Мәтіннің мазмұнын айту

Әдебиеттік оқу • 3-сынып • 7-сабақ

Сабақ тақырыбы: «Ұшқан ұя»

Бекітемін

Оқу ісінің меңгерушісі

Уақыты

Көрсетілмеген

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы туралы түсінік беру, өмір жолымен таныстыру.

Тәрбиелік

Әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді құрметтеуге, жеті атасын білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Ойлау, зейін және сөздік қорды дамыту; қолдың ұсақ моторикасын жетілдіру.

Пәнаралық байланыс

  • Дүниетану
  • Қазақ тілі

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Баяндау
  • Сұрақ-жауап

Түрі және көрнекілігі

  • Сабақ түрі: дәстүрлі
  • Б. Момышұлының суреті
  • Әдет-ғұрып материалдары

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Өткен сабақты қайталау

  1. Мәтіннің мазмұнын айту.
  2. Дәлмырзаның өсиет сөзін тауып, мәнерлеп оқу.
  3. Сөздік жұмыс.
  4. Талқылау: Неліктен аманатқа қиянат жасауға болмайды?

Сергіту сәті: Саусақ гимнастикасы («Орамжапырақ»)

Ұсақ моторика

Қолдарымызбен сәйкес қимылдарды орындаймыз (әр қимыл 2 рет орындалады):

  • 1) «Біз орамжапырақты шабамыз!»

    Түзу, күштенген алақандармен балтаның қимылын келтіреміз: жоғары-төмен.

  • 2) «Біз орамжапырақ кесеміз!»

    Түзу алақанмен алға-артқа энергиялық қимыл жасаймыз.

  • 3) «Біз орамжапырақты тұздап жатырмыз!»

    Саусақтарды шымшып, тұз себу қимылын көрсетеміз.

  • 4) «Біз орамжапырақты қысамыз!»

    Саусақтарды жұдырықтап түйіп, екі қолмен бір уақытта немесе кезектесіп қысу қимылын жасаймыз.

  • 5) «Біз сәбіз тереміз!»

    Бір қолды жұдырықтап, екінші қолдың алақаны бойымен жоғары-төмен ырғақты қимыл жасаймыз. Содан соң қолды ауыстырамыз.

III. Жаңа сабақ

1) Кіріспе әңгіме

  • Б. Момышұлының өмірбаянымен таныстыру.
  • Жазушының шығармашылық еңбегі туралы қысқаша мәлімет беру.

2) Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді мұғалімнің оқып беруі және түсіндіруі.
  • Оқушыларға тізбектей оқыту.
  • Түсініксіз сөздермен жұмыс.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Мәтінде қандай әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер туралы айтылған?
  2. Сендер қандай әдет-ғұрыптарды білесіңдер?
  3. Бала Бауыржанның табиғат құбылыстарын сипаттауын әңгімеле.

Сергіту сәті: аз қимылды ойын

«Кім жылдамырақ жинайды?»

Ойын шарты мұғалім тарапынан түсіндіріледі: оқушылар берілген заттарды (немесе карточкаларды) жылдам әрі ұқыпты жинау арқылы топтық белсенділік пен жинақылықты көрсетеді.

IV. Сабақты бекіту

  1. Б. Момышұлы туралы не білдің?
  2. Бауыржанның әкесі қандай адам болған?

V. Үй тапсырмасы

  1. Б. Момышұлының фотосуреттерін жинап, альбом құрастыру.
  2. Жеті атаңды біліп келу.

VI. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, мәтінді түсініп оқуы, сұрақтарға жауап беруі және тапсырмаларды орындауы бойынша бағаланады.

Ескерту: «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша 3-сыныпқа арналған сабақ жоспарының толық нұсқасын қарастыру ұсынылады.