Жүк тасымалдаушы көлігі
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, бәріміз дөңгеленіп тұрып, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.
Шаттық шеңбері
Қол ұстасып тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Жаңа шыққан бұл күнге
Иіліп сәлем қылайық.
Енді бәріміз орнымызға отырайық.
Өлең (М. Әлімбаев)
Үлкенмін ғой, міне, мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
Сұрақтар
- Мен не туралы өлең оқыдым?
- Кімге қандай ойыншық ұнайды?
- Бек, сенде қандай ойыншық бар?
Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі
Бүгін біз «көлік» сөзі төңірегінде әңгіме жүргіземіз: сұрақтарға жауап береміз, жұмбақтар шешеміз, суреттер бойынша ой бөлісеміз.
Талқылау сұрақтары
- Көлік дегеніміз не? Ол адамға не үшін қажет?
- Балабақшаға қандай көлікпен келесіңдер?
Көлік түрлері
- Жерде жүретін көліктер
- Ауада ұшатын көліктер
- Суда жүзетін көліктер
- Жер асты көліктері
Жер көліктері де екіге бөлінеді: жүк тасымалдаушы және жолаушы тасымалдаушы.
Сабақ форматы
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде біз саяхатқа шығамыз: әр аялдамада көліктің бір түрімен танысамыз.
Саяхат аялдамалары
1-аялдама: Жүк тасымалдаушы көлік
Жер көлігіСлайд арқылы суреттер көрсетіледі. Бұл — жүк тасымалдаушы көлік. Ол әртүрлі жүктерді тасымалдайды.
Сұрақ
Ол нені тасуы мүмкін?
Байланыс
Бұрынғы сабақта үй жануарларына қамқорлық туралы айттық. Үй жануарлары жем, шөп жейді.
Тапсырма
Бүгін жүк көлігіне үй жануарларына арнап шөп тиеп жіберейік.
Жүк көлігі гүр-гүр-гүр деп дыбыс шығарады. Қане, бәріміз қайталайық: гүр-гүр-гүр.
2-аялдама: Автобус
Жолаушы көлігіЖұмбақ
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр.
Талқылау
- Бұл қандай көлік?
- Автобуспен қайда баруға болады?
- Автобус қайда тоқтайды?
Мәдениет және тәртіп
- Үлкендерге орын беру.
- Билет алу.
- Көлікте қатты сөйлемеу, жыламау, орынсыз күлмеу, тамақ жемеу.
Шағын шумақ
Автобус алға зулайды,
Бағыттан еш аумайды.
Зыр айналар дөңгелек —
Көлік бізге ең керек.
Қауіпсіздік ережесі
Автобустан түскенде артқы жағынан өту қажет.
3-аялдама: Пойыз
Рельсті көлікЖұмбақ
Тізбектелген көк үйлер,
Көшіп жүрген көп үйлер.
Білеміз бе?
Бұл — пойыз. Пойыз вокзалға тоқтайды.
Пойызбен үлкен қалаларға, алыс жерлерге баруға болады.
Санау тапсырмасы
Тепловозға қарашы, түтіні көк бүркіген. Жалғыз өзі, санашы — неше вагон тіркелген?
Сергіту сәті: «Көлік»
Балалар сапқа тізбектеліп тұрады және қимыл-қозғалыспен орындайды:
Автобус кетіп барады, жан-жағына қарады.
Бағдаршамда қызыл жанғанда, пойыз тоқтап қалады.
Көлік кетіп барады, жан-жағына қарады.
Бағдаршамда қызыл жанғанда, көлік тоқтап қалады.
Жарайсыңдар! Енді орнымызға отырайық.
4-аялдама: Жеңіл көлік
Қала ішіндегі көлікБұл — жеңіл көлік. Ол жолда жүреді: вын-вын-вын, бип-бип-бип.
Су көлігі
Кеме суда жүзеді және адамдарды тасиды.
Әуе көлігі
Ұшақ әуеде ұшады және адамдарды тасиды: гу-гу-гу.
Рефлексия-түзету кезеңі
Ойын: «Мәшинелер»
- Балалар алаңқайдың бір шетінде тұрады — олар «мәшинелер».
- Тәрбиеші қарсы бетте тұрады.
- Тәрбиеші жасыл жалаушаны көтергенде, балалар ортаға шығып, мәшине болып дыбыстап айналып жүреді.
- Сары жалаушада — «гаражға» қайтады (орындарына барады).
- Қызыл жалаушада — қимылдамай, орындарында тұрып қалады.
Жақсы тілек: «Жолың болсын!»
Балалар, үйде ата-аналарың немесе туыстарың алыс жолға шықса, бір-біріне қандай тілек айтады? «Жолың болсын!» дейді.
Атам шықса сапарға,
«Жолың болсын!» — дейді апам.
Апам шықса сапарға,
«Жолың болсын!» — дейді атам.
«Жолың болсын!» — дейді олар
Үлкенге де, кішіге.
«Жолың болсын!» — дейді олар
Ұшырасқан кісіге.
Осы сөзден байқадым
Қуат барын, күш барын.
«Жолың болсын!» — айтамын,
Алыс жолға шықса кім.
Сау болыңыздар! Жолдарыңыз болсын!
Қорытынды