Соғыстың соңғы көктемі
Мұқағали Мақатаев
Жасылмен бояп қойған ба?!
Жап - жасыл таудың бөктері
Қырлар да, мынау ойлар да,
Жап - жасыл болып көктеді.
Соғыстың соңғы көктемі.
Көп болды, жасыл тауларға,
Жап - жасыл бұлттар шөккелі.
Әкелді шуақ бар маңға,
Соғыстьң соңғы көктемі.
Соғыстың соңғы көктемі,
Көп болды нұрын төккелі.
Жап - жасыл анау аспан да,
Аспан да, сірә, көктеді.
Бойына таудың асылып,
Шұғыла тұрды, көк меңі.
Қызғанып, гүлін жасырып,
Қылтанақтар да көктеді.
Соғыстың соңғы көктемі.
Жап - жасыл шыбық, тал - дағы,
Орманның жасыл шекпені.
Қуанта, бірақ, алмады,
Сонау бір үйді шеттегі,
Соғыстың соңғы көктемі...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Халықаралық медиа нарықтағы ақпараттық биліктің рөлі
Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында
9 мамыр
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс. Дүниежүзiн қайта бөлiске салу
Ана - сарқылмайтын күш
Тұрғындар статистикасы
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ұлы Морав мемлекеті
ТҮРКИЯНЫҢ ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ САЯСИ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ
Таяу Шығыстағы қақтығыстарды шешу перспективалары
Соғыстың басталуы
ЖАПОНИЯМЕН СОҒЫС. ЕКІНШІ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ АЯҚТАЛУЫ
Соғыстың басталуы және сипаты
Қазақ хандығының соңғы ханы
Қытай өзінің экономикалық, демографиялық және әскери мүмкіндіктерінің арқасында соңғы кездері Орталық Азиядағы жаңа үлкен ойынның белсенді қатысушысы болып отыр
Соңғы уақытта Радловтың шығарм
Соңғы қоңырау мерекесі
Бәлкім Жер жайында жасаған болжамы оның бар ғұмырындағы соңғы болжамы шығар
Соғыстың алғышарттары
Соңғы қоңырау