Лексика шыңы

Сабақ жоспары (5-сынып, қазақ тілі)

Сабақтың тақырыбы

Жылдық қайталау.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: фонетика, лексика, сөзжасам бойынша алған білімдерін еске түсіру, қайталау арқылы бекіту; білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру; тілге құрмет сезіміне тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: тапқырлық, ұтқырлық, логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру; талдау дағдыларын арттыру; сөз байлығын молайту.

Сабақтың сипаты

Сабақтың түрі
Қайталау, білімді бекіту сабағы.
Сабақтың типі
Сайыс сабағы; шығармашылық ойды дамыту сабағы.
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі; талдау, салыстыру, жинақтау, сайыстыру; деңгейлік тапсырмалар; тест.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, слайдтар, таратпа материалдар.

Сабақтың эпиграфы

Құдіретті жасай бер, ана тілім,

Өзің барда ғажап-ақ ғалам күллі.

Шабыт құйып, сән беріп сендік қуат,

Жол көрсетіп, әрлейді әрбір күнді.

Негізгі идея

Бүгінгі сабақ жылы лебізден, бойға қуат беретін сөздерден басталады. «Додаға түсіп жарыспай, жүйріктің бағы жанар ма» дегендей, білім бәйгесіндегі жүйріктіктеріңді сынайтын уақыт келді. Бұл сабақ — қазақ тілі пәнінен бір жыл бойы алған білімдеріңді қорытындылайтын сайыс сабағы.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  1. а) Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
  2. ә) Психологиялық әзірлік:

    Мейірімді жүрекпен,

    Ақпейілді тілекпен,

    Амандасып алайық,

    Бір жадырап қалайық!

  3. б) Қызығушылықты ояту: эпиграфты слайдтан оқыту және сабақ мақсатын айқындау.

Сайыс форматы

«Білім шыңы» сайысы 3 топ арасында өтеді. Әр бөлімнің қорытындысы бойынша оқушыларға және топтарға фишкалар беріліп отырады.

Топтар

  • 1-қатар: «Фонетика» тобы
  • 2-қатар: «Лексика» тобы
  • 3-қатар: «Сөзжасам» тобы

Бөлімдер

  1. 1 Зымыран сұрақтар
  2. 2 Фонетика шыңы
  3. 3 Лексика шыңы
  4. 4 Сөзжасам шыңы
  5. 5 Жас лингвист шыңы

1-бөлім: «Зымыран сұрақтар»

Бұл бөлімде сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беру арқылы әр топ өз ұпайын жинайды.

Лексика бойынша сұрақтар

  1. Лексика нені зерттейді?
  2. Көп мағыналы сөз дегеніміз не?
  3. Омоним дегеніміз не?
  4. Синоним дегеніміз не?
  5. Антоним дегеніміз не?
  6. «Эвфемизм» сөзінің шығу төркіні қандай?
  7. Идиомалық тіркес дегенді қалай түсінесің?
  8. Табу дегеніміз не?
  9. Кірме сөз дегеніміз не?
  10. Тұрақты тіркес дегеніміз не?
  11. Дисфемизмге қарама-қарсы құбылыс қандай?
  12. Калифорния академиясының А. Эйнштейн атындағы алтын медаль иегері, Халықаралық «Шахрияр» сыйлығының иегері, Түрік Республикасының «Түркі дүниесіне қызмет» сыйлығының иегері ақын кім?

Фонетика бойынша сұрақтар

  1. Фонетика нені зерттейді?
  2. Екпін түрлері нешеу?
  3. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді табыңдар.
  4. Өз құрамында үш буын, жеті әріп бар. Жалпы қарауындағы әріптері құрамындағыдан алты есе көп. Ол не?

Ескерту

Қалған бөлімдер («Фонетика шыңы», «Лексика шыңы», «Сөзжасам шыңы», «Жас лингвист шыңы») осы құрылыммен жалғасады.