Отбасы - осы Отанның кішкентай бөлшегі

Тәрбие сағаты: «Үлкен шаңырақ»

Бұл тәрбие сағаты оқушылардың азаматтық ұстанымын нығайтуға, тәуелсіздіктің құнын терең түсіндіруге және «Отан», «отбасы», «бірлік» ұғымдарын ортақ құндылық ретінде қабылдауға бағытталған.

Сабақтың түрі

Өзін-өзі тәрбиелеу сабағы

Өткізу әдістері

  • Әңгімелесу
  • Пікірталас
  • Өлең оқу

Мақсаты

1

ХХ ғасырдың басты игілігі — Тәуелсіздіктің оңай келмегенін түсіндіру; жас ұрпақтың бойында елге, жерге, ұлтқа деген патриоттық сезімді ояту және Отанды қорғайтын елжандылық рух қалыптастыру.

2

Әлеуметтік ортаға бейімделген, адамгершілігі жоғары, ұлтжанды, толерантты және салауатты тұлғаны қалыптастыруға бағытталған тәрбие саласындағы заң талаптарын орындауға оқушыларды ұйымдастыру және жағдай жасау.

3

Қазіргі өмірге сай бейімделген, күш-қуатын мақсатқа жұмылдыра алатын, әлеуметтік-кәсіби бағдарын айқындап, ішкі ресурстарын тиімді басқара алатын, азаматтық құндылықтарды бойына жинаған бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

4

Ата-анаға, туған жерге, Отанға сүйіспеншілікті арттыру; адамгершілікке, білімділікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Отбасы ішіндегі бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты нығайту; үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, сыпайылық пен ілтипатты қалыптастыру. Ұлттық тәрбиені насихаттап, ата-анамен бірлесе отырып дамыта оқытуға негізделген тапсырмаларды орындау.

Міндеттері

  • Оқушылар бойында азаматтық, ұлтжандылық және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

  • Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ету.

  • Ұлттық рухани құндылықтарды өскелең ұрпақ бойына сіңіре отырып, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, Отан ісіне қалтқысыз берілген, отансүйгіш, шығармашыл және өзін-өзі басқара алатын тәуелсіз ел тұлғасын қалыптастыру.

Көрнекіліктер мен материалдар

Рәміздер

  • Ту
  • Елтаңба
  • Әнұран

Қосымша

  • Қазақстан картасы, сызбанұсқа
  • Сюжетті суреттер, қанатты сөздер
  • «Тәуелсіздік тірегі — қайсар рухы қазақтың!»
  • «Тәуелсіздік» ассоциациясы (идеялар картасы)

Нақыл сөздер

«Отанды сүю отбасынан басталады»

«Ел іші — алтын бесік»

«Өз елім — өлең төсегім»

«Отан — елдің анасы»

Сабақтың барысы

Ұйымдастырушылық кезең және кіріспе

1-жүргізуші

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, шәкірттер! Бүгін біз ерекше бір әлемге қадам басамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем? Тақтадан кең қазақ даласындағы ақ отауды көріп тұрсыздар. Әр отаудың өз шаңырағы бар, ал отаулар біріксе — Үлкен шаңырақ құралады.

2-жүргізуші

«Шаңырақ» дегеніміз не? «Үлкен шаңырақ» деп нені айтамыз?

1-жүргізуші

Ол — Атамекен, Отан.

2-жүргізуші

Отан дегеніміз не?

1-жүргізуші

Отбасы — Отанның кішкентай бөлшегі.

Әңгіме: бірлікке бастайтын құндылықтар

1-жүргізуші

Бір Үлкен шаңырақта 140 туыс бірге өмір сүріпті. Әрқайсысы өз міндетін атқарып, тату-тәтті тұрыпты. Мұны көрген көршісі таңырқап: «Біз бір үйде 2–3 адам тату тұра алмаймыз, ал 140 адам қалай тату тұрасыздар?» — деп сұрапты.

Балалар, бұның себебі неде деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың ықтимал жауаптары

Өзара түсіністік Сыйластық Еңбексүйгіштік Мейірімділік Қайырымдылық Білімділік

2-жүргізуші

Демек, бойымызда осындай жақсы қасиеттер болғанда ғана біз қасиетті Үлкен шаңырақ — Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды мүшесі бола аламыз.

Тәуелсіздік және мемлекеттік рәміздер

Сұрақ

Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

1991 жылы 16 желтоқсан.

Сұрақ

Тәуелсіз еліміздің қандай рәміздері бар?

Ту, Елтаңба, Әнұран.

Талқылау

Қазақстанның Туы қашан көтеріледі? Жеңіс сәттерінде, мерекелерде, екі ел арасындағы ресми кездесулерде. Сондықтан ішіміздегі жаман әдеттерден арылып, Туымызды биік ұстап, Үлкен шаңыраққа лайық болайық.

Рухани-символдық әрекет

Әр оқушы өзіне кедергі келтіретін жаман мінезі мен әдетін қағазға жазып, оны жоюға ниет етеді (қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып ұйымдастыру ұсынылады).

Ән

Әнұран: «Менің Қазақстаным»

Ой-толғау: болашаққа жауапкершілік

Екі дос кездесіп, әңгімелеседі:

Біріншісі: «Ұйықтап, жүз жылдан соң оянып, елімнің қандай болғанын көрсем ғой».

Екіншісі: «Мен ұйықтағым келмейді. Елімнің болашағын өз қолыммен тұрғызғым келеді».

Сендер осы жауаптардың қайсысын қолдайсыңдар? Неліктен?

2-жүргізуші

Үлкен шаңырақтың ең басты құндылығы — Тәуелсіздік. Біз тәуелсіздікке бейбіт жолмен қол жеткізіп, әлемнің өркениетті мемлекеттері қатарынан орын алдық. Қысқа уақыт ішінде тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, нарықтың қиын өткелдерінен өтті. Тәуелсіздік жылдары тарихта өзіндік ерекшелігімен есте қалды.

Келесі қадам

Енді осы Үлкен шаңырағымыздың атаулы жетістіктері мен шежіресін мақтанышпен атап өтейік.