Тотамадағы сабақ тақырыптары
Тақырыптар
6-сынып математика пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары.
1) Геометриялық шамалар
- Шеңбердің ұзындығы
- Дөңгелектің ауданы
- Шар
- Сфера
2) Масштаб
Масштаб ұғымын қолдану арқылы өлшемдерді салыстыру және есептерді модельдеу.
Пән мұғалімі
Мухаметғалий Амангүл — математика пәні мұғалімі.
Мақсаты
Оқушылар шеңбердің ұзындығын, дөңгелектің ауданын, шар мен сфера ұғымдарын салыстыра отырып меңгереді және сыни ойлау дағдыларын дамытады.
Міндеттері
- Бастапқы ұғымдарды түсіну
- Формулаларды талдау
- Шеңбер, дөңгелек, шар және сфера ұғымдарын ажырата білу
Қолданылған модульдер
Жаңа тәсілдер
Оқыту мен оқытудағы жаңа технологиялар.
Сыни ойлау
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
АКТ
Оқытуда АКТ-ны қолдану.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.
Көшбасшылық
Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Жас ерекшелігі
Жас ерекшелігіне сай оқыту.
Стратегиялар
Сабақ барысы (мұғалімнің іс-әрекеті)
«Реттілікті сақта»
Оқушылар екі қатарға тұрады. Реттілік екі тәсілмен ұйымдастырылады:
- Есімдерінің бірінші әрпі бойынша.
- Туған күндері бойынша (күнтізбелік реттілікпен).
Қолданылатын көрнекіліктер
Тақырыпты түсіндіру және ұғымдарды нақтылау үшін күнделікті өмірден алынған заттар ұсынылады:
Сақина
Шелпек
Доп
Шар