Сабырлылық пен ұстамдылық

Сабақ жоспары: Сабырлылық пен ұстамдылық

Бұл жоспар «Өзін-өзі тану» сабағында сабырлылық пен ұстамдылық ұғымдарын түсіндіру арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашуға бағытталған.

Құндылықтар мен қасиеттер

Құндылық

Ішкі тыныштық

Қасиеттер

  • Төзімділік
  • Ізгілік
  • Өз сезімдерін басқара білу

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Сабақ мақсаты

Оқушыларға сабырлылық пен ұстамдылықты ұғындыру арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері

  1. Оқушыларға төзімділік, ұстамдылық және мінез-құлық мәдениеті туралы түсінік беру.
  2. Оқушылардың ізгі қарым-қатынас жасай білу қабілеттерін дамыту.
  3. Оқушыларды өз сезімдері мен көңіл күйлерін басқара білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау, тыныштық пен зейінге бағыттау.

Тыныштық сәті

Тақырыбы: «Орманға саяхат»

Көзімізді жұмып, терең дем аламыз. Әр демімізбен өзімізді еркін әрі тыныш сезінеміз. Қазір біз орманға демалуға барамыз.

Елестетіңіз: «Өзін-өзі тану» кабинетінен шығып, дәлізден өттіңіз де, далаға бет алдыңыз. Таза ауаны сеземіз. Жылы самал мен күннің нұры бетімізді аялай сипап, шашымызды тербетеді.

Біз ақырын орманға қарай жүреміз. Абай болайық: жердегі жәндіктерді басып кетпейік. Бір сәтке тоқтап, айналамыздағы әсемдікке назар аударайық.

Құлпырып өскен гүлдердің хош иісі аңқиды. Әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, сапарымызды жалғастырамыз.

Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені мен шөптердің сыбдыры жан дүниемізді тербейді. Айналамызда түрлі ағаштар өсіп тұр.

Сол ағаштардың ішінен бір қайыңды таңдаңыз.

Тақырыппен байланыс: таңдаған бейнеңізді ойда ұстай отырып, сабырлылық пен ұстамдылықтың адамға әкелетін ішкі тыныштығын сезінуге тырысыңыз.