Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру
Сабақтың тақырыбы
Қарапайым және күрделі тіліктер.
Сабақтың мақсаты
Білімділік мақсаты
Оқушылардың тілік туралы түсінігін қалыптастырып, графикалық білімдерін толықтыру.
Дамытушылық мақсаты
Жаңа тақырып арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімін тереңдету, ойлау қабілетін дамыту және теорияны практикалық жұмысқа қолдануға икемдеу.
Тәрбиелік мақсаты
Адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекке баулу және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың ұйымдастырылуы
Сабақтың түрі
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Қолданылатын әдістер
- Көрнекілік әдіс
- Баяндау
- Салыстыру
- Талдау
Көрнекілік құралдар
- Интерактивтік тақта
- Көрнекілік бұйымдар
- Сызбалар
- Макет
- Оқулықтар
- Сызу аспаптары мен құралдары
Пән аралық байланыс
Сабақтың мазмұны
I. Ұйымдастыру бөлімі (2 минут)
- 1 Оқушылармен амандасу.
- 2 Оқушыларды түгелдеу және журналды толтыру.
- 3 Жұмыс құралдарын тексеру, кезекшіні тағайындау.
- 4 Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.
II. Жаңа тақырыпты түсіндіру (20 минут)
Негізгі ұғым
Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған заттың (тетікбөлшектің) кескіні тілік деп аталады.
Затты ойша қию тек осы тілікке қатысты болады және заттың басқа кескіндерін өзгертпейді. Тілікте қиюшы жазықтықтың өзіндегі (қима фигурасы) және оның ар жағында орналасқан элементтер кескінделіп көрсетіледі.
Егер заттың құрылымын түсіну үшін қиюшы жазықтықтың ар жағындағы элементтердің барлығын көрсету қажет болмаса, оларды көрсетпеуге болады.
Штрихтау ережесі
Заттың (тетікбөлшектің) қиюшы жазықтықта жатқан бөлігі (қимасы) тілікте шартты түрде штрихталып көрсетіледі. Материалдардың графикалық белгіленуі МЕСТ 2.306–68 стандарты бойынша алынады.
Қиюшы жазықтықты белгілеу
Қиюшы жазықтықтың орны сызбада қима сызығымен белгіленіп, жуан үзік сызықпен көрсетіледі. Қиюшы жазықтықтар өзара қиылысқан жерлері де жуан үзік сызықпен беріледі.
Нұсқалар мен әріптік белгілеу
Нұсқалар қима сызығының сыртқы шетінен 2–3 мм қашықтықта орналасуы тиіс.
Қима сызығының басы мен соңына (қажет болса, бұрылу белгілеріне де) орыс алфавитінің бас әріптерінің біреуі қайталанып жазылады. Әріптер нұсқалардың жанында және бұрылу белгісінің сыртқы бұрышы жағынан орналастырылады.
Тіліктің үстіңгі жағына әріптер сызықша арқылы жазылып, төменгі жағынан жіңішке сызық сызады.
Мысалы: A–A
Тіліктердің жіктелуі
Қиюшы жазықтықтардың санына қарай тіліктер екі топқа бөлінеді.