерін байыта түседі.
Суретпен жұмыс
5-тапсырма
Суреттерге сипаттама беріңдер.
Сурет 1 орны
Сурет 2 орны
Сурет 3 орны
Диалогты толықтыру
3-тапсырма
— Жасөспірімге қандай киім кию керек?
— Спорттық үлгіде тігілген киім жарасымды.
— Күндіз қандай киім ыңғайлы?
— Жыл мезгіліне қарай: жазда — жеңіл футболка, қысқа шалбар немесе жейде мен жеңіл матадан тігілген шалбар; қыста — қалың матадан тігілген шалбар мен жылы жейде.
Өз нұсқаңды қос: сұрақ/жауап енгізуге арналған орын.
Мәтін: «Мектеп оқушысының киімі»
Мектептерде барлық оқушылар киюге міндетті мектеп формасы болады. Мектеп формасы — тәртіптіліктің және ұжымға деген құрметтің айғағы, сондықтан оны мектептегі салтанатты іс-шараларда да киіп, ұқыпты ұстау керек.
Әдемі көріну үшін гардеробты дұрыс таңдай білу жеткіліксіз: киіміңізді күте білу де маңызды. Тек сырт киім ғана емес, көйлек пен аяқ киім де жарасымды, таза болуы тиіс.
Аяқ киімнің лас болуы адамды жақсы жағынан сипаттамайды.
Талқылау
Мәтінді түсініп оқып, мазмұны бойынша әңгімелеңдер.
Қорытынды, үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
- 4-тапсырма (107-бет): мазмұнын айту.
- «Мектеп формасы керек пе?» сұрағына өз ойыңды жаз.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары, мәтінмен жұмысы, диалог құрастыруы және деңгейлік тапсырмаларды орындауы негізінде бағаланады.