Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары

Атырау қаласы · Жаңаталап селосы · Жамбыл атындағы орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Умарова Айнур Камиевна

Шара атауы

«Тіл – таусылмас қазына»

Тәрбиелік-интеллектуалдық сайыс

Мақсаты

Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген сыныпты (топты) анықтау және оқушылардың тілдік-танымдық белсенділігін арттыру.

Қатысушылар

Үш сыныптан құрылған 3 топ. Әр топта 5 оқушы.

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтатын тіл жанашырлары! 22 қыркүйек — Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл — барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

Ана тілі — әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры. Біздің ана тіліміз — қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл.

Өлең жолдары

Қайта туды қазағымның ай-күні,

Күннен-күнге асар ма екен айбыны?

Жетпіс жылда өтті талай кешуден,

Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.

Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не басқаның өлшемінің.

Қазақ деген жалғыз ұлт — мен боламын,

Енді міне жетеді көпке үнім.

Ендеше, Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Тіл – таусылмас қазына» атты интеллектуалдық сайысымызды бастаймыз.

Сайыс құрылымы: 7 кезең

Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Әр кезең оқушылардың тілдік қоры, логикасы, сөйлеу мәдениеті мен тапқырлығын ашуға бағытталған.

1-кезең. «Зымыран сұрақтар»

Қойылған сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беру қажет.

2-кезең. «Бәйге»

Мақал-мәтелдің бір бөлігі айтылады, екінші бөлігін жалғастыру керек.

3-кезең. «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын»

Берілген жаңылтпаштарды мүдірмей, анық айтып шығу.

4-кезең. «Полиглот»

Жұмбақтың жауабын үш тілде айту.

5-кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер»

Салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға толық әрі мазмұнды жауап беру.

6-кезең. «Ғалымдар»

Берілген сөз туралы мәлімет ұсыну және постер қорғау.

7-кезең. «Тапқырлық»

Заттардың атауы беріледі. Оқушылар жансыз заттың орнына өзін қойып, оны сөйлетіп, қысқа көрініс құрастырады.

Көркем сөз және көрініс

Мәнерлеп оқу

  • 1 Оразақын Асқар — «Ана тілі» (мәнерлеп оқу).

Көрініс

  • 2 Мұқағали Мақатаев — «Үш бақытым» (көрініс).
  • 9A «Қадірле, ана тіліңді» — орындаушылар: 9 «А» сынып оқушылары.

1-кезең: «Зымыран сұрақтар»

Әр топқа сұрақтар қойылады. Мақсат — жылдам жауап беру.

1-топ

  1. А. Байтұрсынов кім?
  2. Қазақ тілінде неше септік бар?
  3. Атырау облысының әкімінің толық аты-жөні кім?
  4. «Шаһар» сөзінің синонимі қандай?
  5. «Жүз жасаған ақын» кім?
  6. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
  7. М. Әуезов кім? Роман-эпопеясын ата.
  8. «Ақылды» сөзінің түбірі қандай?

2-топ

  1. Тұрлаусыз мүшелерді ата.
  2. Құлагер кімнің аты?
  3. Абайдың қанша қарасөзі бар?
  4. Ата Заң күні қашан?
  5. Қазақтың тұңғыш әліпбиін жасаған кім?
  6. Жалғаудың неше түрі бар?
  7. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?
  8. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?

3-топ

  1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
  2. «Көксерек» әңгімесін кім жазған?
  3. Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан?
  4. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
  5. Білім және ғылым министрі кім?
  6. Қазақстан жерінен өткен жол (тарихи/мәдени бағыт) қалай аталады?
  7. «Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім?
  8. Әнұранның авторларын ата.

2-кезең: «Бәйге»

Мақалдың бір бөлігі беріледі, екінші бөлігін дұрыс жалғастыру қажет.

1-топ

  • 1) Тіл тас жарады, тас жармаса — бас жарады.
  • 2) Бал тамған тілден — у тамған.
  • 3) Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты — сөз бұзар.
  • 4) Жақсы сөз — жарым ырыс.
  • 5) Қаһарлы сөз — қамал бұзар.
  • 6) Шебердің қолы ортақ, шешеннің — тілі ортақ.
  • 7) Жақсы байқап сөйлер, жаман — шайқап сөйлер.

2-топ

  • 8) Бас кеспек болса да — тіл кеспек жоқ.
  • 9) Дәлелсіз сөз — желмен тең.
  • 10) Тіл қылыштан — өткір.
  • 11) Піл көтермегенді — тіл көтереді.
  • 12) Тілден артық — қазына жоқ.
  • 13) Ана сүті бой өсіреді, ана тілі — ой өсіреді.
  • 14) Жыланның уы тісінде, адамның уы — тілінде.