Алдыңғы оқуда танысқан мәтін мен бүгінгі сабақта танысқан мәтінмен байланыс барма

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Ұлы Жібек жолы (7-сынып)

Оқу мақсаты

7.Т6 — тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру.

Бағалау критерийлері

  • Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.
  • Мәтін негізінде өз пікірін айта алады.
  • Өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра алады.

Құндылықтарға баулу: тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, орыс тілі.

Алдыңғы оқу: «Отырар — өркениет ордасы».

Сабақ мақсаттары (деңгейлер бойынша)

Барлық оқушылар

Мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі

Мәтін бойынша өз пікірін айта алады.

Кейбір оқушылар

Мәтін бойынша өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап бере алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар мәтін мазмұнын түсініп, өз пікірін айта алады.

Тілдік ресурстар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер

аң терілері бай-шонжар ғасыр зергерлік бұйым

Пайдалы тіркестер

  • Ұлы Жібек жолы
  • экспедиция
  • көне қала
  • демалыс
  • отбасы

Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Ұлы Жібек жолының маңызы неде?
  2. Ұлы Жібек жолының өркениетке тигізген ықпалы қандай?

Ишара және қолдау

Қолпаштау ишарасы, қолдау көрсету, мадақтау сөздерін қолдану.

Сабақ барысы: саяхат-сабақ

Басы (4 минут): ұйымдастыру және үй тапсырмасы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, көңіл күйді анықтау.

2) Үй тапсырмасын тексеру (Bingo арқылы)

  1. Түркі жұрты қолға үйреткен ең жүйрік жануар қандай?
  2. Ұлы дала өркениетінде қандай таңғажайып зергерлік өнер дамыды?
  3. Ұлы Жібек жолы қандай құрлықтарды байланыстырды?
  4. Түркі жазуы қашан пайда болды?
  5. Метафора дегеніміз не?
  6. Отырар қаласы қайда орналасқан?

Ортасы (шамамен 5 минут): жаңа сабақ және тыңдалым

Отырарға «жету» шарты

Мұғалім видео көрсетеді. Оқушылар тыңдау арқылы таратылған карточкаларды толтырады.

Мәтінмен жұмыс (аудиотыңдалым)

Оқушылар мәтінді мұқият тыңдап, тақырып қояды және үлестірмелі карточкаларды толтырады.

Ұлы Жібек жолы десе, көз алдымызға күн астында күйіп тұрған шөл далалар, жүгі бар керуендер, мыңдаған шақырымды жүріп өткен саудагерлер мен асулардан, қырлардан, шөл далалардан өтуге дайын көпестер елестейді. Жол бойында жаңа қалалар бой көтеріп, кейбір ескі қалалар құлдырады. Керуендер жүретін шаң басқан жолдар арқылы қымбат маталар, асыл тастар, алтын мен күмістен жасалған бұйымдар, экзотикалық жануарлар тасымалданды. Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, қалалардың, тіпті мемлекеттердің қалыптасуына өзіндік ықпал етті. Ұлы Жібек жолы б.з.д. 138 жылдан бастау алады.

Дескриптор 1

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Дескриптор 2

Мәтінге тақырып қоя алады.

Дескриптор 3

Тыңдау арқылы карточкаларды толтыра алады.

Кері байланыс: мадақтау сөздері арқылы бағалау («Жарайсыңдар!», «Өте жақсы!»).

Тараз: оқулықпен жұмыс (диалогті жалғастыру)

Оқушылар оқулықтың 96-бетіндегі 11-тапсырманы орындайды: сөйлемдерге сұрақ қойып, диалогті жалғастырады.

— Біз жазғы демалыста отбасымызбен Ұлы Жібек жолы экспедициясына қатыстық.

— ...?

— Арнайы автобуспен араладық.

— ...?

— Көне қалалардың орындарына бардық. Олардың өркениетіне таңғалдық.

— ...?

— Отырар қаласы маған ерекше әсер етті.

Дескриптор 1

Сөйлемдерге сұрақ қояды.

Дескриптор 2

Диалогті жалғастыра алады.

Кері байланыс: мадақтау сөздері арқылы бағалау («Жарайсыңдар!», «Өте жақсы!»).

Сөздікпен жұмыс: жаңа сөздер

Мәтіндегі таныс емес сөздерді анықтау, мағынасын түсіну, есте сақтау және сөздік дәптерге жазу.

Қазақша

  • Ұлы Жібек жолы
  • Ғасыр
  • Аң терілері
  • Зергерлік бұйым

Орысша

  • Великий шелковый путь
  • век
  • меховые шкуры
  • ювелирные изделия

Дескриптор 1

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Дескриптор 2

Жаңа сөздермен сөйлем құрай алады.

Кері байланыс: қолдау және мадақтау («Жақсы!», «Жарайсың!»).

Испиджаб: «Ақиқат пен жалған» ойыны (топтық жұмыс)

Топтар тапсырмаларды орындағаннан кейін бір-бірін бағалайды. Мақсат — дерек пен пайымды ажырату, уақытты тиімді пайдалану.

  1. Ұлы Жібек жолы ежелде «лазурит жолы», «нефрит жолы», «құндыз жолы» деп аталған.
  2. Жібек жолы Еуропа мен Азияны байланыстырған.
  3. Ұлы Жібек жолы Қазақстан аумағымен өтпеген.
  4. Ұлы Жібек жолы тек қана алтын мен күмісті тасымалдаған.
  5. Тараз, Сауран, Испиджаб қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан.
  6. Ұлы Жібек жолының ежелгі қалалардың өркендеуіне ықпалы болмаған.

Дескриптор 1

Сұрақтарға жауап бере алады.

Дескриптор 2

Уақытты тиімді пайдалана алады.

Кері байланыс: қолдау және мадақтау сөздері.

Саралау: оқушылардың қабілетіне қарай тапсырмалар

Қабілетті оқушыларға

«Сұрақтар жаңбыры» әдісі арқылы ақпараттың өзектілігін анықтау және пікір айту.

  • Алдыңғы оқудағы мәтін мен бүгінгі мәтіннің байланысы бар ма?
  • Мәтіннің негізгі идеясы қандай?
  • Мәтінге байланысты қандай пікір айта аласыз?
  • Бұл мәтінде өзекті мәселе бар ма?
  • Неліктен Ұлы Жібек жолы маңызды деп ойлайсыз?

Дескриптор 1

Толық жауап береді.

Дескриптор 2

Өзектілікті анықтайды.

Дескриптор 3

Өмірмен байланыстырады.

Қабілеті төмен оқушыларға

Берілген сурет бойынша сөйлем құрау.

Дескриптор

Берілген сурет бойынша сөйлем құрай алады.

Бағыттаушы кері байланыс: сұрақтарға толық жауап беріп, ақпараттың өзектілігін анықтай алдыңыздар, алайда өмірмен байланыстыратын дәлелдер аз болды.

Қорытынды дерек

Білім беру ұйымы

Үшарал қаласының №1 орта мектебі (КММ)

Мұғалім

Құрманбаева Балжан Бағдатқызы

Материал тақырыбы: «Ұлы Жібек жолы»