Үстірт жануарлары тарауын қайталау
Мақсаты мен міндеттері
Бұл сабақтың негізгі мақсаты — оқушылардың «Үстірт жануарлары» тарауы бойынша өткен тақырыптарын жүйелеп, тереңдету және қосымша мәліметтер арқылы білім көкжиегін кеңейту.
Дамытушылық
Қызығушылықты арттыру, ой-өрісті кеңейту, байқампаздық пен логикалық ойлауды дамыту, білімділік және іскерлік дағдыларды қалыптастыру.
Білімділік
Түрлі әдістер арқылы тарауды қайталау, қорытындылау, негізгі деректерді бекіту және пәндік білімді толықтыру.
Тәрбиелік
Жануарларды қорғауға, туған өлке табиғатына сүйіспеншілікті күшейтуге және ізгі қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ету.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Бастау- Сынып тазалығын бақылау.
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа дайындығын тексеру.
II. Қайталау кезеңі
Кезеңдер«Үстірт жануарлары» тарауын қайталау бірнеше кезеңнен тұрады. Әр кезеңде оқушылардың жауабы бағалау парағы арқылы белгіленеді.
I. «Ол не?»
Тақтада әртүрлі жануарлардың суреттері беріледі. Оқушылар жануарларды танып, атын атайды.
II. «Білімді мыңды жығар»
Оқушыларға тарау бойынша сұрақтар қойылады. Мақсат — деректерді дәл айтып, түсінігін көрсету.
- Үстірт қорығы аумағында сүтқоректілер саны қанша?
- Құстардың неше түрі кездеседі?
- Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар түрлерін атаңыз.
- Сілеусінге өте ұқсас, құлақтарының ұшында қара шашағы бар жануар қайсы?
- Ұзындығы шамамен 160 см; денесінің үстіңгі жағында бойлай созылған төрт қарасұр жолақ не қара дақтары бар жануарды сипаттаңыз.
- Ovis vignei arkal латын тілінен аударғанда нені білдіреді?
- Киіктің шамамен өмір сүру ұзақтығы қанша?
- Қабылан қай класқа және қай тұқымдасқа жатады?
- Қарақұйрықтың дене тұрқы қандай?
- Доңыз торайларының салмағы қандай?
- Қасқырдың иіс сезуі туралы не білесіз?
- Түлкінің құйрығының ұзындығы шамамен қанша?
III. Суретпен жұмыс
Берілген иллюстрациялар бойынша жануарды анықтау, сыртқы белгілерін сипаттау және мекен ету ортасын айту.
IV. «Тапқыр болсаң, тауып көр»
1 тапсырма: логикалық ойлау мен жылдамдықты талап ететін қысқа тапсырма.
V. Сызықтық диктант
«+» — дұрыс, «−» — қате. Оқушылар әр тұжырымға сәйкес белгі қояды.
- Үстірт арқары денесі ірі, тұрқы 140–160 см.
- Қарақұйрық (Gazella subgutturosa) — сүтқоректілер класының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аң.
- Ақбөкеннің дене тұрқы 30–45 см.
- Құлан — тақтұяқтылар отрядына жататын жабайы жылқы.
- Қарақал арқар мен киікті қорек етеді.
- Төртжолақты қарашұбар жылан тек 1 ғана жұмыртқа салады.
- Үстірт арқарының құлжаларының кішкене мүйізі болады.
- Қабылан — ірі жыртқыштардың бірі.
- Қарсақ жылына 2 рет түлейді.
- Түлкі 300-ден аса жануар түрін қорек етеді.
- Қарсақ Қазақстанның барлық аймағында таралмаған.
- Доңыз жануарлармен қоректенбейді.
VI. «Полиглот — тіл өнері»
Оқушыларға жануарлар туралы жұмбақтар айтылады. Мақсат — тілдік қорды байыту және тез ойлауды дамыту.
VII. «Қызықты әңгіме»
Әр оқушы үй тапсырмасы ретінде дайындаған ерекше дерек, қызықты оқиға немесе аңыз-әңгімесін сыныпта баяндайды.
III. Қорытындылау
ФиналҮй тапсырмасы
- «Үстірт жануарлары» тарауын қайталау.
- Үстіртте мекендейтін жануарлар туралы мәнжазба жазу.
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, тапсырмаларды орындауы және дұрыс жауаптарының саны ескеріле отырып баға қойылады.
Нәтиже
Сабақ құрылымы ойын элементтері, суретпен жұмыс, сұрақ-жауап және тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың білімін жүйелеуге, пәнге қызығушылығын арттыруға және табиғатты қорғау құндылықтарын бекітуге бағытталған.