Наурыз - көктем мерекесі

Тақырыбы: Жыл басы — Наурыз

Мақсаты

Оқушыларға қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін, ұлттық ойындарын дәріптеу, мерекелік рухты күшейту.

Жүргізуші сөзі

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Келе жатқан Наурыз мерекесі құтты болсын!

Наурыз туралы

Көктем мен жаңа күн мерекесі — Наурызды кеңінен атап өту дәстүрі бүгінде қайта жаңғырды. Игіліктің, жаңарудың, жақсылықтың бастауы саналатын бұл халықтық мерекеге қазір айрықша мән беріліп келеді.

Наурыз — көктем мерекесі. Наурыз — жыл басы. Наурыз — жаңа серпін, жаңа леп. Наурыз — еңбектің, берекенің, бақыт пен шаттықтың мерекесі.

Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.

«Наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл — ата-бабаларымыз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

Мерекелік көріністер мен өнер

Би өнері

Ұшады аққу көлден қазыменен,
Жүреді көл жағалап жазыменен.
Жарасар ойын-күлкі, ән менен би,
Ойыңды баурайтұғын назыменен.

Ортаға «Салтанат» би тобының қыздары шақырылады — қазақ биі.

2 «А» сынып биші қыздары мен ұлдарының орындауындағы би нөмірі ұсынылады.

4-сыныптың биші қыздары — қазақ биі.

6-сыныптың «Ерке қыздар» тобы — қазақ биі.

Ән мен сахналық қойылым

Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,
Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.
Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше,
Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың.

Наурыз мерекесіне арналған құттықтау сөз директормызға беріледі.

Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып,
Қыс барады қиылып, жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

«Жас тілші» үйірмесінің «Наурыз тойы» атты әдеби-музыкалық қойылымы (жетекшісі: Құлекешова Айымгүл Базарбайқызы).

5-сынып оқушысы Мүземелұлы Райымбек — мерекелік ән.

3-сынып оқушылары — сахналық көрініс: «Алдар көсе мен шайтандар».

Ұлттық ойындар

Наурыз тойында жұртшылық ұлттық ойындар ойнап, білек күші мен жүрек күшін, ептілік пен шапшаңдықты сынаған. Бүгін біз де оқушылардың өнері мен қайратын ұлттық ойындар арқылы тамашалаймыз.

Теңге алу

1–2-сыныптың жігіттері ептілігін көрсетеді.

Асық ойыны

Ұлттық ойын арқылы мергендік пен шапшаңдық сыналады.

Арқан тартыс

5–6-сынып жігіттері ортаға шақырылады.

Білектесу

Бұл ойын күш сынасу үшін ойналады: екі ойыншы үстелдің екі шетіне қарама-қарсы отырып, оң қолдарының шынтағын үстелге тірейді. Қолдарын айқастыра мықтап ұстайды, сол қолдарын өз қолтығына қысып ұстайды. Келесі кезеңге 3–4-сыныптың жігіттері шақырылады.

Наурыздың мәні және Наурыз көже

Қазақ халқының аса қадір тұтатын мерекесі — Наурыз. 22 наурызда күн мен түн теңеліп, жаңа жылдың алғашқы күні «Ұлыстың ұлы күні» деп аталады.

Бұл күні халық жақсы киімдерін киіп, үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Ән айтылып, би биленіп, ұлттық ойындар ойналады.

Наурыз көже

Наурыз көже — мерекеге тән көпшілікке арналған тағам. Ол жеті түрлі дәмнен жасалады: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс секілді тағамдар қосылып, қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелермен толықтырылады. Келген қонаққа ақ ниетпен ұсынылады.

Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор: ол жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулық пен бірлікке үндейді.

Осы дәстүрді жалғастырып, ұлттық тағамымыз — Наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.

Қорытынды

Міне, Наурыз тойына арналған шарамыз да мәресіне жетті. Баршаңызға тағы да Наурыз мерекесі құтты болсын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Бақ берсін, Қыдыр дарысын!
Ұлыстың ұлы күні сіздерге және отбасыларыңызға құт-береке, мол бақыт әкелсін!

Сау болыңыздар! Рахмет!